Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: «Орал қалалық кітапханалар жүйесі»КММ

Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1938 ж.

Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген

Аумағы: 1696,9 ш. м.

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 34083

Кітап қоры: 656660

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай ақпараттық–технологияның мүмкіндіктерін пайдалануға сапалы кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен-жайы және байланыс телефоны:
Орал қаласы. Л. Толстой көшесі 27/6;
тел : 51-28-07
51-20-88
50-64-06

Кітапхана директоры: Г.І.Шамкелова

«Орал қалалық кітапханалар жүйесі» комуналдық мемлекеттік мекемесі

Қаламыздағы ежелгі кітапханалардың бірі М.Горький атындағы орталық қалалық кітапхана 1938 жылдың 10 қазанында құрылды. Кітапхананың алғашқы меңгерушісі Л.Б.Погодаева болды.
1948 жылы кітапхананың штаты 3 адамнан тұрды. Меңгерушісі болып Е.А.Бочкарева тағайындалды.
1958 жылы кітапхана штаты 4 адамнан құралды. Кітапхана меңгерушісі Л.И.Губанова болды. 1963 жылдың 5 қаңтарынан бастап кітапхана меңгерушілігін Л.Я.Маслова атқарды. Орал қалалық атқарушылар комитетінің еңбекшілер депутаттары қалалық кеңесінің №98 шешімі бойынша 1976 жылдың 13 ақпанында М.Горький атындағы орталық қалалық кітапхана базасында 15 кітапхана филиалдарын біріктірген орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылды. Орал қалалық ОКЖ жүйесінің директоры болып Л.Я.Маслова тағайындалды. 1988 жылдың шілде айынан 2010 жылдың желтоқсан айына дейін Орал қалалық ОКЖ-н Т.Н.Быковская, 2011 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың қараша айына дейін кітапхана директорлық міндетін Г.Ж.Акашаева атқарды.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап Г.І.Шамкелова тағайындалды. 2021 жылдың шілде айынан бастап М.Горький атындағы орталық қалалық кітапханасы – «Орал қалалық кітапханалар жүйесі» КММ болып өзгертілді. Қазіргі кезде Орал қалалық кітапханалар жүйесінде 17 кітапхана-филиалы жұмыс жасайды. Соның ішінде 2 балалар кітапханасы бар. Осы кітапханаларда әр түрлі бағыттағы 22 қызығушылық клубтар жұмыс атқарады.
2004 жылдан бастап Орал қалалық орталық кітапханасы РАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізді. 2008 жылдан бастап кітапхана КАБИС бағдарламасына ауыстырылды.
Кітапхана жүйесінде барлығы 73 білікті маман 34 мыңнан аса оқырманға кітапханалық қызмет көрсетеді, жалпы қорда 656660 дана кітап бар, әдістемелік, ақпараттық және анықтамалық жұмыстар жүргізеді,оқырмандар сұраныстарын зерттейді, кітап қорын, анықтамалық аппараттарды ұйымдастытырады, кітап көрмелерін жасақтайды, көпшілік шаралар ұйымдастырып өткізеді.
84 жыл тарихы бар Орал қалалық кітапханасында талай кітапхана майталмандары қызмет атқарды.
Кітапхана жетістіктері:
– «Сорос-Қазақстан» қорының грантын 1999 жылы «Кітапхана жарнамасы» тақырыбында жеңіп алды.
– 2008 жылы Астана қаласында өткен «Жас кітапханшылар» слетінде «Жасампаздық жолы» конкурсінде «Кітапханалық іс – шаралар» атауы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Әдістемелік орталық болып саналатын «Орал қалалық кітапханалар жүйесінде» кітапханалық қызмет көрсететін 8 бөлімі бар.
– оқу залы;
– абонемент;
– өнер және ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту;
– кітап қорын сақтау;
– әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі;
– ақпараттық-библиографиялық бөлім;
– кітапхана ісін автоматтандыру бөлімі;
– кітапхана ісін дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімі.
Бөлімдердің негізгі қызметтері:
– әр түрлі жастағы оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету;
– көпшілік іс-шараларды өткізу арқылы оқырмандарды кітапханаға тарту;
– кітап көрмелерін жасақтап, кітап қорын насихаттау;
– кітапхана беделін көтеру мақсатында жарнамалық қызметтер атқару.