2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, полк командирі, капитан Николай Тимофеевич Видяшев 1903 жылы 15 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген.

1919 жылдың қаңтарынан Кеңес әскері қатарында, В.И.Чапаев атындағы 25-дивизия құрамында әскери қызметте болды. 1921 жылы Командирлер құрамын дайындайтын курсты, 1924 жылы Иркутск жаяу әскер мектебін, 1937 жылы «Выстрел» курсын бітірген.

1939-40 жылы Кеңес-фин соғысына қатысып, Солтүстік-Батыс майданына қарасты 7-армияның 7-атқыштар дивизиясында, 257-атқыштар полкін басқарды. 1940 жылдың ақпан – наурызындағы ұрыстарда Николай Видяшевтің полкі Выборг бағытындағы жау шебін бұзып өтті. 1940 жылы 3 наурызға қараған түні маңызды тірек пунктін басып алып, жаудьң 4 қарсы шабуылын тойтарды. Фин соғысында жауынгерлік тапсырманы орындауда көрсеткен табандылығы мен ерлігі үшін Николай Видяшевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1940 жылдың 21 наурызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталған.

Ленинград облысының Выборг қаласындағы бауырластар зиратында жерленген.

Әдебиеттер тiзiмi

1976 жыл
1.Қожахметов А. Орал өңірінің тұңғыш батыры // Орал өңірі.-1976.-1 желтоқсан.

1977 жыл
2.Қожахметов Ж., Набиуллин Ж. Белгісіз батыр, ол кім? // Лениншіл жас.- 1977.-29 қаңтар.

1979 жыл
3.Қожахметов Ә. Бостандық үшін күресті // Орал өңірі.-1979.-11 шілде.

1985 жыл
4.Тазболатов А. Безымян биіктігіндегі ұрыс // Орал өңірі.-1985.-16 мамыр.

2005 жыл
5.Видяшев Николай: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-14 б.

2010 жыл
6.Видяшев Николай: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-215 б.
7.Видяшев Николай: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-58-59 б.