1967 жылы 11 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы (қазіргі «Бөкей орда»), Бисен ауылында туған. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тамамдаған.
Еңбек жолын 1985 жылы аудандық «Орда жұлдызы» газетінен бастаған. Облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінде еңбек еткен. Қазір облыстық қоғамдық-саяси «Жайық үні» газетінің бас директоры, бас редакторы.
2003 жылы «Арыс» баспасынан «Махаббат бағы» атты тұңғыш кітабы жарық көрген. «Шүберек қуыршақ» (2006), «Жүректегі құпия» (2009) атты жинақтардың авторы. Әңгімелері «Қос ішек – Струны душы» (2000), «Ақ желкен» (2001), «Жыр Жайық» (2003), «Жайықтың мөлдір сырлары» атты ұжымдық жинақтарға енген.
2001 жылы республикалық деңгейдегі ХХІ ғасыр «Ғажайып әйел» байқауының «Үздік әңгіме» номинациясының бас жүлдегері. 2002 жылы Халықаралық V «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталған.
2019 жылы ҚР Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі, “Жайық үні” ЖШС газеті редакциясының директоры-бас редакторы Мира Шүйіншәлиева “Алаш” әдеби сыйлығын иеленді.
Әдебиеттер:
Шүйіншәлиева М. Махаббат бағы: әңгіме. – Алматы, 2003. – 70 б.
Шүйіншәлиева М. Шүберек қуыршақ: повесть пен әңгімелер. – Алматы, 2006. – 160 б.
Шүйіншәлиева М. Жүректегі құпия: повесть, новелла, әңгімелер. – Орал, 2009. – 360 б.
Шүйіншәлиева М. Өкініш: повесть пен әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 2014. – 568 б.
Шүйіншәлиева М. Ар азабы: пьессалар, хикая мен әңгімелер. – Алматы: Үш қиян, 2017. – 419 б.
Шүйіншәлиева М. Жүз он жыл өтсе де есімі ел жадында // Жайық үні. – 2018. – 25 қазан. – Б. 9.
Шүйіншәлиева М. Сананы сілкіп, Жайықты жаңғыртқан рух! // Жайық үні. – 2018. – 24 мамыр. – Б. 7 – 10.
Шүйіншәлиева М. “Қаратөбенің қасиетінен қорқамын” // Жайық үні. – 2019. – 18 сәуір. – Б.12 – 13.
*****
Шүйіншәлиева Мира: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 436 – 437.
Шүйіншәлиева Мира: өмірдерек // Ақжайықтың асыл арулары. – Алматы, 2013. – Б. 272.
Шүйіншәлиева Мира: өмірдерек, әңгіме // Жыр – Жайық. – Орал, 2003. – Б. 83 – 98.
Шүйіншәлиева Мира: өмірдерек, әңгіме. – Орал, 2005. – Б. 83 – 94.