Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – Қазақстандағы көне кітапханалардың бірі. Кітапхананың депозитарий және сирек кітаптар секторының құнды басылымдары тек қана біздің мақтанышымыз ғана емес, еліміздің мұрасы болып табылады.
Қорда 16 650 баспа басылымы бар, оның 5 609-ы қазан төңкерілісіне дейінгі басылымдар және 11 041 данасы қазан төңкерілісінен кейінгі баспа туындылары. Кітапхана өзінің 18 ғасырдың екінші жартысымен 19 ғасырда басылып шыққан басылымдарымен: орыс, шет тілдеріндегі, латын графикасымен қазақ тілінде шыққан кітаптарын мақтан тұтады.
Революцияға дейінгі қорда сақталған ең көне басылым орыс тіліндегі «Тарихи сөздік» немесе «Кітапхана» жинағы. Сөздікке: патшалардың, императорлардың, патриархтардың, қолбасшылардың, мэрлердің өмірі, қызметі ең маңызды еңбектерін көрсете отырып енгізген. Сөздік 1793 жылы Мәскеуде басылып шыққан болса, Аббат Миллоттың «Жалпы көне және жаңа әдебиет» кітабы ежелгі атлас пен жаңа географияны пайдаланып, 1815 жылға дейінгі дүние жүзіндегі барлық халықтардың әңгімелерімен 1820 жылы Петербургте басылған.
Сонымен қатар жергілікті ұстаздар Данелевский мен Рудницкийдің қолынан шыққан «Орал – Каспий өңірі» атты облыстық анықтамалық кітапта өлкенің тарихы, географиясы, экономикасы, қоғамдық-саяси өмірі туралы материалдар, географиялық карталар мен фотосуреттер жарияланған.

Бұл анықтамалық әлі күнге дейін танымал тарихи-географиялық және этнографиялық басылым болып табылады. Жинақ 1927 жылы Орал қаласынан шыққан, онда Орал мен оның халқы туралы көптеген ақпарат жарияланған.
Азиялық Ресей атласы, Атлас Глинканың жетекшілігімен 1914 жылы Санкт-Петербургте басылып шыққан. Мәтінді Тхоржевский өңдеген, жалпы нұсқасы Цветковтікі. 34 бетте далалық облыстардың – Орал, Торғай, Ақмола, Семей картасында қоныс аударған аудандар, шаруа вахталарының жерлері, қоныстанған шетелдіктердің жерлері, жеке меншіктегі жерлер, т.б шартты белгілермен белгіленген. Атласта Орал облысының Елтаңбасы, сипаттамасы, Орал округі құрылуына байланысты жер пайдалану картасы, қоныстандыру аймақтары берілген. Атлас алфавиттік көрсеткішпен қамтамасыз етілген. Белгілі тарихшылар Костомаров, Карамзин, Ключевский, Полевой, Покровский, Соловьевтің басылымдары, орыс әдебиеті классиктері – Пушкин, Григорович, Толстой, Горький, Михайлов шығармаларының жинақталған толық басылымдары бар. Атақты саяхатшы географ Реклус пен белгілі әдебиеттанушы, профессор Овсянико-Куликовскийдің еңбектері қызығушылық тудырады.
Сонымен қатар қорда күнтізбелік кітаптар – Отанымыздың өткені туралы құнды ақпарат көздері болып табылатын ресми анықтамалық жылнамалар бар. 1899-1915 жылдар аралығындағы Орал өңірі туралы естелік кітаптар, өлкеміздің өткенін зерделеуге арналған жан-жақты бастапқы дереккөз болып табылады. Қор мақтанышы : 8 тілде – поляк, грек, латын, швед, француз, неміс, ағылшын, голланд тілдерінде жарық көрген шетел кітаптары. Олар мыңнан астам дананы құрайды және негізінен сөздіктермен, анықтамалықтармен және көркем әдебиеттермен ұсынылған. Латын тіліндегі әдебиеттер 17 – ден астам дана. 1930 жылы Қызылордада жарық көрген Ж.Тілепбергенованың «Заклейменные», 1939 жылы Алматыда шыққан И.Байзақовтың «На фоне Алтая», Н.Байғанинаның «Вдохновение поэта» сияқты көркем әдебиеттері және 1938-1940 жылдары басылып шыққан «Песни о счастье» жинактары бар.

Ұлы Отан соғысы жылдарында, қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан жарық көрген әдебиеттерден 1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақстан фашистік басқыншыларға қарсы Отан соғысының бірінші жылында», 1944 жылы Мәскеуде шыққан «Советтік ақпарат бюросының хабарламалары», «Тоқмағамбетовтың таңдамалы шығармалары» жинағы сақталған. «Өнегелі өмір сериясынан» Толстой, Белинский, Ньютон, Паскаль, Моцарт сынды танымал ұлы тұлғалардың өмір жолына арналған құжаттар, әдеби мұралар, басылымдар, түсініктемелер, хаттар, портреттер бар.
Кітапхана осы бірегей басылымдарды біздің ұрпақтарымыз үшін сақтап қалғанын мақтан тұтады.