Сатанова Ақзия Тұрғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Приуралье ауданы, Володарка ауылында 1965 жылы 7 қазанда дүниеге келген. Ақзия Төреғалиқызы 1988 жылы Орал мәдени-ағарту училищесін кітапханашы мамандығы бойынша бітірді. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-не түсіп, 2005 жылы «Кітапханашы-библиография» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
1988 жылдан бері күні бүгінге дейін Чувашка ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыстанып келеді. Ақзия Төреғалиқызы – кітапхана ісінде өзіндік орны бар, жұмыс барысында біліктілігімен, еңбекқорлығымен, кәсіптілігімен, белсенділігімен ерекшеленетін кәсіби маман. Ақзия Төреғалиқызы жұмысында жаңа әдістерді кеңінен қолданады. Ақзия Төреғалиқызының ұйымдастыруышылық және еңбекқорлық қасиеттері өте жоғары. Жыл сайынғы Елбасы Жолдаулары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әрдайым тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Округтегі мерекелік іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Округтегі қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшесі. Оқырмандармен жұмыс жасаған кезде сыпайылылық және әдептілікпен ерекшеленеді. Кітаптар және құжаттармен жұмыс кезінде тиянақты. Ауылдық округ тұрғындары арасында да ұжым алдында да лайықты сый құрметке ие. Қызмет барысында өзін адал, жауапкершілігі жоғары маман екенін көрсете білді.

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана басшылығынан, Х.Есенжанов атындағы балалар және жасөпірімдер кітапханасы басшысынан, Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінен, Бәйтерек ауданының ОКЖ басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.

2021 жылдың Ақзия Тұрғалиқызы көп жылдық кітапханадағы еңбектері үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.