Қоқыстан табылған миллионер қыз.
Мен кітап жазатындай, біреуге ақыл айтып, бірдеңе үйрететіндей кіммін? Құдай ау, әлі де өзімнің үйренерім көп емес пе? Мен өзімде жоқ идеалдықты бар етіп көрсетіп ақымақ болып, ақырзаманды жақындатқым келмейді. Қазір білімсіздер білім үйреткен заманда, толып кеткен мотивациялық кітаптардың санына сан қосу мақсатым болмады. Кітапта 22 жылға сыйған өмір бар. Шытарманға толы оқиға, өз ой санаңызбен күреске түсер сюжет, ешқандай ережеге бағынбайтын мазмұн бар. Бар мақсатым, бәрін тағдырға жауып, өзінің сәтсіздіктерін маған бұйырғаны осы деп қоя салар, күресуден, тәуекелге бел буудан қорқатын, қателесуге қадам жасамайтын, қорапта өмір сүріп жүрген адамдарға бостандық сыйлау. Кітабым мотивацияның емес батылдықтың символына айналар, Қазақстандағы кітап әлеміне жаңа серпін алып келетін өзгеше туынды болары анық.