Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
«Өнер өлкесінің тарландары»
Мәдени ағартушылық сазды әуен жобасы
Орал, 2022ж.
«Өнер өлкесінің тарландары»
Мәдени ағартушылық сазды әуен жобасы
Музыка – мәңгіліктің ең керемет символы, адам еңбегі мен талантының, ізденісі мен махаббатының, қайғы-қасіреті мен қуаныштарының жемісі. Әрдайым шындықты сергек сезініп, бірте-бірте дәуір стилін құрайтын тиісті ырғақ пен әуен дағдысын лезде тауып алатын халық музыкасы өмір бойы сол халықтың өміріндегі барлық оқиғаларға үн қосып келді. Сондықтан да ауыздан-ауызға тараған халықтық музыканың түп тамыры, сайып келгенде, соның ырғағы мен тынысында жатыр. Ұсынылған жоба тыңдарманның музыка мәдениетін қалыптастыру, музыкалық қабілеттеріне үлес қосу, музыка өнеріне қызығушылығын арттыру арқылы тұлға қалыптастыру.
Жобаның мақсаты: Өлкеміздегі өнерге өз үлестерін қосып келе жатырған тұлғалардың өнерін көпшілікке насихаттау, тәжірибелерімен бөлісу.
Жобаның өзектілігі:
Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Бұл жобаның өзектілігі өзіміздің Батыс өлкесіндегі өнерге қатысы бар адамдармен кездестіру, тәжірибе алмасу арқылы болашақ өсіп келе жатқан ұрпаққа насихаттау . Кездесулер мен отырыстар арқылы әділдік пен мейірім, руханилық пен қайырымдылық, сұлулық әрбір тыңдарманның жан дүниесінен орын табу. Осы кездесулер арқылы кештер ұйымдастырып, кітапханамыздың қорынан кітап көрмелерін насихаттау болып табылады.
Жобаның мақсаты мен міндеті:
Жобаның мақсаты:
- Өлкеміздегі өнер адамдарының өнерлерін музыкалық мұраларын насихаттау, музыкалық шеберлігін танытып, жастарды шығармашылыққа баулу;
Жобаның міндеті:
- Оқырмандарға насихаттау арқылы, қарым – қатынас түрін қалыптастыру;
- Жаңа аудиторияны шақыру арқылы өлкеміздегі өнер адамдарының өнерін дәріптеу, таныстыру;
- Музыка өнерінің көптүрлілігі туралы, жанрлары туралы ой бөлісу арқылы кездесу, сұқбат кездесулер ұйымдастыру;
ІІІ. Жобаны іске асырудың кезеңдері
І кезең. Осы жобаны таратудың дайындық жұмыстарын ұйымдастыру:
- Мақсаты мен міндеттерін талқылау;
- Жұмыстың жоспарын жасау;
ІІ кезең.
- Материалдар іріктеу;
- Тұлға мен кездесіп, бағытын анықтау, толықтыру;
- Көрермен ретінде аудиториямен келісімге келу;
ІІІ кезең.
- Атқарылған жұмыстың қорытындысын жүргізу, есеп беру, ФБ, Инстаграмм парақшаларына жүктеу;
ІҮ. Жобаның әдістері
- Ақпараттық – кітапханалық қызметтің тәсілдері мен түрі арқылы оқырмандар арасында кітапхана жұмысын насихатттау;
- Қаладағы оқу орындармен бірлесіп жұмыс атқару;
ҮІ. Жобаға қатысушылар:
- Қаладағы барлық оқу орындары;
- Өнер ошақтарының мамандары;
- Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері.
Күтілетін нәтиже:
- Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқу орындары білім беру мекемелерімен бірлесіп атқаратын жұмысты жетілдіру;
- Оқырмандарды кітапханаға шақыру;
- Талантты жастарымыздың шығармашылық белсенділігін арттыру;