Ғайсағали Самиғоллаұлы Сейтақ 1958 жылы шілденің 1-інде Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында дүниеге келген.
1976 жылы қазіргі Жәңгір хан атындағы Орда орта мектебін, 1980 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын ( қазіргі М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
1980-1982 жылдары Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. 1982 жылдан облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. Қазір бас редактордың бірінші орынбасары. Сонымен қатар 2000 жылдан бері «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігінің БҚО бойынша меншікті тілшісі қызметін қоса атқарып келеді. Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің мүшесі.
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі. 1987 жылы бір топ өлеңдері «Жалын» баспасынан шыққан «Қарлығаш» ұжымдық жинағына енгізілген. Әр жылдары «Маңдай» ( «Жалын», 1990 ), «Аман бол, атамекенім» ( «Дастан», 1996 ), «Нарынның нар ұлдары» ( «Жазушы», 1998 ), «Ай-арудың алқасы» ( «Өлке», 2001 ), «Тек пен тамыр» ( «Арыс», 2005 ), «Жақыным менің – жалпақ ел» ( «Сөздік – Словарь», 2007 ) жыр кітаптары жарық көрген.
Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты ( 1987 жылдың қорытындысы бойынша ). Қ.Мырзалиев атындағы мүшайраның бас жүлдегері. Қазақ радиосы ұйымдастырған «Қазақстаным – қара шаңырағым» және облыстық «Орал өңірі» газетінің 90 жылдығына орай өткізілген «Жайық жырлайды» республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері.
«Қазақстан тәуелсіздігіне – 10 жыл» және «Астанаға – 10 жыл» мерекелік медалінің иегері.
Әдебиеттер:
Сейтақов Ғ. Маңдай: өлеңдер.-Алматы, 1990. – 112 б.
Сейтақ Ғ. Аман бол, Атамекенім: өлеңдер, поэма. – Орал: Дастан, 1996. – 160 б.
Сейтақ Ғ. Нарынның нар ұлдары: өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Жазушы, 1998. -176 б.
Сейтақ Ғ. Ай-арудың алқасы: өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Өлке, 2001. – 120 б. -(Батыс Қазақстан қаламгерлері)
Сейтақ Ғ. Тек пен тамыр: өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Арыс, 2005. – 328 б.
Сейтақ Ғ. Жақыным менің – жалпақ ел: өлеңдер. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. – 240 б.
Сейтақ Ғ. Қасиет қонған қара жер: өлеңдер мен тарихи дастан. – Алматы: Арыс, 2018. – 302 б.
*****
Сейтақов Ғайсағали: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.- Б.464-465.
Сейтақов Ғайсағали: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 353 – 354.
Сейтақов Ғайсағали: өмірдерек // Қос газеттің тарихы: меретойлық жинақ. – Орал, Жайық Пресс, 2013 . – Б.105-106.