Бұл жоба Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе 2021 жылы басталды.

Жобаның мақсаты:

– Отбасылық  кітап оқудың дәстүрлерін қалпына келтіру және оның отбасымен ынтымақтастық негізінде  ата – ана мен баланың арасында қарым-қатынас, байланыс  орнату, баланың оқу мәдениетін дамыту;  ақпараттық  ресурстармен  бірлесіп жұмыс  істеу  дағдыларын жетілдіру.

– кітап арқылы  отбасылық  оқуды  және  тәрбиені ұйымдастыруда                       ата-аналарға  көмектесу;

– оқушылардың  әдеби  талғамын,  әдеби  басылымдарды таңдаудағы  белсенді  ұстанымын қалыптастыру;

– оқушылардың  зерттеушілік  және  шығармашылық қабілеттерін  дамыту;

– жобалық  іс-әрекетте  теориялық  және  практикалық білімдер,  дағдыларды игеруге қолдау көрсету.

 

Жобаның күтілетін нәтижелері:

– Балалармен кітап оқитын  ата-аналардың саны көбейеді.

– Көркем әдебиет оқу олардың өмірінде негізгі орындардың бірін алады.

– Отбасылық оқуға деген мотивация артады.

– Балалардың  есте  сақтау, еркін қиялдау, шешен сөйлеу,  шығармашылық қиялын дамыту деңгейі жоғарылайды.