Абайға дейінгі және Абайдан кейінгі қазақ әдебиеті

Қасқабасов, С. Абайға дейінгі және Абайдан кейінгі қазақ әдебиеті : (әр жылдағы ойлар, толғамдар, тұжырымдар) / С. Қасқабасов ; жоба жетекшісі С. С. Қасқабасов ; ғылыми ред. Д. Қамзабекұлы ; Абай академиясы ғылыми-зерттеу институтының жобасы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кеңесі ұсынған. – Нұр-Сұлтан : “Алашорда” Қоғамдық қоры, 2021. – 192 б.

Осы басылымда көрнекті ғалым, қазақ фольклоры мен әдебиетінің белгілі зерттеушісі академик С. А. Қасқабасовтың Абай Құнанбайұлына дейінгі, оның өзінің және одан кейінгі қазақ әдебиеті мен фольклорына байланысты әр жылдары қазақ және орыс тілдерінеде жарық көрген мақалалары мен баяндамаларында айтылған ойлары, толғамдары мен тұжырымдары қамтылып отыр.