Адырбек, Б. Өзбекәлі Жәнібек
Адырбек, Б. Өзбекәлі Жәнібек : (ғұмырнамалық деректі хикаят) / Б. Адырбек. – Алматы : Қазақстан , 2021. – 384 б.
Ғұмырнамалық кітаптың – кейіпкері – қытымыр коммуниистік қоғамда жарық дүниеге келіп, жетімдік тақсіретін тарта жүріп ер жетіп, өршіл мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібек. Заманынан оза туған ұлттық болмысты азаматтың қайраткерлік қалыптасу жолы һәм қазақтың музей ісі, ұлттық киім үлгілері, ұлттық өнері (ән, би, сәулет) хақында терең тебіреністі этнолог ғалым болып қалай қалыптасқаны жайында туындыгер дәйекті әңгіме сабақтайды. Қайраткерлігін халқына арнаған тұлғалы азаматтың өнегелі өмір жолы деректі ғұмырнамалық баян түрінде өріледі.