Нуфтуллина Аягүл Рухоллақызы 1981 жылы 22 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылдық округінде дүниеге келген. 2000-2005 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000-2011 жылдары Қарасу округінің Бостандық елді мекенінің кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарған.

2011 жылдың қазан айында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына кітапханашы болып жұмысқа алынады.
2015 жылдан бастап күні бүгінге дейін қоғаммен байланыс және көпшілік жұмыс секторының жетекшісі.
Аягүл Рухоллақызы өз ісін шебер меңгерген тәжірибелі маман. Өз жұмысында ол кітапханалық үрдістерді модернизациялауға, кітапханалардың озық тәжірибелерін енгізу мен таратуға, инновациялық процестерді ұйымдастыруға баса назар аударады. Аягүл Рухоллақызы кітапхананың танымал болуына, бұқаралық ақпарат құралдарында кітап оқуды насихаттауда зор үлес қосып, халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларға қатысып келеді.

Кітапхана саласының дамуына қосқан үлесі үшін А.Р.Нуфтуллина «Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі» (2021 ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» (2018 ж.), «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгілерімен (2020 ж.) марапатталды.