Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітабында тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі. Екі жарым жылда Rumi Group мейрамханалар желісі ең дәмді, танымал және беделі брендке айналды. Алайда оны білетіндер осы 2,5 жылды ғана көреді. Ал бұған дейінгі Қуаныш Шонбайдың 8 жыл бойы шындалған, дайындалған, қателескен, өқінген, банкротқа ұшырап, қайта көтерілгенін көбі білмейді де. Автор өзінің мысалында келтірген даму жолдары мен оның қазақша жеңіске жету теориясы өзіңізді және кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Он тоғыз жасында алғашқы миллионың тапқан кәсіпкердің ақыл кеңестері кез келген жанға пайдасын тигізері хақ. Кішігірім компанияның атқарушы директоры да бұл жазбадан өзіне қажет кеңес таба алады. Жүзеге асыр да, өзгерістерге қадам жаса.
There are no reviews yet.