Шалғындық және жайылымдық мал азығы өндірісі

Шалғындық және жайылымдық мал азығы өндірісі : оқулық / С. Ә. Оразбаев, А. Ә. Төреханов, И. И. Алимаев, Б. А. Ысқақ ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. – Алматы : Полиграфкомбинат, 2012. – 560 б.

Мал азығы өндірісі малдарды жайылымдар мен шабындықтарда, сондай ақ егістіктер мен малазықтық ауыспалы егістіктерде өсірілген немесе солардан жинап алған азықтармен қамтамасыз етуге арналған агротехникалық, экологиялық және шаруашылықтық ұйымдастыру шаралар кешені. Шалғындық шаруашылығы ауыл шаруашылығының негізгі мақсаты мал шаруашылығын қажетті мөлшердегі пішенмен қамтамасыз ету болып табылатын өндірістік саласы, мал азығы өндірісінің құрамдас бөлігі. Оқулықта малазықтық өсімдіктердің биологиясы берілген. Сондай ақ оқулықтағы шабындықтар мен жайылымдарды пайдалануға, жақсартуға байланысты ұйымдастыру шаралары мен агротехникалық тәсілдер ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы нақты жағдайларды есепке ала отырып пайдаланылса, сапалы мал азығын, олай болса, сапалы мал өнімдерін мол өндіруге мүмкіндік