«Гүл сыйлайық анаға» атты мерекелік шара өтті
«Гүл сыйлайық анаға» атты мерекелік шара өтті

Бүгін Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» аясында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Гүл сыйлайық анаға» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға «COVID-19» індеті кезінде адамдарға көмектесіп, нағыз қаһармандықтың үлгісін көрсеткен аналар, арулар қатысты.Тағылымды шарада ақын, ұстаз, жұбантанушы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, кеше ғана кітапханамызда ашылған «Парасат жолы» орталығының жетекшісі – Үзілдік Елеубайқызы, мектептен тыс жұмыс орталығының орынбасары – Утебалиева Шаттық Саматқызы, дәрігер эпидемолог – Нұржанова Мирамгүл Бақтығалиқызы, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, 2020 жылғы «Жыл үздігі» байқауының «Үздік волонтерлық отбасы» аталымының жеңімпазы – Арыстанова Айнұр Серікқызы өздерінің мағыналы да, парасатты сөздерімен жастарды ананы құрметтеуге, жақсылық жасауға, парасаттылыққа шақырды. Мереке сай «Әйел-ана-тіршіліктің тірегі» тақырыбындағы кітап көрме шығарылып, кеш әнмен әсемделді.
Добавить комментарий