Оқу залы облыстық кітапхана құрылғаннан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда бұл бөлім Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап – ғылыми кітапхананың негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады.

Оқу залының жиынтық кітап қоры – әмбебап бағытта жинақталған, онда әдебиеттердің барлық саласы бойынша кітаптар мен брошюралар бар. Бөлім өлкетану әдебиеттерімен, анықтамалықтар, энциклопедиялар, оқырманның барлық сұранысына жауап беретін әдебиеттермен толықтырылып отырады.

Оқытушылар, аспиранттар, студенттер, оқушылар т.б. оқырмандар сұранысын өтейтін ғылыми – көпшілік әдебиеттер көптеп саналады.

Бөлімнің міндеттері:

  • дәстүрлі білім көздері негізінде оқырмандарға кең ауқымды ақпараттық қызмет көрсету;
  • оқу үрдісіне көмек көрсету;
  • Оқу залының қосалқы қорын қалыптастыру;
  • оқырманға қызмет көрсету мәдениетін жетілдір.

Бөлім көрсететін қызметтер:

  • кітап басылымдарымен жедел және сапалы қызмет көрсету;
  • қажетті тақырыпта ақпаратты іздестіру және жедел тауып беру;
  • ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңестік көмек беру;
  • Оқу залы қорын пайдаланып анықтама орындау;
  • кітапхананың негізгі кітап сақтау бөліміне алдын – ала тапсырыс беру.

Бөлім меңгерушісі: Нарудинова Зоя Орынғалиқызы
Телефон: 8(7112) 51 51 53