Шотпанов Адақ Танабайұлы 1958 жылы туған, білімі жоғары, Қызылкөл селолық округінің Ұрысай ауылында дүниеге келген. Правда ауылынан 1973ж. 8 кластық бітірген,1975 ж. Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебін 1979 ж. бітіріп, осы жылы Орал қаласының А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын алған. Еңбек жолын 1979 жылы Қайыңды сегіз жылдық мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастады.
1982 жылдың тамыз айынан Қотантал сегіз жылдық мектебінің директоры болып қызмет атқарған.
1993 жылдың қараша айынан Шыңғырлау ауданы әкімшілігінде тіл және ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдың тамыз айынан аудандық маслихат хатшысы болып сайланды.
2007 жылдың қараша айынан Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінде, мектеп директорының орынбасары. Әр жылдарда аудандық партия комитетінде үгіт насихат бөлімінде нұсқаушы болып жасаған. Тіл комитетінің бастығы, ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметтерін атқарып, Шыңғырлау аудандық маслихат хатшысы қызметінде де қызмет атқарған.
Қазіргі кезде 2011 жылдың тамыз айынан бастап, Шыңғырлау аудандық «Серпін» газетінде бас редакторлық қызметін атқаруда.

Әдебиеттер:

Шотпанов А Киелі Хан Ордасы: Бөкей Ордаға сапар // Серпін. – 2010. – 26 маусым.
Шотпанов А. Шоқайтерек: өлең // Серпін. – 2010. – 25 қыркүйек. – Б.5.
Шотпанов А. Жақсылар бар қимайтын: өлең Қ.Мырза-Әлиді еске алу // Серпін.-2011. – 5 ақпан. – Б. 3.
Шотпанов А.Сезімтал да, өнерлі жан еді: С.Жанатаровты еске алу // Серпін. – 2011. – 5 ақпан. – Б. 3.
Шотпанов А. Шыңғырлау мектебінің вальсі: өлең // Серпін. – 2011. – 2 шілде. – Б. 5.
Шотпанов А. Аққұмнан ұшқан Ақберен // Серпін.-2012. – 22 желтоқсан. – Б. 5.
Шотпанов А. Аманатқа адал ұрпақ: Асмақ Қаймолда туралы өлең // Серпін. – 2012. – 20 қазан.
Шотпанов А. Аппақ қала Ақсайым, көркейе бер жыл сайын: Ақсай қаласына 45 жыл // Серпін. – 2012. – қазан.
Шотпанов А. Баһадүр Бөкенбай есімі ұлықталды // Серпін. – 2012. – № 52. – Б. 5.
Шотпанов А. Киелі Қаратөбе қасиетті, өзіндік өнерімен тәнті етті: өлең // Серпін. – 2012. – 22 қыркүйек.
Шотпанов А. Тасмола мектебі: өлең // Серпін. – 2012. – 3 қараша. – Б. 4.
Шотпанов А. Шыңғырлаудың жеті кереметі: өлең // Серпін. – 2012. – 28 шілде. – Б.5.
Шотпанов А. Футбол: өлең // Серпін. – 2012. – №27. – Б. 5.
Шотпанов А. Қыз әулие сарқырамада мекендей ме?: Сарқырама бұлағы жайында // Орал өңірі. – 2014. – 7 тамыз. – Б. 15.
Шотпанов А. Ақ Жайығын жырлайды ақын жүрек: ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті // Орал өңірі. – 2014. – 23 желтоқсан. – Б. 12.
Шотпанов А. Баһадүр Бөкенбай батыр көшесі: Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында даңқты қолбасшы, саясаткер Бөкенбай Қарабатырұлына Шыңғырлау ауданының орталығынан көше аты берілді // Орал өңірі. – 2015. – 29 қыркүйек. – Б. 5.
Шотпанов А. Аққұмның Ақкербезі – қазақтың Қалампыры: Шыңғырлау ауданының орталық саябағында “Аққұмның Ақкербезі” атанған әнші-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қалампыр Рахимованың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында ескерткіш мүсін ашылды // Орал өңірі. – 2015. – 3 желтоқсан. – Б. 6.
Шотпанов А. Дос туралы сыр: Шыңғырлау аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған Сарбай Нәсіпұлы Оразғұлов жайында // Орал өңірі. – 2015. – 5 қараша. – Б. 11.
Шотпанов А. Баянды бақыт: Алмаз ауылдық округінің әкімі Ғаббас Қайырғалиев туралы // Орал өңірі. – 2016. – 19 мамыр. – Б. 8.
Шотпанов А. Төрінде айтыс өтті Шыңғырлаудың: Шыңғырлауда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған “Шежірелі Шыңғырлау” атты облыстық ақындар айтысы өтті // Орал өңірі. – 2016. – 25 ақпан. – Б. 24.
Шотпанов А. Цифрландыру мәселесі талқыланды: Шыңғырлау ауданында “Цифрлық Қазақстан және мемлекеттік қызметтер көрсету тақырыбында семинар-кеңес өткізілді // Орал өңірі. – 2018 . – 24 мамыр. – 11.
Шотпанов А. Үш мың жәдігері бар жаңа музей: Шыңғырлау ауданының орталығында тарихи-өлкетану музейі ашылды // Орал өңірі. – 2018. – 13 қаңтар. – Б. 6.