Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде Бұқар Жыраудың туғанына 330 жыл толуына арналған кеш өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде Бұқар Жыраудың туғанына 330 жыл толуына арналған кеш өтті
access_time04.05.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде қазақтың ұлы жырауы Бұқар Қалқаманұлының туғанына 330 жыл толуына орай «Халқымыздың асыл перзенті» атты тақырыптық кеш өтті. Мақсаты – Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, әскердегі сарбаздарға жырау туралы терең мағлұматтар бере отырып, еңбектерін оқуға ұсыну.
Кеш барысында Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндалып, «Жыраулар мұрасы» атты бейне үзінді көрсетілді. Сарбаздар Бұқар жыраудың шығармаларынан үзінділер оқыды. Кітапхана қорынан алынған әдебиеттерден тақырыпқа орай дайындалған кітап көрмесіне шолу жасалды.
Пікір үстеу