Ерденбек Ниетқалиев 1914 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылында дүниеге келген. 1936 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітірген. 1939 жылдан бастап Кеңес Армиясының қатарында, 1940 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіргеннен кейін, Ұлы Отан соғысына қатысады.

Ұлы Отан соғысының майдандарында көрсеткен ерлігі үшін Ерденбек Ниетқалиевтің омырауына бір жауынгерлік «Қызыл Ту» ордені, екі «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Ерлігі үшін» медаль тағылды.

1945 жылы 31 қаңтарда полк қоршауда қалған жау әрекетіне тойтарыс беруге жауынгерлік тапсырма алды. Ратценбург (Германия) қаласының оңтүстігінде қорғаныс шебін құрған полк екі СС дивизиясымен үлкен ұрыс бастады. Ерденбек Ниетқалиевтің эскадроны алдына дұшпанды Ратценбург тас жолына беттетпеу міндеті қойылды.

Көп артиллерия, миномет, өздігінен жүретін зеңбіректермен күшейтілген жау әскерлері екі тәулік бойына Ерденбек Ниетқалиевтің эскадронына шабуыл жасаумен болды. Бірақ Ерденбек Ниетқалиев басқарған эскадрон жаудың барлық атакаларын тойтарды. Ұрыс алаңында немістің екі жүз солдаты мен офицері жер құшты.

Күшін жиған жау жаңадан шабуылға шықты. Бұл жолы ол қатары сиреген эскадронды қоршамақ болды. Ұрыс қайта басталды. Эскадрон әлсіреді, оның командирі жараланды. Бірақ Ерденбек Ниетқалиев жауынгерлер шебін тастамады, ұрысты басқара берді. Эскадронда он шақты ғана адам қалды. Ерденбек Ниетқалиевтің өзі пулемет тұтқасын ұстап, жау шебіне оқты қардай боратты. Ол екінші рет жараланды.

Бұл ұрыста эскадрон жауынгерлері жаудың төрт жүздей солдаты мен офицерін өлтірді, үш ауыр зеңбірегін, алты пулеметін, сексен солдаты мен офицерін қолға түсірді.
Ерденбек Ниетқалиев 1945 жылы 2 ақпанда қаза болды. Ратценбург (Германия) қаласында жерленген. Оған қайтыс болғаннан кейін, 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ленин, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Жамбыл (Тараз) қаласындағы оның отбасы тұрған көшеге Кеңес Одағының Батыры Ерденбек Ниетқалиевтің есімі берілген.

Әдебиеттер тiзiмi

1965 жыл
1.Батыр жерлесіміз: Кеңес Одағының Батыры Е. Ниетқалиев туралы // Орал өңірінің Батырлары.-Орал,1965.-39-40 б.

1969 жыл
2.Ниетқалиев Ерденбек: өмірдерек // Совет Одағының қазақстандық Батырлары.-Алматы: Қазақстан, 1969.-Т.1.-103-104 б.

1979 жыл
3.Ұлтанбаев Р. Жауынгер жолы / Естен кетпес ерлік.-Алматы: Қазақстан, 1979.-77-79 б.

1985 жыл
4.Жүсіпқалиев Ж. Ерденбектің ерлігі ел есінде // Орал өңірі.-1985.-6 сәуір.
5.Ұлтанбаев Р. Ер атанған Ерденбек // Жұлдыз.-1985.-№5.-158-163 б.
6.Ұлтанбаев Р. Ердің ері еді // Еңбек туы.-1985.-26 сәуір.
7.Ұлы ерлік мәңгі ұмытылмайды: [Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай Калинин ауылында Е. Ниетқалиевтің обелискісіне мрамор плита орнатылды] // Октябрь туы.-1985.-11 май.-1 б.

1995 жыл
8.Қадіров Б. Ел санасынан өшпейді: [Батыр есімдерін халық жадында мәңгі есте сақтау мақсатында Е. Ниетқалиев пен Х. Халиуллин есімімен туған жерлеріндегі орта мектептер аталып, ескерткіштер қойылғандығы туралы] // Октябрь туы.-1995.-25 ақпан.-2 б.
9.Нұрманов Н. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран: [М. Маметова, Е. Ниетқалиев, Х. Халиуллин сынды батырларымыздың ерліктері жастарға үлгі өнеге екендігі көріністер мен монолог оқу арқылы жеткізілді] // Октябрь туы.-1995.-13 мамыр.-1-4 б.

2004 жыл
10.Ер атанған Ерденбек: [Кеңес Одағының Батыры Ерденбек Ниетқалиев туралы] // Жайық үні.-2004.-7 қазан.
11.Орынғалиұлы А. Шоқтығы биік мерекелер шоғыры: [9 мамыр Жеңіс күніне орай алаңда шара оздырылып жерлес батырлар М. Маметова, Е. Ниетқалиев, Н. Чуриковтің ерліктері театрлық қойылымдармен көрсетілді] // Шұғыла.-2004.-13 мамыр.-1-2 б.

2005 жыл
12.Еренова Ү. Батырға арналған апталық: [Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай Е. Ниеткалиев атындағы мектепте мәдени шаралар оздырылып Батыр Ерденбектің ерлігі дәріптелді] // Шұғыла.-2005.-11 наурыз.-2 б.
13.Жамансариева С. Ерлікті дәріптеді: [Қамысты ауылында жерлес Батыр Е. Ниеткалиевтің ерлігі көріністерде бейнеленді] // Шұғыла.-2005.- 18 ақпан.-3 б.
14.Құсайынов А. Аудан соғыс жылдарында: Жерлес батырлар Е. Ниетқалиев пен Н. Чуриков туралы // Шұғыла.-2005.-29 сәуір.-2 б.
15.Құсайынов А. Есімдері де ерліктері де ешқашан ұмытылмайды: [Ауданда өткізілген Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерекесіне орай, жерлес батыр Е. Ниетқалиевтің және майдангер Ш. Мажитовтың тума-туыстары келіп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды] // Шұғыла.-2005.- 13 мамыр.-1-2 б.
16.Ниетқалиев Ерденбек: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы, 2005.-31 б.
17.Орынғалиұлы А. Батыр атындағы байрақты басеке: [Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Е. Ниетқалиевке арналып, аудандық жас спортшылар арасында волейболдан дәстүрлі турнир өткізілді] // Шұғыла.-2005.-18 ақпан.-1 б.

2006 жыл
18.Құсайынов А. Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран: [Аудандық орталық алаңда Кеңес Одағының батырлары Е. Ниетқалиев, Н.Чуриков ерліктері дәріптелді] // Шұғыла.-2006.-12 мамыр.-2 б.

2010 жыл
19.Ниетқалиев Ерденбек: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-363 б.
20.Ниетқалиев Ерденбек: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-179 б.

2013 жыл
21.Батырханов А. Жаһандық соғыс жылдары: [Кеңес Одағының Батырлары Е. Ниеткалиев, Н. Чуриков және Х. Халиуллин, Н. Байсейітова, Ш. Мәжитов сынды жерлес майдангерлердің ерлік жолдары туралы] // Шұғыла.-2013.-25 қаңтар.-5,8 б.
22.Ғиззатова Р. Ел мақтанышы – Ерденбек: [Батыр Е. Ниетқалиевтің ерлігін дәріптеуде өткізілген шара] // Шұғыла.-2013.-15 наурыз.-5 б.

2014 жыл
23.Ғұмаров М. Ел мақтанышы – Ерденбек: Жерлес Кеңес Одағының Батыры Е. Ниетқалиев туралы // Шұғыла.-2014.-30 мамыр.-4 б.