Шакелова Динара Сансызбайқызы 1984 жылы 1 шілдеде Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында дүниеге келген. 1991 жылы М.Әуезов атындағы №2 қазақ орта мектебіне қабылданып, оны 2001 жылы бітірген. 2001 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығына оқуға түсіп, оны 2005 жылы бітірген.
2005 жылдың 12 қыркүйегінде Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөліміне библиограф болып жұмысқа қабылданды. 2006 жылдан өлкетану әдебиеттері бөлімінде библиограф болып жұмыс істеп келеді.

Динара Сансызбайқызы өз қызметінде бөлімге келген оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында бөлімде атқарылатын жұмыстарды насихаттауды ұйымдастырады, оқырмандар құрамын, олардың ақпараттық сұранымдарын, қосалқы қор құрамы мен оның пайдалануын зерттейді. Өлкетану сипатындағы анықтама-библиографиялық қызметті жүргізеді, әр түрлі тақырыптар бойынша қазақ тіліндегі ұсыныстық құралдар дайындап, баспаға әзірлейді, көпшілік ақпарат жұмыстарын жүргізеді. Кітапхананың zkolib.kz сайтындағы мәліметтерді жаңарту, жобаларын толықтырумен жұмыстанады, өлкеге танымал тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы шығарылған баспа құралдарын электронды ресурсқа жинақтап, мерзімді басылым беттеріндегі өлкетануға қатысты құжаттардың толық мәтінді электронды қорын қалыптастырумен шұғылданады.

2008 жылы Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырған жас кітапханашылардың республикалық слетіне қатысып, «Ғылыми жұмыс» номинациясы бойынша 2-орынды иеленді. 2010 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «БҚО Жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Жыл үздігі -2010» Батыс Қазақстан облысы жастарының премиясы, «Үздік жас мәдениет қызметкері» номинациясының дипломына ие болды.2021 жылы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.