«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада 7 сәуір күні «Құндылыққа бағдар» жоба аясында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тәрбиелік сағат өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани – адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Шараға қаламыздағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» директоры Жүніс Талшынай Орынбекқызы, отбасы орталығының менгерушісі Зайнуллина Ботагөз Сәкенқызы, БҚО «№3 Қалалық емхана» МКК-ның салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі дәрігері Альменова Шолпан Оралқызы, «Қыз Жібек» қыздар клубының басшысы Исатаева Арайлым Қобландықызы қатысты. Қазіргі қыздардың тәрбиесі туралы әңгімелеп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Тәрбие сағатын МЕБМ «Ақпараттық технологиялар лицей мектебінің» оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнұр Елтайқызы Рамазанова жүргізді.
«Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу» атты кітап көрмесі шығарылып, Ақпараттық технологиялар лицей мектебінің оқушылары, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері, «Мичурин мектеп-балабақша-бөбекжай» кешенінің «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелері тамашалады.
Добавить комментарий