Қамзабекұлы, Д. Түркі алқасы
Қамзабекұлы, Д. Түркі алқасы / Д. Қамзабекұлы ; Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті “Алаш” мәдениет және рухани даму институты. – Нұр-Сұлтан : “Алашорда” Қоғамдық қоры, 2021. – 392 б.
Түркі мұраты, жәдитшілдік және Алаш – отандық тарихымыздың жарқын беті. Мағынасына ұлт және бірлік рухын сыйдырған осы ұғымдардың руханияттағы әлпетіне де күрескерлік, риясыз ізденіс тән. Түркі алқасының басты сипаты – ағартушылық, имандылық және азаттық. Бұл еңбекте түрік яки түркі халықтары ағартушылығының туу, қалыптасу, даму жолдары зерттелінген. И. Гаспринскийдің таңдаулы еңбектерінің қазақша аудармасы мен Алаш мұратын жүйелеген тарихи бағдарламалық құжаттар ұсынылған.