Салахатдинов Бақытжан Қонысбайұлы 1931 жылы Шыңғырлау ауданының Қарақай ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде еңбекке ерте араласып, ұжымшар даласында қолдап жұмыс істеген. Кейін бригада есепшісі, ауылдық Кеңестің хатшысы, ал 1946 жылдың шілде айынан аудандық партия комитетінің техсекретары, аудандық, облыстық комсомол комитеттерінің бөлім, сектор меңгерушісі болған.
1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру басталуына байланысты Жәнібек ауданына комсомол комитетін басқару жұмысына жіберіліп, мұнда 1958 жылға дейін, кейін туған жеріне оралып, партия, кеңес қызметтерінде істеген.
20 жылға жуық Шыңғырлау аудандық партия комитетінің жалпы бөлім меңгерушісі, еңбек демалысына шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстардан қол үзбей, ауылдық, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы қызметін атқарған. Б.Қ.Салахатденов «Серпін» газеті шыға бастаған алғашқы күндерден-ақ оның жұмысына белсене атсалысып, газет бетінде «Торыатбас», «Қос қыран», (Әлия мен Мәншүк туралы) т.б. ойлы өлеңдері жарық көрді.
Б.Қ.Салахатдиновтың игеру жылдары Қазақстан Орталық комсомол комитетінің мүшелігіне сайланып, Кремльде өткен Бүкілодақтық слетке делегат болып қатысқан. «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Салахатдинов Б. Дүбірге бөлеп даланы: өлең // Серпін. – 1991. – 8 наурыз.
Салахатдинов Б. Жазықты емес жастарым: өлең // Серпін. – 1991. – 26 ақпан. – Б. 3.
Салахатдинов Б. Жан толқыны: өлең // Серпін. – 1991. – 14 ақпан. – Б. 4.
Салахатдинов Б. Тылдағы ерлік: Ұлы Отан соғысы жылдарында // Орал өңірі. – 2014. – 18 қыркүйек. – Б. 14.
Салахатдинов Б. Жаужүрек барлаушы: Ұлы Отан соғысы кезіндегі жаужүрек барлаушы Серғали Сырымов туралы // Орал өңірі. – 2016. – 7 мамыр. – Б. 7.
Салахатдинов Б. Оңтайлы істің орайы келді: облыс Ұлы Отан соғысы жылдарында // Жайық үні. – 2016. – 9 маусым. – Б. 13.