Наурызғалиева Күләш Ахранқызы 1965 жылы 4 сәуірде Жәнібек ауданының Тау ауылында туған.
1991 жылы Орал педагогикалық институты филология факультетін,
2005 жылы БҚМУ – нің тарих факультетін бітірген.
Алғашқы еңбек жолы 1982 – 1987 жж. аға пионер вожатый болып бастаған. Одан әрі қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімі, тәрбие жұмысының меңгерушісі, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарып, 2009 жылдан мектеп директоры болып қызмет жасады.
Күләш Ахранқызы 1996, 2000 жылдардың “Жыл мұғалімі” байқауының, Ғұмар Қараштың туғанына 125 жыл толуына арналған ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Оның “Жыр шашу”, “Азаттық жолында”, “Тәуелсіздік шежіресі” т.б. өлеңдері Шұғыла, Қазақстан мектебі, Жайық ұстазы басылымдары беттерінде жарияланды.
Әдебиеттер:
Наурызғалиева К. Арнау: өлең Ұлы Отан соғысына 65 жыл толуына арналған // Шұғыла. – 2010. – 6 шілде. – Б.6.
Наурызғалиева К. Жыр шашу: өлеңдер: ақын Ғ. Қараштың- 125 жылдығына // Шұғыла. – 2000. – 30 қыркүйек. – Б.4.