Шапошникова Елена Владимировна Орал қалалық кітапханасының абонемент бөлімінің меңгерушісі.

Шапошникова Елена Владимировна 1962 жылы дүниеге келген. Білімі арнаулы жоғары. «М. Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы» ММ 2005 жылдан бері абонемент бөлімінің меңгерушісі лауазымында. Жалпы кітапханалық жұмыс өтілі 38 жыл, қалалық кітапханада 17 жыл.
Елена Владимировна жауапкершілігі жоғары, білімді маман. Компьютерлік сауаттылық және қазақ тілі курстарын бітіріп шықты. Өз жұмысында стационардан тыс қызмет көрсетуге аса назар аударады. 2006 жылдан бері 5517 әскери бөлімінде кітап беру орны жүйелі жұмысын жүргізіп келеді. Сонымен қатар қалалық мәдениет бөліміне қарасты «Ақниет» есту қабілеті нашар азаматтарға арналған клубта кітап беру орны бар.
Егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйден қызмет көрсету де назардан тыс қалмайды. Жазғы демалыс уақытында қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы буккросинг сөресінде басылымдарды саябақ демалушыларына ұсынады.

Бірнеше алғыс хаттар иесі. 5517 әскери бөлім командирі, ҚР «Батыс» Ұлттық гвардия басшылығы, қалалық мәдениет бөлімі, 2022 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қоғамдық бірлестігінің “Еңбек даңқы” медаліне ие болды.