Халық батыры-Жұбан

Елеубайқызы, Ү. Халық батыры-Жұбан : Жұбантану жинағы/ Ү. Елеубайқызы. – Орал : ШұғылаПринт, 2021. – 88 б. – (Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл).
Жұбантанушы Үзілдік Елеубайқызы бұл шағын жинақта ақын Ж. Молдағалиевтың туған жері Сайқұдық елдімекенінің тарихы, жер бедері, әр жылдардағы шаруашылығы туралы деректерді келтірген. Жинақтағы ақын шығармалығына арналған “Жұбантану” факультативтік курсының авторлық жоспары мен сабақтар үлгісін мектеп бағдарламасы талаптарына сай өңдеу негізінде таңдаулы курс ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, автордың баяндамалары, Жұбан жырларында кездесетін тұлғалардың естеліктері, қаламгерге қойылған ескерткіштер, ақын атындағы кітапхана мен мектептердің тізбесі сабаққа қосымша мәліметтер бола алады. Ұстаздың шығармашылық жұмыстарының басым бөлігі жас буын мұғалімдерге әдістемелік тұрғыдан көмек беретін, иоқушыларды шығармашылыққа баулуда тәлім алатын алуан түрлі үлгідегі жұмыстарды қамтиды. Жұбан ақынның 60, 70, 80, 90, 95, 100 жылдық мерейтойларының Ақжайықта аталып өтуі мен “Жұбан оқуларының” жоспары, ақынның марапаттары мен куәліктері көшірмелері жинақталған. Автордың өлкетану, тұлғаға арналған бұл еңбегін ұлтын сүйер зиялы қауымға, мұғалімдар мен мектеп оқушыларына, студенттерге арналған құнды жұмыс деп есептейміз.