Қобдабаева Сарбиназ Кәрімқызы 1963 жылы 25 наурызда Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы, Чинарев ауылында туған. Білімі – жоғары, санаты-жоғары. Кітапхана саласында 1999 жылдан бері тұрақты еңбек етіп келеді. Кітапханалық еңбек өтілі – 24 жыл. Чинарев ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып қызметін атқарып келеді. 1984 жылы Орал мәдени – ағарту училищесінің “Кітапхана ісі” мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. 2017 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Кітапхана ісі» факультетін бітіріп, осы мамандық бойынша Бакалавр дәрежесі берілді.
Кітап қорын талапқа сай жүйелеп, ауыл тұрғындары арасында кітапты жариялау жұмысын жүргізеді.
Ауылдық мектеп және денсаулық сақтау, әкімшілік қызметкерлерімен тығыз байланыс жүргізе отырып, әр түрлі мәдени – көпшілік шаралар ұйымдастырып отырады. Жылдық жоспары бойынша жылдың негізгі тақырыптарына байланысты кітап көрмелері мен тақырыпты сөрелер шығарып тұрады.
Кітапханада жүйелілік каталогы, өлкетану картотекасы, өзекті тақырыптық картотекалар жүргізіліп отырылады. Өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге тырысады, ауданда өтетін зерделі кеңестерге үнемі қатысады.

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, мінезі ашық, қарапайым, мейірімді, әрдайым көмектесуге дайын тұрады, адамдармен тіл табыса алады.

Сарбиназ Қобдабаева кітапхана ісіне сіңірген еңбегі үшін 2020 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапатталды.