Жақсылықбаева, Р.С. Журналистің мәтін жазу машығы
Оқу құралы қазақ журналистиқасындағы қарымды публицистердің шеберлігі мен журналистік қызмет ерекшеліктеріне, шығармашылықтарының жанрлық сипаттарына, журналистердің редакторлық қызметтерінің кезендік бағыттарына, басқарудағы шеберлік қырларына, олардың публицистикалық туындыларының тақырыптық, проблемалық тілдік, стильдік өзгешеліктеріне арналады. Еңбекте автор қаламгер, журналистердің өмірлік, шығармашлық жолын жан жақты көрсете отырып, олардың қазақ публицистикасын дамытудағы рөлін, тіршілік деректерін сөйлетудегі шеберлігін, публицистік пайым көзқарасының жоғары интеллектуальдық өресін, баспасөздегі редакторлық ұйымдастырушылық шеберлік қырларын, қарымды журналистер публицистикасының поэтикасын барынша айқын көрсеткен. Сонымен қатар заметка, корреспонденция, мақала, очерк, репортаж, фельетон, памфлет, ашық хат жанрларының журналист, қаламгерлер шығармашылығында қолданылу тәсілдеріне біршама жүгініп өткен.