Қазіргі кездегі қор нарықтары
Оқу құралында ұлттық және халықаралық контексте бағалы қағаздардың базалық теориялық курсы берілген. Қазіргі кездегі тенденцияларды ескере отырып, жекелеген әлем елдері қор нарықтарының қызмет ету ерекшеліктері келтірілген. Қазақстан Республикасы қор нарығы дамушы санатына жатуы қолдарыңыздағы оқу құралының өзектілігін анықтайды, мұндағы мақсат қаржы аналитиктері мен менеджерлер біліктілігін арттыру бағытында дамыған бағалы қағаздар нарығының қызмет ету қағидалары мен құралдарының көптүрлілігі, дамыған елдердің оң тәжірибелері туралы кешенді мағлұмат беру.