Гулливердің саяхаттары

Свифт, Дж. Гулливердің саяхаттары : роман / Д. Свифт. – Алматы : Балауса, 2021. – 480 б.
Кітапта о баста хирург, кейін бірталай кемеге капитан болған Гуллвердің әлемнің түкпір – түкпіріне жасаған ғажайып саяхаттары баяндалады. Ол алғашқы сапарында Лилипутияға саяхат жасап, сол жерде үлкендігі өзінің сұқ саусағындай кішкентай адамдардың тілін үйренеді. Ал екінші сапарында Гулливер Бробдингнег еліне жол тартады. Мұндағы адамдар өте үлкен, тіпті өзінен он еседей ірі еді. Оның ең қызық саяхаты – гуигнгнмдар – жылқылар еліне барғаны… Бұл туындыны әлеуметтік – саяси қарым -қатынастар туралы астарлы мазмұндағы роман – памфлет десе де болғандай. Тек балаларды ғана емес, үлкендерді де терең ойға жетелейтін сатиралық – философиялық керемет туынды.