Николай Власович Черненко 1924 жылы 25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Успенка ауылында дүниеге келген. Кейіннен оның отбасы Орынбор облысына қоныс аударады, Елек ауылында тұрды.

1942 жылдан Кеңес Армиясының қатарында, пулеметшілер училищесінде оқыды, 1942 жылдың желтоқсанынан бастап Сталинград түбіндегі және Орталық және 1-Беларусь майдандарындағы ұрыстарға қатынасты.

Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Николай Власович Черненкоға 1945 жылы 31 мамырда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Елек қаласында тұрды, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық партия комитетінің насихатшысы болып жұмыс істеді. Орск, Тольятти қалаларында тұрып, жұмыс істеді. 1987 жылы Ресейге қоныс аударды. Елек ауылындағы орта мектепке Николай Черненконың есімі берілген.

Ленин, Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер тiзiмi

1969 жыл
1.Черненко Николай: өмірдерек // Совет Одағының қазақстандық Батырлары.-Алматы, 1969.-Т.2.-365-366 б.

1985 жыл
2.Серіков С. Ерлігі – елге мұра: Ақ Жайық өңірінің Батыры Н.В. Черненко туралы // Орал өңірі.-1985.-11 маусым.

2005 жыл
3.Черненко Николай: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-47 б.

2010 жыл
4.Черненко Николай: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-255-256 б.
5.Черненко Николай: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-520 б.
6. Черненко Николай: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.- 47 б.