Нұрсапина Алмагүл Төлешқызы 1966 жылы 3 қазанда Орал облысы, Тайпақ ауданы, Құрайлысай селосының советіне қарасты Сайқұдық елді мекенінде дүниеге келген. 1974-1984 жылдар аралығында Өлеңті орта мектебін оқып бітіреді. 1987-1989 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөлімін тәмәмдаған. 1989-96 жылдар аралығында Тайпақ ауданына қарасты Базаршолан ауылдық кітапхананың меңгерушісі, аудандық ОКЖ-де директор орынбасары, әдіскер, әдіскер бөлімінің редакторы қызметтерін атқарған. 1994-99 жылдары Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік өнер институтының кітапханатану және библиография бөлімін сырттай оқып, бітірген. Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 2000 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Кітап қорын сақтау бөлімінің жоғары санатты маманы Алмагүл Төлешқызы бөлімнің кітап қорының есебін жүргізеді, ақпараттық талдау жұмыстарын жүргізу, қызмет көрсетуді сараптау, бағалау, оның болашақтағы дамуына болжам жасау, бөлімнің кітап қорын көпшілікке жариялау мақсатында кітап көрмелерін безендіру, тақырыпты шолулар өткізу, ғылыми қызметкерлер мен мамандар үшін ақпарат күндерін өткізеді. Бөлімнің кітап қоры бойынша библиографиялық құралдар, сілтемелер дайындап шығарады. Алмагүл Төлешқызы кітапхана саласына сіңген еңбегі үшін ҚР-ның Ұлттық Кітапханасының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» (2021) төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының министрлігінің «Құрмет грамотасымен» (2021) марапатталды.