Баймұхаметов,А.Г. Тастамашы, ана!
Бұл кітапта башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметов ата анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Балалар үйіндегі ұл қыздардың өмірі қарапайым, оқырманға түсінікті тілде суреттеледі. Жазушы бас кейіпкер Ілиястың жан дүниесін ашу арқылы бүгінгі қоғамның бет бейнесін көрсеткісі келген. Кітапты оқыған балалар ата ананың қадірін түсініп, бақытты аялауды үйренеді. Үлкендер жас ұрпақтың мейірімге зәру екенін ұғынады. Кітап балалар мен жасөспірімдерге, барша оқырман қауымға арналған.