Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Ақжайықтың әдеби картасы» атты көлемді инновациялық жобасын жүзеге асыра бастады.
«Ақжайықтың әдеби картасы» жобасы өлке тарихына деген қызығушылықты арттыруға, Ақжайықтың әдеби мұрасына, облыстық барлық әдеби күш ұйымдарына шығармашылық және өлкетанулық деңгейді ұсынуда септігін тигізеді.
Жоба Батыс Қазақстан облысы Ж. Молдағалиев атындағы ОҒӘК-сы www.zkolib.kz сайты арқылы қазіргі заманғы электрондық анықтамалық ресурс түрінде құрылу мүмкіндігін ұсынып отыр.
Жобаның мақсаты – мәдени орталық ретінде өлкенің, қала тұрғындарына және ақын-жазушылардың патриоттық сезімге толы шығармалары арқылы бай әдеби дәстүрін, өлкенің мәдени имиджін қалыптастырады. Пайдаланушылар өлкенің тарихы мен Батыс Қазақстандық ақын-жазушылар, қаламгерлердің, әдебиетшілердің өмірі туралы білетін болады.
Картаға алынған Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының әдеби өмірінің жарқын өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, қаламгерлер.
Сайтта ақпараттар бөлім бойынша орналастырылған: «Жоба жөнінде», «Жергілікті ақын-жазушылар».
«Жергілікті ақын-жазушылар» бөлімінде – ақын-жазушылар, қаламгерлер жөнінде өмірбаяндық анықтама және толық библиографиялық мәліметтер берілген, авторлардың шығармалары және олардың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер.
Оқырмандар әр ақынның көркем әлемімен танысуға жылдам және сапалы ақпарат ала алады.