Роббинс, С. Ұйымдық мінез-құлық негіздері
Ұйымның өзегі – қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы байланысты басқару аса маңызды. Ұжымды дұрыс басқару, қызметкерлер мотивациясын арттыру, оған кері әсер ететін кертартпа элементтерді анықтау, олармен жұмыс істеу, үздік мінез-құлық үлгілерін анықтап, оларды ынталандыру – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімді меңгеруді талап ететін күрделі жұмыс. Кітап менеджмент мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға және осы салаға қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналады.