А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетінің кешкі бөлімінде, музыкалық училищеде оқыды, облыстық «Приуралье» газетінің штаттан тыс тілшісі, жұмысшы жастар мектебінде оқытушы, «Омега» прибор жасау зауытында аға техник, бюро бастығы болып істеді.
Ленинградтың «Гранит» ғылыми-зерттеу институтының жаңа техниканы ендіру бойынша тапсырмасын орындауға белсенді атсалысқаны үшін бірнеше рет марапатталды. Кеме жасау өндірісі басшы қызметкерлерінің мамандығын жетілдіру курсын бітірді.
А. Рябинина 20 жыл бойы әкімшіліктің бас маманы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның жауапты хатшысы есебінде мемлекеттік қызметте болды. Сонымен бірге облыстық радиода «Менің отбасым» авторлық бағдарламасын, «Талап» радиосында «Сіздермен бірге Виктория» хабарын жүргізді.
«Белый парус», «Жыр Жайық» өлеңдер жинағының авторы, облыстық байқаудың «Әсел жайлы таңдаулы әңгіме» номинациясы бойынша жеңімпазы. «Сіздермен бірге Жеңіс келді» кітабын шығарды. Қазір жаңа кітап жазу үстінде. Бірнеше суреттің авторы. (акварель).
А. Рябинина бірнеше алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Рябинина А. Девчатам 40-х… Розе Сергеевне Пискуновой (Возиной): стихи // Приуралье. -1991. – 27 ноября.
Рябинина А. Ветеранам: стихи // Приуралье. – 1995. – 9 мая.
Рябинина А. Жизнь, как песня // Приуралье. – 2006. – 28 февраля.
Рябинина А. «Поэзия моя, если умру я – ты живи» // Приуралье. – 2006. – 8 марта.
Рябинина А. Лики Алтая: впервые за всю историю Уральска в старообрядческой церкви открылась фотовыставка “Старообрядцы Алтая” // Приуралье. – 2014. – 23 декабря. – С. 12.
Рябинина А. Радость и смысл его жизни: Амангельды Акмурзин // Приуралье. – 2017. – 23 октября. – С. 8.
*****
Рябинина Альвина: өмірдерек // Ақжайықтың асыл арулары: энциклопедия. -Алматы, 2013. – Б. 94.