Жобаның мақсаты:

2022 жылғы мерейтойлық кітаптарды облысымызға кеңінен насихаттау, барлық тұрғындарды  кітап оқуға шақыру, оқу мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету.

           Қазақстандық авторлардың мерейтой кітаптарының саяхаты Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада шараға старт беріліп, аудандарға саяхатқа шығатын мерейтой кітаптары аталған  кітапханалар арасында белгіленген маршруттарға сәйкес кеңінен насихатталады. Ақжайық, Бәйтерек, Бөкейорда,  Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі,  Шыңғырлау аудандарының, Орал қалалық кітапханалар жүйесінің кітапханаларында, облыстық арнаулы кітапханада жүзеге асырылады. Шара облыстық кітапханада қорытындыланады.