Ол боламын демеңдер…

Жұртбай, Т. Ол боламын демеңдер… : (Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулер / Т. Жұртбай ; ред. Е. Сыдықов ; жоба жетекшісі Т. Жұртбай ; Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кеңесі ұсынған, Абай академиясы ғылыми-зерттеу институтының жобасы. – Нұр-Сұлтан : “Алашорда” Қоғамдық қоры, 2021. – 584 б.
Абайды тану қазақ ұлтының рухани өміріндегі толастамайтың мәдени саясаттың мүдделі және күретамырлы тақырыбы. Жазушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың “Ол боламын демендер” атты бұл кітабында бүгінгі таңда абайтану іліміне қатысты ең өзекті мәселелер көтерілген. Абайдың өлеңдері текстологиялық мәтіндік тұрғыдан талданып, ғылыми пайымдаулар жасаған. Абайдың өмірбаяны мен азаматтық көзқарасына қатысты осы уақытқа дейін теріс түсіндіріліп, не бұрмаланып келген оқиғалардың астарын ашатын өмірлік деректерге негізделген ақынның өмірбаяны ұсынылған. Онда, Абайдың жеке өміріне қатысты зерттеулер мен естеліктердегі мағлұматтар архив мұраларымен салыстырылып, бір ізге түсіріліп, авторлық көзқарас тұрғысынан сараланған. Сонымен қатар, абайтану іліміне қатысты кейінгі жарты ғасырда айтылып жүрген әр түрлі сыңаржақ пікірлерге тойтарыс берілген.