2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, взвод командирі Николай Степанович Чуриков 1910 жылы 23 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жұмат ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленген. Соғысқа дейін Николай Степанович Чуриков Осоавиахимнің Орал қалалық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
1941 жылдың шілдесінде өз еркімен майданға аттанады. Орудия көздеушісі Николай Степанович Чуриков Сталинград түбіндегі қиян-кескі шайқасқа қатысады, мұнда ол көптеген жаудың 79 әскерін, атыс орындарын жояды. Осы ұрыстарда ауыр жараланып, госпитальда болды. Кейін офицерлік курсты бітіріп, қайта майданға аттанады. 1944 жылдың 27 маусымында 2-Беларусь майданы 49-армия 95-атқыштар дивизиясы құрамындағы Николай Степанович Чуриковтың взводына Днепрден өтіп, кейін шегінген жауды талқандау үшін өткелді бұзу тапсырылады. Қараңғылықты жамылған взвод батыс жағалауға өтіп, күтпеген жерден жауға оқ жаудырды. Өткелдегі аз ғана топ шабуылға шығып, тапсырманы орындады.
Днепрден өту кезіндегі айрықша ерлігі үшін Николай Степанович Чуриковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1944 жылы 21 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Николай Степанович Чуриков бейбіт еңбекке араласты. 1957 жылы Ленинград өсімдік қорғау институтын бітіргеннен кейін, Оралдағы өсімдік қорғау облыстық станциясының бастығы болып жұмыс істеді.
Ленин, Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Құрмет Белгісі ордендерімен марапатталған. 1997 жылы Орал қаласында қайтыс болды.
Әдебиеттер тiзiмi
1965 жыл
1.Жайықтан Днепрге дейін: [Кеңес Одағының батыры Н. С. Чуриков туралы] // Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-59-60 б.
1969 жыл
2.Чуриков Николай: өмірдерек // Совет Одағының қазақстандық Батырлары.- Алматы, 1969.-Т.2.-379-380 б.
1975 жыл
3.Моисеев В. Батырлар жайында: Н. Чуриков жайлы // Орал өңірі.-1975.-14 қараша.
4.Ұлы Отан соғысы және еңбек ветерандарымен кездесу: Совет Одағының Батыры Н. Чуриковпен кездесу // Орал өңірі.-1975.-8 мамыр.
1985 жыл
5.Демешенко В. Батырлар даңқы өшпейді: Кеңес Одағының Батыры Н. С. Чуриков туралы // Октябрь туы.-1985.-8 маусым.-2 б.
6.Ізімов М. Ажалды жеңеміз, жігіттер: Ақ Жайық өңірінің Батыры Н. Чуриковтың ерлігі туралы // Орал өңірі.-1985.-15 мамыр.
1998 жыл
7.Карин А. Қос батырдың бірі: Кеңес Одағының батыры Н. С. Чуриков туралы // Шұғыла.-1998.-31 тамыз.-4 б.
1999 жыл
8.Хасанов М. Мәнді де, мәңгілік мұра: Ұлы Жеңістің 54 жылдығына орай өткізілген шарада Е. Ниетқалиев пен Н. Чуриковтің ерліктерінің дәріптелуі // Шұғыла.-1999.-9 мамыр.-1 б.
9.Каргин Ж. Батыр туралы кейбір деректер: Кеңес Одағының Батыры Н. С. Чуриков туралы // Шұғыла.-1999.-15 қазан.
2000 жыл
10.Құсайын А. Қан майданның қаһарманы: Кеңес Одағының Батыры, запастағы гвардия лейтенанты Н. С. Чуриков туралы // Шұғыла.-2000.-8 сәуір.-2 б.
2005 жыл
11.Чуриков Николай: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке,2005.-44 б.
2006 жыл
12.Есенғали Н. Ерлігі елге мұра: Кеңес Одағының батыры Н. С. Чуриков туралы // Шұғыла.-2006.-20 қазан.-3 б.
2010 жыл
13.Батырханов А. Отты жылдар лаңы: Кеңес Одағының Батырлары Е. Ниетқалиев, Н. Чуриков және жерлес майдангерлер туралы // Шұғыла.- 2010.-6 шілде.-6 б.
14.Қуанғалиева Ә. Батырға құрмет: [Ақоба ауылында Кеңес Одағының батыры Николай Чуриковтың 100 жылдығына арнап қазақша күрестен аудандық турнир оздырылды] // Шұғыла.-2010.-25 қазан.-1 б.
15.Құсайынов А. Батырдың ерлігі ескерілмей жүр: [Кеңес Одағының Батыры, жерлес Н. Чуриковтің туғанына – 100 жыл] // Шұғыла.-2010.-13 тамыз.-2 б.
16.Чуриков Николай: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-258-259 б.
17.Чуриков Николай: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-520 б.
2011 жыл
18.Батырханов А. Батыр есімі еленсе: [Жерлес Кеңес Одағының Батыры Н. С. Чуриков ерлігі туралы] // Шұғыла.-2011.-25 тамыз.-4 б.