Нургалиева Әдемі Ивановна 1965 жылы Орал облысы Камен ауданы Камен селосында дүниеге келді. 1972-1980 жыл аралығында Кузнецов сегізжылдық мектебінде оқып, 1980-1982 жылы Камен ауданының Карл Маркс атындағы орта мектебін бітірді. 1985 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінде оқуға түсіп аталған колледжді 1987 жылы аяқтады. 2005 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік университетін сырттай оқып кітапханатану және библиография мамандығы бойынша бітірді. 1983-1985 жылдары Камен ауданының аудандық ішкі істер бөлімінде секретарь-машинист болып жұмыс жасады. 1987 жылы аудандық кітапхананың кітапханашысы, 2002 жылы жиынтық бөліміне кітапханашы болып ауысты.
Әдемі Ивановна жұмыс қабілеттілігіне сай Ж.Молдағалиев БҚО әмбебап ғылыми кітапханасының, БҚО мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. 2019 жылы «КІТАПХАНА ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды.
.