«Барша адамзатты біріктіруші құрал –кітап»
«Барша адамзатты біріктіруші құрал –кітап»
access_time19.02.2021
perm_identity
Автор: zkolib
folder_open
Жаңалықтар, Новости

2021 жылдың 18-21 ақпан аралығында Белорусь Республикасының Минск қаласындағы «Барша адамзатты біріктіруші құрал –кітап» атты ХVІІІ Минск халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіндегі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы кітапханаларының бірлесіп ұйымдастырған кітап көрмесі. Павильонда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, еліміздің мерейтойына арналып жазылған кітаптар, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев, тарихи және мұрағаттық құжаттар, заманауи басылымдар, сондай-ақ, 2021 жылдағы мерейтойлық авторлардың кітаптары – Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев және басқа да қазақ халқының әдебиетін әр қырынан ашатын кітаптар қойылған.
Батыс Қазақстан облыстық Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шолпан Қуанышқалиқызы кітап жәрмеңкесіне қатысушылардың назарына «Ақжайықтың тарихи-әдеби әлемі» атты иллюстративті кітап көрмесін ұсынды.









Добавить комментарий