МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Ақбұлақ ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, БҚО мәдениет басқармасы, Жұбан Молдағалиев атындағы ОӘҒК

Құрылған жылы: 1958

Аудан орталығынан арақашықтығы: 32

Облыс орталығынан арақашықтығы: 282

Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген

Аумағы: 70 м2

Оқу залындағы орын саны: 12

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Тұрғын саны: 528

Оқырман саны: 410

Кітап қоры: 24896

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен жайы және байланыс телефоны: БҚО Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ ауылы

Кітапхана кітапханашысының аты-жөні: Дарисова Нуриля Уразовна

Ақбұлақ ауылдық кітапханасы

Ақбұлақ әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы – Шыңғырлау ауданынан оңтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан. Қазіргі таңда халық саны – 528 адам. Тасмола (қазіргі Ақбұлақ) ауылдық кітапханасы 1958 жылы құрылған. Алғашқы кітапханашысы Даулетиярова Баян Қонысқызы 1960 жылы туылған, білімі арнаулы жоғары, Шымкент мәдени-педагогикалық институтының «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі – 32 жыл. 1982 жылы Аудан комитетінің мақтау қағазымен, 2005 жылы «Ауыл энциклопедиясын» жасауға атсалысқаны үшін «Алғыс хатпен», 2012 жылы мәдениет қызметкерлері күніне орай Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Талғат Ишекеновтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратында орналасқан кітапхана 2021 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңадан ашылған мәдениет үйіне көшіріліп, қызмет ете бастады.
Ақбұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Дарисова Нұриля Уразовна.
Кітапхана оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу арқылы жеткізу мақсатында еліміздің ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған инновациялық, көпшілік шаралар ұйымдастырылады.
2022 жылдан бастап балалардың назарын кітапқа аударту, оларды кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар-ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу, оқырмандарды жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен таныстыру, кітапхананы балалар үшін мейірімді, рухани, ақпараттық, танымдық орталық ету мақсатында «Білім кітапта» жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар кітапханада «Кітапқұмарлар» әуесқойлар клубы жұмыс жасайды.
Кітапханашы оқырмандарға қажетті ақпараттың тиімдісін ұсына отырып, олардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру бағытында көптеген тәрбиелік маңызы зор шаралар ұйымдастырып, кітапхана оқырмандарының кітаппен, ақпаратпен жұмыс жасауына көмектесіп, оқу мәдениеттілігіне тәрбиелеп келеді. Кітапхана оқырмандары түрлі республикалық, облыстық байқауларға белсене қатысады. 2020 жылы оқырмандар арасында Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде Қадыр оқулары, «Жерлес ақындардың өлеңдерін оқимыз облыстық поэтикалық марафон, «Аталар ерлігі – ұрпаққа ұлағат» облыстық шығармашылық жұмыстар байқауы, «Соғыс қасіреті – майдангерлер көзімен» атты челленджіне, 2021 жылы аудан көлемінде ұйымдастырылған «Ауылдық кітапхана – оқырмандар мәдениетін дамытатын орын» онлайн байқау, «Оқырман отбасы – 2021» аудандық байқауға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып, марапатталды.
Кітапханашы жұмысының басты ерекшелігі – Қазақстан жазушыларының әдебиеттерін, өлкетану әдебиеттерін насихаттап, көпшілік шаралардың тиімді түрлерін оқырмандардың ой-өрісін, талап-тілегін өзінің алдына қойған мақсатымен ұштастыра отырып ұйымдастыруында.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Ақтау модельді ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі

Құрылған жылы:
Аудан орталығынан арақашықтығы: 65
Облыс орталығынан арақашықтығы: 285
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 134,2 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 350
Кітап қоры: 20174

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен жайы және байланыс телефоны: БҚО Шыңғырлау ауданы,
Ақтау ауылы
Кітапхана кітапханашысының аты-жөні: Амангалиева Ажар Конысовна

Ақтау модельді ауылдық кітапханасы

Ақтау ауылы – Ақтау ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Аудан орталығы – Шыңғырлау ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 65км шақырым жерде Шыңғырлау (Утва) өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қазіргі кезде кітапханашы Аймангалиева Ажар қызмет етуде.
Ақтау модельді ауылдық кітапханасының мақсаты жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, тең мүмкіндікті қоғамның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қол жетімділікті, сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз етіп, оқырмандарға әлеуметтік мәдени ортаның құндылығын сіңдіріп, кітап оқудың құндылығы мен маңыздылығын және ұлттық дәстүрлермен патриоттық тұрғыда насихаттау арқылы рухани бай тұлға қалыптастыру болып табылады.
Кітапхана өз жұмысын өрістету негізінде ауыл тұрғындарына кітапхана ісін пайдалануға, қор әдебиеттерінің кеңінен оқылуы мақсатымен оқырмандарды мерзімді басылымдар мен әдебиеттерді оқуларына көңіл бөле отырып, кітап оқуды насихаттау және атаулы мерекелерге орай көптеген қызықты кітапханалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Кітапхана жұмысы туралы ақпараттар фейсбук әлеуметтік желісіндегі Ақтау модельді ауылдық кітапханасы парақшасында жарияланып отырылады.
2022 жылдан бастап жастардың кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, оларды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де, мәдениетті болып тәрбимеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін кітапхана тарту; жастармен әртүрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында «Кітапхана жастардың шығармашылық алаңы» жобасымен жұмыстануда. Сонымен қатар оқырмандардың қызығушылығына орай ұйымдастырылған «Денсаулық» әуесқойлар клубы жұмыс жасайды.
Кітапхана жетістіктері:
2020 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен «Маған ұнаған жыр…» атты поэтикалық онлайн жыр байқауында Ақтау модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Бисенбиева Раушан сертификатқа ие болды.
2020 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы отбасы күніне орай ұйымдастырылған “Әкеміз бен анамыздың балалық шақтағы кітаптары” атты облыстық онлайн – сауалнамаға қатысқаны үшін Ақтау модельді ауылдық кітапханасының оқырмандарына сертификат табысталды.
2020 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Жерлес ақындардың өлеңдерін оқимыз» тақырыбындағы поэтикалық марафонға белсене қатысқан Ақтау модельді ауылдық кітапханасының оқырмандарына кітапхана директоры З.Утешованың атынан сертификаттар табысталды.
2021 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас ұрпақты патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, өз өлкесінің мәдени-тарихи өміріне деген сүйіспеншілік пен сыйластықты баулу мақсатында ұйымдастырылған «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты облыстық онлайн сурет байқауының қорытындысы бойынша 1-4 сынып оқушылары арасынан Ақтау модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Бауыржан Мадияр III дәрежелі дипломымен марапатталды.
2021 жылы 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Қазақ әдебиетінің үш алыбы» атты онлайн оқуға белсене қатысқаны үшін Ақтау модельді ауылдық кітапханасының сертификат табысталды.
2021 жылы Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Алма сөресі» кітап эстафетасына қатысып, ерекше балалар арасында кітап пен оқуды насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Ақтау модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Аймангалиева Алғыс хатпен марапатталды.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Ақшат ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі

Құрылған жылы:
Аудан орталығынан арақашықтығы: 78
Облыс орталығынан арақашықтығы: 290
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген)
Аумағы: 72,4 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 763
Кітап қоры: 20212
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен жайы және байланыс телефоны: БҚО Шыңғырлау ауданы,
Лубен селосы тел.51403
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Араппаева Нургуль Денисламовна

Ақшат ауылдық кітапханасы

Ақшат ауылы – Шыңғырлау ауданындағы ауыл әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы – Шыңғырлау ауданынан оңтүстікке қарай 80 км жерде, Шыңғырлау (Утва) өзенінің сол жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны – 1303 адам. Кітапханашы Арапбаева Нұргүл Денисламқызы, білімі арнаулы орта, кітапханалық еңбек өтілі – 11 жыл.
Кітапхананың көп түрлі қызметі кітап арқылы рухани бірлікті, халықтар достығын, ұлттық тарихи мұраларды, салт-дәстүрлерді сақтап одан әрі дамытуда, мәдениет пен тарихқа деген құрметті тәрбиелеуге бағытталған.
Кітапхананың көп түрлі қызметі кітап арқылы рухани бірлікті, халықтар достығын, ұлттық тарихи мұраларды, салт-дәстүрлерді сақтап одан әрі дамытуда, мәдениет пен тарихқа деген құрметті тәрбиелеуге бағытталған. Кітапханада «Табиғат сақшылары» әуесқойлар клубы және оқырмандарды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, еңбеққор ұрпақты тәрбелеу, кітапты сүйе білеуге, кітапты қадірлеуге, оқырмандарды жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен таныстыру мақсатында «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітапханалық жобасы бойынша жұмыс жүргізіледі.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Алмаз ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет спорт
министрлігі
Құрылған жылы:
Аудан орталығынан арақашықтығы: 125
Облыс орталығынан арақашықтығы: 270
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы: 184,3 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 310
Кітап қоры: 21112
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен жайы және байланыс телефоны: БҚО Шыңғырлау ауданы,
Алмаз ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Жетмекова Жаркынай
Муханбеткалиевна

Алмаз ауылдық кітапханасы

Алмаз ауылы – Шыңғырлау ауданындағы ауыл әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы – Шыңғырлау ауданынан оңтүстікке қарай 125км қашықтықта орналасқан. Іргесі 1961ж. «Алмаз» астық өсіру кеншары ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Алмазда және оған қарасты Сегізсай, Константиновка селоларында «Нұрлыбек», «Қуан», «Жомарт», «Баянас», «Алтынбек» шаруа қожалықтары құрылған. Ауылда орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар. Кітапханашы Жетмекова Жарқынай Мұқамбетқалиқызы 1967 жылы туылған, білімі арнаулы орта, Орал мәдени ағарту училищесін бітірген. Еңбек өтілі -35 жыл.
Бүгінгі таңда кітапхана ақпараттық орталық болғандықтан мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу басты бағытттарының бірі болып табылады. Ұлтымыздың болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлінуде, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына, білімді, зерек болып өсуіне ықпал ететін шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Сонымен қатар кітапхана жұмысында өлкенің тарихи құндылықтарынжинақтап, сақтауға баули отырып, оқырмандарды елжандылық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға баса назар аударылады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Аққұмда ізі қалған ұлы есімдер» атты жоба көпшілік оқырмандары мен жұмыстар жүргізіліп, кітапхананың жас оқырмандарына арналған «Ойнаймыз, Ойлаймыз, Оқимыз» атты бағдарлама аясында жұмыстанып отыр. Кітапханада «Шапағат», «Жігер» қызығушылар клубы жұмыс істейді.
Кітапхана жетістері:
– «Кітапханалық өлкетану: Мәңгілік руханият бастауы» аймақтық семинар «Аққұмда ізі қалған ұлы есімдер» кітапханалық жобаның таныстырылымы (2019 ж)
– «Ғаламат жыр тудырар ақын бейне» атты республикалық әдеби жыр байқауында (қашықтан) ақынның туындыларын жүрекпен оқып, жүрекке жеткізе білген Алмаз ауылдық кітапханасының белсенді оқырманы Дархан Мақсотов «Өлеңдері өмірдің өзіндей» аталымы бойынша II орынға ие болды (2019 ж);
– «Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады» республикалық Интернет байқауында Алмаз ауылдық кітапханасының оқырманы Муканова Айгерімге сертификат берілді. (2020)
– Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Reading ABAI” халықаралық онлайн – флешбугіне қатысып Алмаз ауылдық кітапханасының оқырманы Орынбасарова Мейрамгүл жүлделі II орынға ие болды. (2020 ж)
– Ақжайық аудандық кітапханасы ұйымдастырған «Алаштың асыл ардағы» атты аймақтық байқауға қатысып Алмаз ауылдық кітапханасының оқырмандары «Поэмалар керуені» топтық мәнерлеп оқу бағыты бойынша ақынның «Жесір тағдыры» поэмасын оқып ІІІ орынға ие болды. (2020 ж)
– Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы атынан Қазақстанның Халық жазушысы КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған “Мен – қазақпын” онлайн бейнежазба байқауына қатысқаны үшін Алмаз ауылдық кітапханасының оқырманы Мақсотов Дархан алғыс хатпен марапатталды. Осы байқауда қатысушыға қолдау көрсетіп, жас ұрпақты тәрбиелеудегі шығармашылық шеберлігі үшін Алмаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жетмекова Жарқынай Мухамбетқалиқызы да Алғыс хатқа ие болды. (2020 ж)
– Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты ұлттық мәдениетті құрметтеу рухында тәрбиелеу, халық дәстүрлерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырған «Сыңғыр шолпы, шаш бауың, жарасады таққаның» атты облыстық онлайн – фотосурет байқауына аудан көлеміндегі кітапхана оқырмандары үлкен қызығушылықпен қатысып, байқау қорытындысы бойынша Алмаз ауылдық кітапханасының оқырманы Динара Төлеубаева I орынға ие болды. (2021ж)
– 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Қазақ әдебиетінің үш алыбы» атты онлайн оқуға Алмаз ауылдық кітапханасының оқырмандарына белсенділік танытып қатысқаны үшін сертификат табысталды. (2021ж)
– Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Алма сөресі» кітап эстафетасына қатысып, ерекше балалар арасында кітап пен оқуды насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Алмаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Жетмекова Алғыс хатпен марапатталды. (2021ж)

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Амангелді ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі
Құрылған жылы:
Аудан орталығынан арақашықтығы: 46
Облыс орталығынан арақашықтығы: 238
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 44,8 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 200
Кітап қоры: 23129

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен жайы және байланыс телефоны: Шыңғырлау ауданы,
Амангелді ауылы тел.50578
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Успанова Слушаш Умерзаковна

Амангелді ауылдық кітапханасы

Амангелді – Ащысай ауылдық округіне қарасты ауыл. Аудан орталығы – Шыңғырлау ауылынан 46 км жерде орналасқан. Кітапханашысы Успанова Слушаш. 1982 жылы туылған, білімі арнаулы орта. Еңбек өтілі – 11,4 жыл.
Қазіргі уақытта кітапхана жергілікті тұрғындардың талап-тілектері мен сұраныстарының жан-жақты ақпараттың қажеттіліктерін ескеретін мәдени-ағарту орталығы болып табылады. Кітапхананың негізгі мақсаты – оқырмандардың ақпараттық қорларға тегін және еркін енуін қамтамасыз ету, кітап қорын толықтыру, мәдени мұраларды сақтау және насихаттау болып табылады. Кітапхана оқырмандарды әдебиет әлеміне жетелеп, жасөспірімдердің Отанға, өлкесіне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында қызмет етуде. Кітапханада «Жас эколог» әуесқойлар клубы қызмет етеді, балалардың экологиялық білімдерін қалыптастырып, қоршаған ортаны танып білуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Клуб мүшелері табиғатты қорғау және оны жақсарту туралы ақпараттарды жинақтап, насихаттайды.
Кітапханада 2022 жылдан бастап оқырмандардың әдеби кітап оқуға ынтасын арттырып, сөздік қорын молайту, отандық көркем туындылармен таныстыру,оқырмандардың сөздік қорын молайтып, дамыту, әр оқырманның жас ерекшелігін ескеріп, сондай-ақ талғамына қарай әдебиеттерді ұсыну мақсатында «Оқу сағаты» жобасы бойынша жұмыстануда.
Кітапхана жетістіктері:
Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасының құрылғанына 50 жыл толуына орай зағип және нашар көретін оқырмандар арасында «Кітапхана менің өмірімде» атты «Ең үздік шығарма» байқауына Амангелді ауылдық кітапханасының оқырманы Гумарова Бибінұр Тілекқабылқызының жұмысы жолданып, байқау қорытындысында белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталып, ақшалай сыйлық сертификатына ие болды.
Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Reading ABAI” халықаралық онлайн-флешбугіне қатысып Амангелді ауылдық кітапханасының оқырманы Ибрагимова Айкөркем жүлделі III орынға иеленді.
Облыстық «Жерлес ақындардың өлеңдерін оқимыз» тақырыбындағы поэтикалық марафонға белсене қатысқан Амангелді ауылдық кітапхана оқырмандарына Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапхана директоры З.Утешованың атынан сертификаттар табысталды.
Жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиұлының туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қанатты сөз, қарымды қалам иесі» тақырыбындағы облыстық жыр мүшәйрасына қатысқан Амангелді ауылдық кітапханасының және Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханаларының оқырмандары Алғыс хатпен марапатталды.
Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Алма сөресі» кітап эстафетасына қатысып, ерекше балалар арасында кітап пен оқуды насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Амангелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Успанова, Алғыс хатпен марапатталды.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Ардақ ауылдық кітапхана
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы:
Аудан орталығынан арақашықтығы: 42
Облыс орталығынан арақашықтығы: 280
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 116,9 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 240
Кітап қоры: 14458
Қызмет көрсету түрі: Мәдени ақпараттық қызмет
Мекен жайы және байланыс телефоны: Шыңғырлау ауданы,
Ардақ ауылы БҚО 50914
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Жаумбаева Актилек Айтжановна

Ардақ селолық кітапханасы

 

Ардақ ауылы – Полтавка селолық округінің әкімшілік орталығы.Аудан орталығы – Шыңғырлау ауданынан солтүстік- батысқа қарай 42 км жерде орналасқан.Тұрғындар саны – 320 адам. Ардақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жауымбаева Ақтілек Айтжанқызы, білімі арнаулы орта, кітапханалық еңбек өтілі – 12 ж.

Кітапханада «Табиғат сақшылары» атты жас экологтар клубы қызмет етеді. Кітапханада жоспарлы түрде оқырман конференциясы, әдеби кештер, дөңгелек үстел т.б көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оқырмандарының рухани азықпен сусындатып, керекті ақпарат көздерімен сұраныстарын қанағаттандырып отырады.

Ардақ ауылы – Полтавка селолық округінің әкімшілік орталығы.Аудан орталығы – Шыңғырлау ауданынан солтүстік- батысқа қарай 42 км жерде орналасқан.Тұрғындар саны – 320 адам. Ардақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жауымбаева Ақтілек Айтжанқызы, білімі арнаулы орта, кітапханалық еңбек өтілі – 12 ж.
Кітапханада «Табиғат сақшылары» атты жас экологтар клубы қызмет етеді. Кітапханада жоспарлы түрде оқырман конференциясы, әдеби кештер, дөңгелек үстел т.б көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оқырмандарының рухани азықпен сусындатып, керекті ақпарат көздерімен сұраныстарын қанағаттандырып отырады.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Аудандық орталық кітапхана
Ведомстволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі
Құрылған жылы: 1939ж
Аудан орталығынан арақашықтығы:
Облыс орталығынан арақашықтығы: 230
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 602,2 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 3757
Кітап қоры: 34917
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен жайы және байланыс телефоны: Шыңғырлау ауданы, Тайманова 93, тел: 34012
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Қуанаева Гүлсім Фазылқызы

Аудандық орталық кітапхана

Шыңғырлау аудандық кітапханасы 1939 жылы көпшілік кітапханасы болып құрылған. Қазіргі кезде аудандық кітапхана білім, ақпарат және мәдени орталық. Кітап қорында 34917 дана кітап бар. Соның ішінде қазақ тіліндегі басылымдар 18888. Кітапханада оқырмандардың кәсіби шеберліктерін жетілдіруде, өз беттерімен білім алуына, ізденістерін қанағаттандыруда, кітапханалық қызметті сапалы ұйымдастыруда кітапханада бөлек топтар мен оқырмандар категориясына жеке тұрғыдан қызмет көрсетіледі. Бүгінгі таңда аудандық орталық кітапханасы 3757 оқырманға ақпараттық қызмет көрсетуде.
Ақпараттық жұмыстардың жаңа тәсілдерін іздеу, кітапхана жұмысын автоматтандыру бағытында 2006 жылдан бастап Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасы «Kazaks Sogi» компаниясы құрастырған КАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізіліп, электронды каталог жасақталуда. Қазіргі уақытта КАБИС бағдарламасы бойынша жаңа түскен басылымдарды өңдеп, каталогтау, мерзімді басылымдар мақалаларын анықтамалық-библиографиялық сипаттау, оқырмандардың тақырыптық сұранысы бойынша іздеу, ретрофонд кітаптарын енгізу, оқырмандар картотекасын жасақтау бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі оқу залынан және абонементтен тұрады. Бөлімнің басты мақсаты пайдаланушылардың ақпараттық сұранысын қанағаттандыру және рухани-мәдени деңгейін көтеру, ел тарихындағы аса маңызды оқиғаларды, мәдени-әлеуметтік, саяси-экономикалық өзгерістерді баспасөз материалдарының желісімен кеңінен насихаттау. Оқырмандар деңгейіне қарай сұраныстарға дифференциялық қызмет көрсетеді. Жаңа оқырманға ақпараттарды іздестіру, анықтама аппаратымен қолдану тәсілін түсіндіріп, бағыт беріп отырады.Оқу залы
Оқу залы – оқырманның қазіргі заманғы және өзекті әр түрлі тақырыптағы ақпараттық сұраныстарын қанағаттандырып, жеке жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасалған орын. Оның басты қағидаттары жалпыға бірдей қолжетімділік, жедел және толық орындалатын сұраныстар.
Оқу залында әдебиеттердің барлық саласы бойынша кітаптар мен брошюралар жинақталып, өлкетану әдебиеттерімен, анықтамалықтар, энциклопедиялар, оқырманның барлық сұранысына жауап беретін әдебиеттермен толықтырылып отырылады.
Бөлім көрсететін қызметтер:
• кітап басылымдарымен жедел және сапалы қызмет көрсету;
• қажетті тақырыпта ақпаратты іздестіру және жедел тауып беру;
• ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңестік көмек беру;
• оқу залы қорын пайдаланып анықтама орындау;
• тақырыптық, ақпараттық көрмелер ұйымдастыру;
• ақпарат күндерін өткізу.
Абонемент
Абонемент бөлімі кітапхананың жеке абонемент арқылы әдебиеттерді уақытша үйге пайдалануға беру жұмыстарын іске асыратын құрылым болып табылады. Бөлім әр түрлі топтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Атап айтқанда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс атқарылуда. Бұл жұмыс екі бағытта атқарылады: денсаулығына байланысты кітапханаға қатынай алмайтын адамдарға үйде қызмет көрсету және кітапхана қабырғасында бос уақытты ұйымдастыру.
Бөлім көрсететін қызметтер:
• оқырмандардың бойында ақпараттық мәдениет пен кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
• қоғамның кітап оқымайтын топтарына оқуды насихаттау;
• кітапханадан тыс жылжымалы кітапханаларды ұйымдастыруӘдістемелік-библиографиялық бөлім
Әдістемелік-библиографиялық бөлім аудандағы ауылдық бөлімше кітапханаларына әдістемелік орталық болып саналады. Бөлім ауылдық кітапханаларға көмек көрсетіп, оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Оқырманның түрлі дәрежелі топтарына жедел кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетуде орыс және қазақ тілінде әлеуметтік ерекшелігін олардың сұранысын, қызығушылығын ескеріп, әдебиеттердің ұсыныстық тізімдері, атаулы күндерге және ақын-жазушыларға, мерейтой иелеріне арналған әдістемелік-ұсыныстық көрсеткіштер шығарып отырады.Бөлім көрсететін қызметтер:
• кітапханалардың жұмыс сапасы мен нәтижесін арттыру;
• кітапханалық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау мәселесі бойынша кітапхананың құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты үйлестіру;
• ауылдық кітапханалармен өзара байланыста болу;
• мамандардың кәсіби, шығармашылық қабілетін арттырып, дамыту;
• әдістемелік құралдар, шығармашылық жобалар;
• Семинар-кеңестер, байқаулар өткізу;
• Іс-сапарларға шығу.Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі қорды қалыптастырумен айналысады. Кітап айырбасын жүзеге асырады. Кітапхана қорының жиынтық және жекелей есебін жүргізіп, жаңа түскен басылымдарға электронды каталогтың ДБ қалыптастырады, кітапхананың бас каталогын ұйымдастырады. Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының кітапты толықтыру және өңдеу бөліміне жыл сайын алты мыңға жуық жаңа әдебиеттер келіп түсіп, жыл бойына 88 аталым бойынша мерзімді басылымдарға жазылады. Оның ішінде мемлекеттік тілде барлығы 67 аталым.
Бөлім көрсететін қызметтер:
• Кітапхана қорын оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес қалыптастыру;• кітапханаға түскен басылымдарды КАБИС бағдарламасының «Каталогизатор» модулі бойынша қабылдау, қадағалау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу, каталогке енгізу және оны тиісті бөлімдерге тапсыру;
• кітапхана қоры қозғалысының санағын жүргізу;Бірыңғай қорды ұйымдастыру және пайдалану бөлімі
Бұл бөлімнің кітап қорында Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша құнды басылымдар жинақталған. Бірыңғай қорды ұйымдастыру және пайдалану бөлімі өз жұмысының барысында кітапхана жұмысының барлық түрлерін басшылыққа ала отырып бірыңғай қормен орталық кітапхана жүйесіндегі әдебиеттерді насихаттауға ықпал етеді. Кітап қорындағы басылымдар туралы ақпараттар беріп, қажет басылымның қай қорда екенін анықтап, басылымдардың кітапханаралық пайдалануын және мектептер мен мекемелерде кітап көрмелерін ұйымдастырады.Кітапхана жетістіктері:
2017 жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ж.Молдағалиевтың туған күніне орай өткен «Артында өшпейтұғын сөз қалдырған» атты XXVII облыстық «Жұбан оқулары» байқауына Шыңғырлау ОКЖ-сі атынан Шыңғырлау ЖОББМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сейтова Айнур Жасталапқызы қатысып бас жүлдеге ие болды.
2019 жылы 29 қараша күні ауданда өткен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ OSKARY – 2019» және «ЖЫЛ ҮЗДІГІ» премиясын табыстау кешінде Аудандық орталық кітапханасында ұйымдастырылған «Кітап – уақыттың мәңгілік куәгері» атты библиотүн бағдарламасы жылдың үздік шарасы аталып, марапатталды.
2020 жылы Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының балалар мен жасөспірімдермен жұмыс жүргізу әдіскері Айтжанова Гүлназ Оразғалиқызы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылар арасында ұйымдастырған «Абай – қазақ халқының алтын діңгегі» атты облыстық онлайн трибьютке қатысып «Креативті жас кітапханашы» номинациясы бойынша дипломға ие болып, марапатталды.
2020 жылы кемеңгер ойшыл, ұлтымыздың тарихында ерекше орын алатын ұлы тұлға, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Абай оқулары» облыстық on-line байқауында аудандық орталық кітапханасының оқырманы Исекенов Айдос Қарлыбайұлы бас жүлдеге ие болды.
2020 жыл Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Мен қазақпын» онлайн байқауында Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының оқырманы Гумарова Бибінұр қатысып жүлделі І орынға ие болды.
2021 жылы «Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының ұйымдастырған кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін ашу, қолдау, инновациялық қызметті дамыту, кітапханалардың беделін көтеру, кітапхана қызметкерлерінің ынтасын арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» республикалық конкурс ұйымдастырды. Бірнеше бөлімнен тұратын сырттай конкурстың қорытындысы бойынша «Біздің кітапханаға, қош келдіңіз!» номинациясымен Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Г.Б.Айжарикова, Ж.А.Мулдагалиева, М.Ғ.Жаимова 3 орынға ие болды.
2021 жылы 26 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы отбасылық оқулар арқылы казіргі жағдайдағы отбасының белсенді әлеуметтік ұстанымының қалыптасуын, әлеуметтік желілердегі кітап насихаттауда белсенділігін дамытуын, отбасылық оқу мен отбасылық бос уақытты ұйымдастыруын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы – 2021» онлайн облыстық фестиваліне Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасынан Шорабаевтар оқырман отбасы қатысты. Шараға қатысқан оқырман отбасы өздерін таныстырып, оқыған кітаптарын қалың көпшілікке ұсынды. Фестиваль барысында Шорабаевтар отбасы бүгінгі күні кітап оқуды насихаттайтын үздік, белсенді отбасылардың бірі екендігін көрсете білді. Фестиваль қорытындысы бойынша Алғыс хат пен естелік сыйлықтар ие болды.
2021 жылы Мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерлердің санын арттыру, рухани құндылықтарымызды насихаттау, қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген мамандарды ынталандыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған облыстық байқауда Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері жүлделі ие болып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Аудандық балалар кітапханасы
Ведомстволық құрылымы: Шыңғырлау АМБ
Құрылған жылы:
Аудан орталығынан арақашықтығы:
Облыс орталығынан арақашықтығы: 230
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы:
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 2159
Кітап қоры: 16388
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен жайы және байланыс телефоны: Шыңғырлау ауданы, Тайманова 93
34012
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Айтжанова Гулназ Уразгалиевна

Аудандық балалар кітапханасы

Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасы 1977 жылы Аудандық орталық кітапхана құрамында ашылған. Кітапхана 5 жастан 16 жас аралығындағы балаларға және олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, тәрбиешілеріне, балалар оқуымен, балалар тәрбиесімен айналысатын түрлі сала қызметкерлеріне ақпараттық қызмет көрсетеді.
Кітапхана 2007 жылы 11 шілдеде Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бастауымен Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің негізінде «Балалар мен жасөспірімдерді Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу бағыттары» тақырыбындағы аймақтық семинарында ұсынылған «Елжандылық» бағдарламасын басшылыққа ала отырып патриоттық тәрбие беру бағытында жұмыстана отырып, баланың жан-жақты дамуын қалыптастыруға бағытталған танымдық іс шаралар ұйымдастырады.
2000-2018 жылдар аралығында кітапханада мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушыларына арналған ертегі көріністерімен әсем безендірілген, құнды ертегі кітаптар, жұмсақ жиһаз, түрлі түсті LG теледидары мен DVD тұғырығымен қамтылған «Ертегілер бөлмесі» қызмет етті. Ертегілер бөлмесінде балалар ертегі оқып, мультфильмдер көрумен бірге «Ерте, ерте, ертеде… ертегі оқып береміз», «Кел, ертегі айтып берейік!», «В гостях у сказки» айдарларымен ұйымдастырылған ертегілерді тамашалап, түрлі ойындар мен байқауларға қатысып отырды.
Кітапханада 2005-2007 жылдары «Кітаппен өткен жаз қызық» бағдарламасымен және «С книгой мы растем всегда» тақырыбындағы ұзақ мерзімді мақсатты жобасымен жұмыстанды. 2022 жылдан кітапханада балаларды әдеби кітапқа деген құштарлығын арттыру, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбие беру, оқырмандарды мәнерлеп, дауыстап оқуға тарту, ата-аналарды балалар оқуы мәселесіне тарту, бірлесе кітап оқуын ұйымдастыру мақсатында «Бірге оқимыз! Дауыстап оқимыз!» атты жобасы екі түлде жүргзіліп отыр. Кітапхана жыл сайын 2000 мыңнан аса оқырмандарға қызмет көрсетіп, оларға 27700-ге жуық түрлі әдебиеттер мен құжаттар беріледі. Қазіргі таңдағы кітапхана қоры 16388 дана, ал қазақ тіліндені кітап қоры 9068 дананы құрайды. Кітапхана үш бөлімнен тұрады: абонемент, оқу залы, балалар коворкинг орталығы.

Оқу залы

Оқу залы ақпараттық және білім орталығы ретінде қызмет етуде. Оқырман сұранысын қанағаттандыру барысында түрлі әдістер пайдаланады. Оқу залы барлық топтағы оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Балалар, жасөспірімдер және балалар оқуының жетекшілеріне арналған 35-ке жуық атаулы баспасөз басылымдары жинақталған. Оқу залында мерейтойлы күндерге байланысты мәдени шаралар өткізіліп тұрады.

Абонемент

Абонемент бөлімі барлық топтардағы балаларға, ата-аналарға, мұғалім, тәрбиешілерге қызмет көрсетеді. Білімнің барлық саласынан әдебиеттер жинақталған. Классикалық және шетел әдебиеттерімен де кітап қоры бай. Абонемент бөлімінде тақырыптық мерекелерге байланысты кітап көрмелер, жаңа кітаптарға ұсыныстық тізімдер, түрлі жарнамалар арқылы көпшілік шаралар өткізіледі.

Балалар коворкинг орталығы

Балаларды кітап оқуға тартудың ең тиімді жолы – оларға қызықты шаралар ұйымдастыру, әсерлі, қызықты кітаптармен таныстырумен әдемі безендіру ғана емес, кітапханалар жүйесін жаңғырту, оны заманауи құрылғылармен жабдықтап, заманауи қызмет түрлерін өз оқырманына ұсыну. Осы орайда Шыңғырлау аудандық орталық балалар кітапханасында 2019 жылдың 20 наурызында заманға сай жабдықталған шағын «Коворкинг орталығы» ашылды.
«Коворкинг» сөзінің өзі бірлесе жұмыс жасау деген мағынаны білдіреді. Енді кітапхананың оқырмандары мұнда кітап оқумен ғана емес, сонымен қатар өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналыса алады. Бұл жерде жас оқырмандар үстел ойындарын ойнап, сурет салып, ән тыңдап, ғаламтор желісін пайдалана отырып, теледидар арқылы өздеріне қажет те қызықты ақпарттарға қол жеткізе алады.
Коворкинг орталығында балалар арнайы жабдықталған төрт алаңда өздерінің қызығушылықтарына орай бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндіктер жасалған.
1-алаң: Free zone еркін аймағында Wi-fi, TV аймағында балалар интернет желісін тегін пайдалану арқылы өажет ақпаратқа қол жеткізе алады.
2-алаң: Интеллектуалды –шығармашылық кеңестік аймағында жеке жұмыс командалық жұмыс арқылы оқырмандардың белсенділігін арттыруға мән берілмек. Сонымен қатар бұл алаңда шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын ойнауға және «Қазақша оқы, latynsha jaz» танымдық алаңында латын, шет тілін меңгеруге мүмкіндіктер жасалған.
3-алаң: Relaxzone демалыс аймағында балалардың демалуына ыңғайлы жағдай жасалған.
4-алаң: Кішкентай жас бүлдіршіндеріміз Еркетай балаларға аймағындағы Әдеби мультсалонында қызықты, әсерлі мультфильмдерді тамашалаумен қатар, өлкеміздің тарихын білуге, туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыруға арналған өлке тарихы туралы ақпараттармен таныса алады.

Кітапхана жетістіктері:
2009 жылы республикалық С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы жариялаған «Объективте мен және кітап» фотобайқауына аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Л.Ибрашеваның кітапханада өткізілген іс-шаралар мен кітап көрмелерінің фотосуреттері «Кітап керуені» номинациясы бойынша бағаланып, марапатталды. Осы байқауға сонымен қатар аудандық мектептен тыс балалар шығармашылық орталығының үйірме жетекшісі Ә.Базарбаевтың жұмыстары жіберіліп, «Отбасылық портрет» және «Сенің нағыз досың кітап» атты номинациясы бойынша үздік атанып, дипломмен марапатталды.
2013 жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап және Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырған «Жайық өңірінің отбасы – 2013» сайысына аудандық балалар кітапханасы атынан Лекеровтар отбасы қатысып үшінші орынға ие болды.
2014 жылы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Ресей Федерациясының Курск қаласындағы Облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Книги строят мосты» сайысына ауданымыздан қатысқан оқушылар Б. Утепбергенова, Д.Акбалиева, Д.Ізбасаровалардың жазған шығармалары үздік болып танылып, сыйлықтармен марапатқа ие болды.
2015 жылы Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Жауынгер хаты – отбасылық жәдігер» атты халықаралық жастар байқауында (виртуалды) «Еркін жанр» номинациясы бойынша аудандық орталық кітапханасының оқырманы Н.Кишкина ІІІ дәрежелі дипломмен, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Л.Ибрашева Ресей Федерациясының Курск қаласындағы Облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген «Чтобы дверь не открыла война» атты халықаралық байқауына қатысып дипломмен марапатталды. Сонымен қатар Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы мен «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы аясында өткізілген «Кітап – достық көпірі» татар ұлтының әдебиетін насихаттау виртуалды байқауына аудандық балалар кітапханасының оқырмандары белсене қатысып «Менің сүйікті жазушым», «Мен жақсы көретін татар ақыны» номинациялары бойынша марапатталды.
2018 жылы Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасы Ресей Федерациясының Воронеж балалар кітапханасы ұйымдастырып отырған «Балалар кітапханаларындағы VІ С.Я.Маршак поэзиясы күні» халықаралық акциясына қатысып, Дипломмен марапатталды.
2019 жылы Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай ұйымдастырылған облыстық «Қадыр оқулары» онкүндігіне белсене қатысқаны үшін Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы атынан Аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары Г.Гончарова мен Г.Досиева Алғыс хатпен марапатталды.
2019 жылы Наурыз мерекесі қарсаңында қазіргі заман талабына сай заманауи жабдықтармен жабдықталған коворкинг орталық Аудандық балалар жанынан ашылып, қызмет ете бастады.
2019 жылы Мәдениет қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған аудандық «Рухани қазына» фестивалінде Аудандық балалар кітапханасының «Вместе с книгой мы растем» кітапханалық жобасы «Жыл жобасы – 2019» номинациясына ие болды.
2020 жылдың маусым айында Сапарғали Бегалиннің 125 жыл толуына орай Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Қазақ балалар әдебиетінің класигі» тақырыбындағы облыстық балалар кітапханашылары арасында өткен экспресс байқауында Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасы II орынға ие болды.
2020 жылы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балдалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен “VictoryFest” халықаралық патриоттық онлайн – фестивальде Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасының оқырманы Утенова Мадина II орынды онлайн дауыс беру арқылы жеңіп алды. “VictoryFest” халықаралық патриоттық онлайн – фестивальге қатысып, «Сөз ішіндегі әлем» номинациясымен Зубенко Оксана марапатталды
2020 жылы Сергей Есениннің 125 жылдығына орай Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Есенинская осень» халықаралық әдеби онлайн сайыста аудандық балалар кітапханасының оқырманы Мусаева Гаухар Есениннің сөзіне жазылған «Закружилась листва золатая» романсын орындап Гран-При, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыған Андреева Регина ІІІ орын, Абилова Камилла мен Завьялов Денис номинацияға ие болды.
2020 жылы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының өз өңірінің тарихын, туған жерінің қадір-қасиетін танып білуге шақыру және өзге өңірлерге таныстыру мақсатында ұйымдастырған «Туған өлкем – тұнған шежіре» атты онлайн-байқауында аудандық балалар кітапхана оқырмандары жүлделі орындарға ие болып, марапатталды.
2020 жылы кәсіп иелерінің оң бейнесін қалыптастыру, кәсіби бағдар беру, еңбекке баулу, ақ халатты абзал жандардың еңбектерін құрметтеп, ұлықтау, алғыс білдіру мақсатында Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Алғысым Сізге, дәрігер» атты облыстық креативті суреттер (постер) байқауында аудандық балалар кітапханасының оқырмандары Иржанов Әділет I орын, Галимова Жансая II орын алса, «Жас суретші» номинацияларына Кунакбаева Аружан, Сапашева Аружан, Амангелді Бақытхан иеленді.
2020 жылы Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасы және оның оқырмандары қазан айының соңында Воронеж облыстық балалар кітапханасы жариялаған “С.Я. Маршактың VIII поэзия күні” халықаралық акциясына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
2020 жылы Курск облыстық балалар және жасөсіпірдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Читаем Афанасия Фета» халықаралық эстафета – челленджге қатысқаны үшін аудандық балалар кітапханасының оқырмандарына сертификаттар табысталды.
2021 жылы 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Қазақ әдебиетінің үш алыбы» атты онлайн оқуға қатысқан Аудандық балалар кітапханасы оқырмандарына белсенділік танытып қатысқаны үшін сертификат табысталды.
2021 жылы «Даля читали» халықаралық онлайн-фестиваліне белсене қатысқан аудандық балалар кітапханасының оқырмандары Дипломмен марапатталды. Жетекшісі Гончарова Галина Викторовна.

Белогор ауылдық кітапханасы

Белогор ауылы – Белогор селолық округінің әкімшілік орталығы. Аудан орталығы – Шыңғырлау ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 65км шақырым жерде Шыңғырлау (Утва) өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қазіргі кезде кітапханашы Аймангалиева Ажар қызмет етуде.
Кітапхана өз жұмысын өрістету негізінде ауыл тұрғындарына кітапхана ісін пайдалануға, қор әдебиеттерінің кеңінен оқылуы мақсатымен оқырмандарды мерзімді басылымдар мен әдебиеттерді оқуларына көңіл бөліп отырады.

I am text block. Click edit button to change this text. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Лебедевка ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі
Құрылған жылы:
Аудан орталығынан арақашықтығы: 102
Облыс орталығынан арақашықтығы: 255
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы: 70 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік
Оқырман саны: 104
Кітап қоры: 5814
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен жайы және байланыс телефоны: БҚО Шыңғырлау ауданы,
Лебедевка ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Кенжебаева Галия Нурлановна

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Ащесай ауылдық кітапхана
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі
Құрылған жылы: 1953
Аудан орталығынан арақашықтығы: 28
Облыс орталығынан арақашықтығы: 220
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 70,2 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 499
Кітап қоры: 21463

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен жайы және байланыс телефоны: Шыңғырлау ауданы,
Ащесай ауылы тел.25572
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Кабибуллиева Гулжазира Гайсиевна

Ащесай модельді ауылдық кітапханасы

Ащесай – Шыңғырлау ауданына қарасты Ащесай ауылдық округінің әкімшілік орталығы, ауданнан батысқа қарай 28 шақырым қашықтықта орналасқан.
Кітапхана 2008 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп жаңа заман талабына сай жиһаздармен жабдықталды. 2016 жыл 3 тамызда кітапханаға Ащысай модельді ауылдық кітапханасы статусы берілді.
Алғашқы кітапхана кітапхана 1953 жылы жерүйде ашылған. Кітапханада балаларға арналып дауыстап оқулар мен мәнерлеп оқулар ұйымдастырылып отырылған. 1959 жылы ауылда жаңа мәдениет үйі салынып, кітапхана мәдениет үйіне көшірілді. Ол кезде кітап қоры шамамен 3 мыңға жуық болған. Бүгінде кітапханада 499 оқырман, 21463 (оның ішінде қазақ тілінде 10295) дана кітап қоры бар. Кітап қоры жылсайын толығып келеді. Кітапхананың алғашқы кітапханашысы Шарипова Алла. Ол 1959-1970 жылдар аралығында қызмет еткен. Ол жауапкершілігі мол шығармашыл қызметкер болған. Кітапханада А.Шарипованың ұйымдастырумен қызықты мәдени шаралар ұйымдастырылып, әдеби, көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасаған. Кітапханада мәдени-танымдық шаралар өткізумен қатар, кітапхана ісінде жаңашылдық дамыту бағытында кітапханада ақпарат жұмыстары, каталог пен картотекалар жасақтала бастады. 1960 жылы Ащысай ауылдық кітапханасы «Қазақ ССР-нің 40 жылдығына орай мәдени – ағарту мекемелер жұмысында республикалық қоғамдық байқау шарттарын орындағаны» үшін дипломмен марапатталды. Кітапханада әр жылдары С.А.Канкурова, С.Бакирова, Н.Муслимова, Д.Кирева, Г.Хакимова, С.Джалмурзина, М.Шамшаева, С.Соловьева, Р.П.Волкова қызмет еткен.
1998-2020 жылдар аралығында кітапханада Байсалова Жұмағыз Сисенғалиқызы қызмет етті. Ертеңі бар елдің жастарына өркениет әлеміне жол көрсету, мәдениет көшінен қалдырмай, тәрбиелі, білімді ұрпақ қалдыру ісіне ықпал етуді мақсат еткен Жұмағыз Сисенғалиқызы қызметіне аса жауапкершілікпен қарап, әрдайым ізденіс үстінде жүрді.
Тәжірибелі де білікті маман әр оқырман жүрегіне жол таба біліп, оқырмандарға қажетті ақпараттың тиімдісін ұсына отырып, олардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру бағытында көптеген тәрбиелік маңызы зор шаралар ұйымдастырып, кітапхана оқырмандарының кітаппен, ақпаратпен жұмыс жасауына көмектесіп, оқу мәдениеттілігіне тәрбиелеп отырды. Сонымен қатар Жұмағыз Сисенғалиқызы оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыстанып, түрлі республикалық, облыстық байқауларға белсене қатысты.
2020 жылы аудандық «Оқырман отбасы – 2020» байқауында Жанакашевтар отбасы жеңімпаз атанып, «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы – 2020» облыстық онлайн байқауына жолдама алып, байқау қорытысында Жанакашевтар отбасы бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Батырлық – Мужество» жобасы шеңберінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жастардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау, салауатты сөйлеу және оқу дағдыларын дамытып, әдеби және көркемдік талғамды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады» республикалық Интернет байқауында Ащысай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Сұлтанова Балжан Бас жүлдеге ие болды.
Кәсіби шеберлігі шыңдалған кітапханашы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің мерейін асқақтату, ұлттық-мәдени бірлікті дамыту жолындағы еңбектеріне құрмет көрсету мақсатында өткен «BIBLIO QOSHEMET – 2019» салтанатты шарасында «Үздік кітапхана қызметкері» медалімен марапатталды. Іскерлік тәжірибесі мол, өз ісін жетік білетін маман балалардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыруға, рухани игіліктерді қорғауға, қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу бағытында көптеген тәрбиелік маңызы зор шаралар ұйымдастырып отырды.
Қазіргі таңда Ащысай модельді ауылдық кітапханасында Кабибуллиева Гулжазира Гайсиевна қызмет атқаруда, еңбек өтілі -1,4 жКітапхана жетістіктері:2020 жылдың 13 наурыз күні Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасында отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру арқылы жас ұрпақты кітап оқуға тарту және дәріптеу, отбасылық оқу мен отбасылық бос уақытты ұйымдастыру, жас отбасылардың шығармашылық қабілетін байқау мақсатында «Оқырман отбасы – 2020» байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша Ащысай модельді ауылдық кітапханасының Жанакашевтар отбасы жеңімпаз атанды.
2020 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен «Маған ұнаған жыр…» атты поэтикалық онлайн жыр
байқауына Ащысай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Таңбай Нұржігіт қатысып, сертификатқа ие болды.
2020 жылы сәуір айында Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Апа оқып берші» онлайн байқауына белсене қатысып, өзінің шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білгені үшін Ащысай модельді ауылдық кітапханасынан Нурушевтар отбасы дипломмен марапатталды.
2020 жылы Халықаралық отбасы күніне орай Хамза Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы – 2020» облыстық онлайн байқау қорытындысы бойынша Ащысай моделді ауылдық кітапханасының оқырмандары Жанакашевтар отбасы бас жүлдеге ие болды.
2020 жылы Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Батырлық – Мужество» жобасы шеңберінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жастардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау, салауатты сөйлеу және оқу дағдыларын дамытып, әдеби және көркемдік талғамды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады» республикалық Интернет байқауында Ащысай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Сұлтанова Балжан Бас жүлдеге ие болды.
2021 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Батырлар жыры – ұрпаққа мұра» жобасы бойынша «Қорғаған ұлан – байтақ даласын, батырларым биік данасың» облыстық онлайн байқауында Ащысай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Битингали Алихан II орын алды.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Ақсуат ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі

Құрылған жылы:
Аудан орталығынан арақашықтығы: 102
Облыс орталығынан арақашықтығы: 250
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы: 77 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 112
Кітап қоры: 7799

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен жайы және байланыс телефоны: БҚО Шыңғырлау ауданы,
Ақсуат ауылы. тел.51238
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Тауова Света Хаменовна

Ақсуат ауылдық кітапханасы

Ақсуат ауылы – Қарағаш ауылдық округіне қарасты елді мекен. Аудан орталығынан 102 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындар саны – 154 адам. Кітапханашы Тауова Света Каменқызы 1974 жылы туылған. Білімі арнаулы орта, 2009 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Кітапханалық еңбек өтілі – 13 жыл.
Кітапхана өз жұмысын өркендету негізінде ауыл тұрғындарына кітапхананы пайдалануға, қор әдебиеттерінің кеңінен оқылуына тарту мақсатында оқырмандарды мерзімді басылымдар мен әдебиеттерді оқуларына көңіл бөліп, түрлі кітап көрмелері, көпшілік шаралар өткізіліп отырады.
Кітапханада жас оқырмандарды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу, жауапкершілікке тәрбиелей отырып достыққа қарым-қатынастарын дамыту, балаларды ертегі оқу арқылы кітап оқуға дағдыландыру мақсатында «Ертегімен есейеміз» жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Оқырмандардың қызығушылықтарын есекере отырып «Өнерлі өрендер» әуесқойлар клубы ұйымдастырылды.
Кітапхана жетістіктері:
2018 жылы 15 мамыр халықаралық отбасы күніне орай Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған «Отбасы оқуы – ұрпақтар сабақтастығы» атты облыстық оқырман отбасылар шеруінде Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ақсуат ауылдық кітапханасының оқырман отбасы Қалиевтер жанұясы бірінші орынды иеленді.
2020 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен «Маған ұнаған жыр…» атты поэтикалық онлайн жыр
байқауында Ақсуат ауылдық кітапханасының оқырманы Аманқызы Інжу сертификатқа ие болды.
2020 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Апа оқып берші» онлайн байқауына белсене қатысып, өзінің шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білгені үшін Ақсуат ауылдық кітапханасының оқырманы Егизова Еркежан дипломмен марапатталды.
2020 жылы Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқушы оқырмандар арасында қашықтан өткізген онлайн байқауында Ақсуат ауылдық кітапханасының Айтмұхамбетовтар отбасы ІІІ орынға ие болды.
2020 жылы Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Батырлық – Мужество» жобасы шеңберінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жастардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау, салауатты сөйлеу және оқу дағдыларын дамытып, әдеби және көркемдік талғамды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады» республикалық Интернет байқауында Ақсуат ауылдық кітапханасының оқырманы Егизова Еркежанға байқауға белсене қатысқаны үшін сертификат берілді.
2020 жылы Ақжайық аудандық кітапханасы ұйымдастырған «Алаштың асыл ардағы» атты аймақтық байқауға қатысып, «Сөз сардарының сан қыры» бағыты бойынша Ақсуат ауылдық кітапханасының оқырманы І орынға ие болды.
2020 жылы Қазақтың бас ақыны, бір туар перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған «Асыл сөзді іздесең» атты онлайн марафонға белсенді қатысып, өнерпаздық қырын танытқаны үшін Ақсуат ауылдық кітапханасының оқырманы Жəрдем Толғанай Ернұрқызы алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылы Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Алма сөресі» кітап эстафетасына қатысып, ерекше балалар арасында кітап пен оқуды насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Ақсуат ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Тауова Алғыс хатпен марапатталды.

Ақсуат селолық кітапханасы

Ақсуат ауылы – Қарағаш селолық округіне қарасты елді мекен. Аудан орталығынан 102 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындар саны–248 адам. Кітапханашы Тауова Света Каменқызы 1974 жылы туылған. Білімі арнаулы орта,  2009 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.Кітапханалық еңбек өтілі-13 ж. Кітапхана өз жұмысын өркендету негізінде ауыл тұрғындарына кітапхананы пайдалануға, қор әдебиеттерінің кеңінен оқылуына тарту мақсатында оқырмандарды мерзімді басылымдар мен әдебиеттерді оқуларына көңіл бөліп, түрлі кітап көрмелері, көпшілік шаралар өткізіліп отырады.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Жанакүш ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі

Құрылған жылы:

Аудан орталығынан арақашықтығы: 25

Облыс орталығынан арақашықтығы: 255

Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген

Аумағы: 54,5 м2

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 73

Кітап қоры: 13114

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен-жайы және байланыс телефоны: БҚО Шыңғырлау ауданы,
Жанакүш ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Мағзомова Айнара Бақытқызы

Жаңакүш ауылдық кітапханасы

Жаңакүш ауылы – Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты ауыл. Шыңғырлау ауданынан 25км қашықтықта орналасқан. Тұрғындар саны – 90 адам. Кітапхана Мәдениет үйі жанында орналасқан. Кітапханашы болып әр жылдары Н.Дарисова, А.Раймкулова, Г.Сапиева, М.Жаимова, А.Қалықбергенова қызмет етті. Қазіргі таңда   Мағзомова Айнара Бақытқызы қызмет етуді. Айнара Бақытқызы 2000 жылы туылған, білімі арнаулы орта.

2022 жылға жалпы кітап қоры – 13114 дана, қазақ тілінде – 7878 дана. Кітап қоры жыл сайын 100-ге жуық жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырылады.  Сонымен қатар жыл сайын  кітапханаға  ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем әдеби журналдар мен  газеттер жазылынып алынады.

Кітапхана жұмысының басты мақсаты оқырман мен кітаптың арасын жақындата отырып, интелектуалды және мәдени даму үшін тұтынушылардың кітапқа және ақпаратқа деген сұраныстарын қанағаттандыру болып табылады. Кітапханада «Шапағат» әуесқойлар клубы жұмыс жасайды.

Жаңакүш ауылдық кітапханасы

Жаңакүш ауылы –Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты ауыл. Шыңғырлау ауданынан 25км қашықтықта орналасқан. Тұрғындар саны–90 адам. Кітапханашы Мағзомова Айнара Бақытқызы 2000 жылы туылған, білімі арнаулы орта. Кітапхана жұмысының басты мақсаты оқырман мен кітаптың арасын жақындата отырып, интелектуалды және мәдени даму үшін тұтынушылардың кітапқа және ақпаратқа деген сұраныстарын қанағаттандыру болып табылады. Кітапханада «Шапағат» әуесқойлар клубы жұмыс жасайды.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Қайынды ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі

Құрылған жылы:

Аудан орталығынан арақашықтығы: 66

Облыс орталығынан арақашықтығы: 310

Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген

Аумағы: 59,3 м2

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 72

Кітап қоры: 6603

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен жайы және байланыс телефоны: БҚО, Шыңғырлау ауданы,
Қайынды ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Баймуканова Нуржауган Нуркеновна

Қайыңды ауылдық кітапханасы

                                        Қайыңды ауылдық кітапханасы – Қарағаш ауылдық округінің ауылы. Аудан орталығынан 66км қашықтықта орналасқан. Халық саны – 94 адам. Қазіргі кезде кітапханашы Баймуканова Нұржауған қызмет етуде. Кітапханалық еңбек өтілі – 9 жыл.Кітапханада өлкетану жұмысы – кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Кітапхананың міндеті – ұлтымыздың рухани өркениеті, тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы өлкетану материалдарын насихаттау және тарату.

Өлкетану жұмысының мақсаты: кітапхана жұмысында өлкетану тақырыбындағы көпшілік мәдени шараларды өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, жаңашылдық енгізуді үйрену, өлкетану ақпаратын жинақтау, оқырмандарға таныстыру, жастарымыздың бойында туған өлкеміздің тарихына қызығушылық туғызып, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру, кіші отанымызға деген сүйіспеншілік туғызу.

 

 

Қайыңды ауылдық кітапханасы

 

Қайыңды селолық кітапханасы – Қарағаш селолық округінің ауылы.Аудан орталығынан 66км қашықтықта орналасқан. Халық саны – 94 адам. Қазіргі кезде кітапханашы Баймуканова Нұржауған қызмет етуде. Кітапханалық еңбек өтілі – 9 ж.
Кітапханада өлкетану жұмысы – кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Кітапхананың міндеті – ұлтымыздың рухани өркениеті, тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы өлкетану материалдарын насихаттау және тарату.
Өлкетану жұмысының мақсаты: кітапхана жұмысында өлкетану тақырыбындағы көпшілік мәдени шараларды өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, жаңашылдық енгізуді үйрену, өлкетану ақпаратын жинақтау, оқырмандарға таныстыру, жастарымыздың бойында туған өлкеміздің тарихына қызығушылық туғызып, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру, кіші отанымызға деген сүйіспеншілік туғызу.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Қарағаш ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы:
Аудан орталығынан арақашықтығы: 88
Облыс орталығынан арақашықтығы: 330
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 38,3 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 205
Кітап қоры: 15510

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен жайы және байланыс телефоны: БҚО Шыңғырлау ауданы,
Қарағаш ауылы тел. 51712
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Уразалиева Марал Макашовна

Қарағаш ауылдық кітапханасы

Қарағаш ауылы – Қарағаш ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Аудан орталығы Шыңғырлау ауылынан оңтүстікке қарай 88 км жерде орналасқан. Тұрғындар саны – 245 адам. Кітапханашы – Уразова Марал Макашовна.
Қарағаш ауылдық кітапханасының жұмыс бағыты – рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Оқырманды қалыптастыру, оның бойындағы кітапқа деген сүйіспеншілікті, кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру.
Оқушылардың әдеби кітап оқуға ынтасын арттырып, көңілінің көзін ашып қызықтыру. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, байыту. Кітап оқу арқылы ұстамдылыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге, ұқыптылыққа, адам еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Кітапханада 2020 жылдан бастап кітапхана пайдаланушыларының әдеби кітап оқуға ынтасын, қызығушылықтарын арттырып, сөздік қорын молайтып, байыту, кітап оқу арқылы ұстамдылыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге, ұқыптылыққа, адам еңбегін бағалауға тәрбиелеу мақсатында «Кітап оқу терапиясы» атты жоба бойынша жұмыстанып келеді.
Кітапханада оқырмандардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру, адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» әуесқойлар клубы ұйымдастырылды.

Қарағаш ауылдық кітапханасы

Қарағаш ауылы – Қарағаш ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Аудан орталығы Шыңғырлау ауылынан оңтүстікке қарай 88км жерде орналасқан. Тұрғындар саны – 245 адам. Кітапханашы – Уразова Марал Макашовна.
Қарағаш ауылдық кітапханасының жұмыс бағыты – рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Оқырманды қалыптастыру, оның бойындағы кітапқа деген сүйіспеншілікті, кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Қызылкөл ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі

Құрылған жылы:

Аудан орталығынан арақашықтығы: 12

Облыс орталығынан арақашықтығы: 242

Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген)

Аумағы: 306,9 м2

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 35

Кітап қоры: 3274

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен-жайы және байланыс телефоны: БҚО Шыңғырлау ауданы,
Қызылкөл ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Абдирова Асемгул Манасовна

Қызылкөл ауылдық кітапханасы

Қызылкөл– Шыңғырлау ауылдық округінің құрамында. Шыңғырлау ауданынан оңтүстікке қарай 17км шақырым жерде, Елек өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. Халық саны – 70 адам. Кітапханашы Абдирова Асемгул Манасовна.Кітапханалық еңбек өтілі – 4 ж
Кітапхананың жұмыс бағыттарының біріне оқырмандардың әдебиетке деген құлшынысын арттыру, тіл байлықтарын байыту, ой-өрісін кеңейту мақсатында көркем әдебиеттерді насихаттау болып табылады. Кітапханада оқырмандарды табиғатқа баулу, аялау, қорғау, танып білу мақсатында «Тұмар» әуесқойлар клубы ұйымдастырылып, «Даналық көзі – кітапта» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіліп отыр.

Қызылкөл ауылдық кітапханасы

Қызылкөл – Шыңғырлау ауылдық округінің құрамында. Шыңғырлау ауданынан оңтүстікке қарай 17 км шақырым жерде, Елек өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. Халық саны – 70 адам.
Ауылдық тұрғындар санының азаюына байланысты жабылып қалған кітапхана 2000 жылы «Мәдениетті қолдау» жылы аясында қайтадан ашылып, қызмет ете бастады. Кітапханашы болып Абдиров Оразғали Сақыпқалиұлы тағайындалып 2000 жылдың тамыз айынан бастап зейнеткерлік демалысына дейін еңбек етті. Оразғали Сақыпқалиұлы кітапханада қызмет атқарған жылдар ішінде атқарған ісіне жауапкершілікпен қарап, ауыл кітапханасының ілгерілеуіне өз үлесін қосты.
Қазіргі таңда кітапханашы болып Абдирова Асемгул Манасовна қызмет етуде. Кітапханалық еңбек өтілі – 4 жыл.
Кітапхананың жұмыс бағыттарының біріне оқырмандардың әдебиетке деген құлшынысын арттыру, тіл байлықтарын байыту, ой-өрісін кеңейту мақсатында көркем әдебиеттерді насихаттау болып табылады. Оқырмандардың жүйелі, жан-жақты және терең оқуының қалыптасуына, кітап таңдап алуда, оқыған кітабын талдап айта білуде кітапханада көптеген жұмыстар атқарылуда. Маңызды тақырыптарға арналаған кітап көрмелері, көпшілік шаралар жыл бойы толастамайды. Кітапханада оқырмандарды табиғатқа баулу, аялау, қорғау, танып білу мақсатында «Тұмар» әуесқойлар клубы ұйымдастырылып, «Даналық көзі – кітапта» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіліп отыр.
Кітапхана жетістіктері:
2020 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Жерлес ақындардың өлеңдерін оқимыз» тақырыбындағы поэтикалық марафонына қатысқан Қызылкөл ауылдық кітапханасының оқырмандарына кітапхана директоры З.Утешованың атынан сертификаттар табысталды.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Ұрысай ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі

Құрылған жылы:

Аудан орталығынан арақашықтығы: 10

Облыс орталығынан арақашықтығы: 240

Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген

Аумағы: 100,4 м2

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 68

Кітап қоры: 12985

Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.

Мекен жайы және байланыс телефоны: БҚО Шыңғырлау ауданы,
Ұрысай ауылы тел.50722

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Нурова Айман Абаевна

Ұрысай ауылдық кітапханасы

Ұрысай – Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты ауыл. Аудан орталығынан 10 км шақырым қашықтықта орналасқан. Ауыл кітапханасы 1958 жылы ашылды.
Ұрысай ауылдық кітапханасы 1958 жылы ашылды. 1958-1961 жылдары кітапханашы болып Шалабаев Шабай, 1961-1977 жылдары Жалекенов Жаңабай, 1977-1980 жылдары Жалекенова Қайша, 1980 жылдың ақпан айынан бастап 2014 жылға дейін Жалекенов Мұқташ Жаңабайұлы қызмет етті.
Қазіргі таңда кітапханашы қызметін Нурова Айман Абаевн атқарып отыр.
Қазіргі уақытта кітапхана жергілікті тұрғындардың талап-тілектері мен сұраныстарының жан-жақты ақпараттың қажеттіліктерін ескеретін мәдени-ағарту орталығы болып табылады. Оқырмандарды әдебиет әлеміне жетелеп, жасөспірімдердің Отанға, өлкесіне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылып жатыр.
Кітапханада балаларды ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, үлкенді, ата-ананы сыйлау, кішіге қамқор болуды үйрету, мейірімділік сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Атамекен» әуесқойлар клубы қызмет етеді. Клуб мүшелері айына бір рет мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қамқорлық көрсетіп, кітапханаға келген жаңа кітаптармен газет-журналдармен таныстырады.

Ұрысай ауылдық кітапханасы

Ұрысай – Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты ауыл. Аудан орталығынан 10 км шақырым қашықтықта орналасқан. Ауыл кітапханасы 1958 жылы ашылды. Кітапханашы – Нурова Айман Абаевна.
Кітапханада балаларды ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, үлкенді, ата-ананы сыйлау, кішіге қамқор болуды үйрету, мейірімділік сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Атамекен» әуесқойлар клубы қызмет етеді.
Бұл клуб мүшелері айына бір рет мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қамқорлық көрсетіп, кітапханаға келген жаңа кітаптармен газет-журналдармен таныстырады.

Сегізсай ауылдық кітапханасыСегізсай ауылы – Алмаз селолық округінің орталығына қарасты елді мекен. Шыңғырлау ауданынан 102 км қашықтықта орналасқан. Кітапханашы Кенжебаева Ғалия Нұрланқызы білімі арнаулы орта, Орал гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген. Кітапханалық еңбек өтілі – 10 ж.
Сегізсай ауылдық кітапханасы ауыл халқының мәдениетін көтеруге, ауылда кітапхана жұмысын жақсарту, әдебиет пен ғылымның жетістігін үзбей насихаттауға, кітапхана қорын толықтыруда, пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда жұмыс түрлерінің жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, жұмыстанады. Кітапханада «Құралай» әуесқойлар клубы ұйымдастырылған. Кітапхананың жас оқырмандарына бағытталған «Біз кітаппен бірге өсеміз» атты кітапханалық жоба бойынша жұмыстануда.
Кітапхана жетістіктері:
2020 жылы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының өз өңірінің тарихын, туған жерінің қадір-қасиетін танып білуге шақыру және өзге өңірлерге таныстыру мақсатында ұйымдастырған «Туған өлкем – тұнған шежіре» атты онлайн-байқауында Сегізсай ауылдық кітапханасының оқырмандары жүлделі орындарға ие болып, марапатталды.
2021 жылы кітапхана оқырмандарына Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Жерлес ақындардың өлеңдерін оқимыз» тақырыбындағы поэтикалық марафонға қатысып, белсенділік танытқан үшін сертификат табысталды.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: филиал ДӘН
Ведомстволық құрылымы: Қазақстан Республикасының Мәдениет және
спорт министрлігі
Құрылған жылы:
Аудан орталығынан арақашықтығы:
Облыс орталығынан арақашықтығы: 230
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы: 61,5 м2
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 620
Кітап қоры: 14935
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен жайы және байланыс телефоны: Шыңғырлау ауданы,
Шыңғырлау ауылы БҚО 50476
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Истелева Жанар Бактыгалиевна

«Дән» ауылдық кітапханасы

«Дән» ауылдық кітапханасы – ЖШС «Дән» Шыңғырлау астық қабылдау кәсіпорнының кітапханасы болып табылады. Шыңғырлау ауылдық әкімшілік округіне қарасты ауыл.
Кітапхана Мәдениет үйі жанында орналасқан. Кітапханашы Истелева Жанар Бақтығалиқызы, Білімі арнаулы жоғары. Кітапханалық еңбек өтілі – 14 жыл.
Кітапхананың жалпы кітап қоры – 14935 дана, қазақ тілінде – 6111 дана. Соның ішінде балаларға арналған әдебиеттер саны – 1088 дана, қазақ тілінде 742 дана. Кітап қоры жыл сайын 300-ге жуық жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырылады. Сонымен қатар жыл сайын кітапханаға ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем әдеби журналдар мен газеттер жазылынып алынады. Бүгінгі таңда кітапхана 29 атаулы республикалық, облыстық, аудандық және ресейлік («Журнал сказок», «Искатель) мерзімді басылымдармен (14 дана газет, қазақ тілінде – 12; 15 дана журнал, қазақ тілінде – 13) қамтылған. Соның ішінде 11 мерзімді басылым балаларға арналған.
Кітапхана пайланушыларының негізгі құрамы жергілікті ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, зейнеткерлер, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, Ақсоғым ауылының тұрғындары. Кітапхана Шыңғырлау жалпы білім беретін орта мектеп және “Қызғалдақ” балалар бақшасы, ТОО «Дән» мекемесімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Кітапханада мүмкіндігі шек¬теулі азаматтарға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында қолайлы жағдайлар жасалған. Ғимаратқа кіре-беріс пандус санитарлық- нормативтік талаптарға сай жасалған.
Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, оқуға баулу, оқуға жетекшілік ету мақсатында «Балдырған» әуесқойлар клубы жұмысы ұйымдастырылған.
Оқырмандарға толық, сапалы, нәтижелі қызмет көрсетіледі. Кітапхана жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мазмұнды көпшілік шаралар ұйымдастырылып, жоспарда белгіленген күндерде оздырылады. Кітапхананада оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу арқылы жеткізу мақсатында еліміздің ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған инновациялық көпшілік шаралар ұйымдастырылады.
Кітапхана жетістіктері:
2020 жылдың маусым айында Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Сапарғали Бегалиннің 125 жыл толуына орай «Қазақ балалар әдебиетінің класигі» тақырыбында облыстық балалар кітапханашылары арасында ұйымдастырылған экспресс байқауында ХПП ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Б.Истелеева «Бүлдіршіндерге арналған үздік бейнежазба» номинациясымен марапатталды.
2020 жылы «Алғысым Сізге, Дәрігер» облыстық креативті суреттер байқауына белсене қатысқан кітапхана оқырманы Бердіғали Аяжан марапатталды.
2020 жылы «Аталар ерлігі ұрпаққа аманат» облыстық шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін Ишекен Данияр марапатталды.
2020 жылы ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына орай Ақжайық аудандық кітапханасы ұйымдастырған «Алаштың асыл ардағы» атты аймақтық байқауының «Жұбан аташа жырлаймын» бағыты бойынша белсене қатысқаны үшін кітапхана оқырманы Жақсылықова Нұрай Дипломмен марапатталды.
2020 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Апа оқып берші» онлайн байқауына белсене қатысып, өзінің шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білгені үшін «Дән» ауылдық кітапханасының оқырманы, анасы және ұлы Бақтығали Әлімжан Нұрбекұлы Дипломмен марапатталды.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның «Халық жазушысы», балалар ақыны Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі облыстық «Қадыр оқулары» онкүндігіне белесене қатысқаны үшін кітапхана оқырмандарына Алғыс хат табысталды.
2021 жылы аудандық «Ауылдық кітапхана – оқырмандар мәдениетін дамытатын орын» атты байқауында «Дән» ауылдық кітапханасының кітапханашысы Истелева Жанар Бақтығалиқызы III дәрежелі дипломмен марапатталды.
«2022 жыл – Балалар жылына» орай ұйымдастырылған аудандық балалар шеруіне қатысқаны үшін Әбілқайыр Хидаятқа сертификат табысталды.
2022 жылдың ақпан айында қазақ халқы ауыз әдебиетін насихаттау мақсатында өткізілген «Батырлар жыры ерлікке баулиды» атты аудандық батырлар жырын оқу акциясына белсене қатысқаны үшін Әбілқайыр Абдуррахман Алғыс хатпен марапатталды.

МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: Шоқтыбай ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі

Құрылған жылы:

Аудан орталығынан арақашықтығы: 12

Облыс орталығынан арақашықтығы: 218

Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген

Аумағы: 51,2 м2

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 235

Кітап қоры: 11109
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен жайы және байланыс телефоны: БҚО, Шыңғырлау ауданы,
Шоқтыбай ауылы тел. 50678

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Мажгулова Нургул Аюповна

Шоқтыбай ауылдық кітапханасы

Шоқтыбай ауылы – Қызылкөл әкімшілік округіне қарасты ауыл. Аудан орталығынан 12км шақырым жерде орналасқан. Тұрғындар саны- 246 адам. Шоқтыбай ауылдық кітапханасы 1960 жылы мәдениет үйі жанынан ашылды. Кітапханада әр жылдары М.Шалабаев, М.Дузекеева, Н.Дузекеева, К.Шунаева, А.Бикалова, А.Н.Иманбекова,С.А Кушмугамбетова қызмет етті. Қазіргі уақытта кітапханашы Мажгулова Нургул Аюповна жұмыс жасайды. Еңбек өтілі – 4 жыл.
Қазіргі қоғамда жан – жақты білімді ұрпақты тәрбиелеуде, рухани дүниемізді байытып, ой-өрісімізді өркениетті елдердің озық ойлы азаматтары қатарына жеткізетін бірден бір құрал, ол – кітап. Елбасымыздың биылғы халыққа жолдауының жетінші тарауында: «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл ең алдымен білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында – біріншіден оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» делінген. Шоқтыбай ауылдық кітапханасының бірінші кезектегі міндеті егеменді еліміздің болашағы жас оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оқу өрісін дамытып, кітапты сүюге үйрету. Отанға деген сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
2016 жыл 3 тамызда кітапханаға Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасы статусы берілді.
Шоқтыбай ауылдық кітапханасы 2001 жылы «Балалар мен жасөспірімдерді патриоттық тәрбиеге тәрбиелеуде Қазақстан тарихы және туған өлкесіне деген ықыласын арттырудағы рөлі» тақырыбында өткізілген семинарға қатысқаны үшін облыстық А.Гайдар атындағы облыстық жасөспірімдер мен балалар кітапханасының директоры З.Б. Өтешованың «Алғыс хаты», 2004 жылы ауыл кітапханаларының арасында экологиялық жоба сайысына «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» жұмысымен қатысқаны үшін бағалы кітаптарымен марапатталды. 2001 жылы «Ананың әлдиі» атты сайысқа қатысқаны үшін А.Гайдар атындағы облыстық жасөспірімдер мен балалар кітапханасының директоры З.Б Өтешованың «Алғыс хатымен» марапатталды. 2018 жылы кітапхана мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда тың идеялар мен креативті жобалар ұсынып, белсене қатысқаны үшін Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасы Алғыс хатпен марапатталып үздіктер қатарынан көрінді.

Шоқтыбай ауылдық кітапханасы

Шоқтыбай ауылдық кітапханасы 1960 жылы мәдениет үйі жанынан ашылды. 2016 жыл 3 тамызда кітапханаға Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасы статусы берілді.
Кітапханада әр жылдары М.Шалабаев, М.Дузекеева, Н.Дузекеева, К.Шунаева, А.Бикалова, А.Н.Иманбекова,С.А Кушмугамбетова қызмет етті. Қазіргі уақытта кітапханашы Мажгулова Нургул Аюповна жұмыс жасайды. Еңбек өтілі – 4 жыл.
Шоқтыбай ауылдық кітапханасында қызмет еткен кітапханашылар ішінен Иманбекова Ақзер Николайқызын ерекше атап өткен жөн. Өйткені, ол кітапханада көп жылдар қызмет етіп, өмірін кітапхана ісіне арнаған жандардың бірі. Ақзер Николайқызы 1992 жылдан 2016 жылдың қыркүйек айына дейін зейнетке шыққанша талмай қызмет етті. А.Иманбекова өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, әрқашан шығармашылық ізденісте болып, кітапхана оқырмандарын елін, жерін сүюмен қатар адамгершілікке тәрбиелеп, шығармашылық әлеуеттерін ашып, рухани баюына үлес қосып, олардың жас ерекшеліктеріне орай қызығушылықтарын ескере отырып, сапалы қызмет көрсете білген нағыз өз ісінің маманы бола білді. Ақзер Николайқызы ауыл тарихы мен дамуына көптеген игі істермен өз үлесін қосып, ауыл тұрғындарының ілтипатына ие болды. Ақзер Николайқызының бастамасымен ауылда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған мемориалды тақта ашылды. Өз ісіне деген адалдығы мен іскерлігі арқасында әр адаммен тез тіл табыса отырып, кітапханаға демеушілерді тартып кітапхана жұмысын дамытып отырды.
Шоқтыбай ауылдық кітапханасы 2010 жылы ауылдық кітапхана күрделі жөндеуден өтіп заман талабына сай жиһаздармен жабдықталды. Кітапханаға облыстық мәслихат депутаты Р. Хайруллин компьютер мен принтер сыйға тартты. Бүгінгі таңда кітапханада 235 оқырман, 11109 дана кітап қоры бар. Кітапхана жылына 23 мерзімді басылымдар атауын алдырады. Шоқтыбай ауылдық кітапханасының бірінші кезектегі міндеті егеменді еліміздің болашағы жас оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оқу өрісін дамытып, кітапты сүюге үйрету. Отанға деген сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Кітапхана өз жұмысында оқырмандарға білім мен ақпарат айдынында бағыт-бағдар бере отырып, оларды ұлттық рухани құндылықтармен, әлемдік білім жетістіктерімен жан-жақты таныстыру мақсатында жұмыстана отырып, елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси жаңалықтарды пайдаланушыларға кеңінен насихаттап, мемлекеттік мерекелер мен аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегіне сәйкес мәдени – танымдық шараларды ұйымдастырып отырылады.
Кітапхана жетістіктері:
Шоқтыбай ауылдық кітапханасы 2001 жылы «Балалар мен жасөспірімдерді патриоттық тәрбиеге тәрбиелеуде Қазақстан тарихы және туған өлкесіне деген ықыласын арттырудағы рөлі» тақырыбында өткізілген семинарға қатысқаны үшін облыстық А.Гайдар атындағы облыстық жасөспірімдер мен балалар кітапханасының директоры З.Б. Өтешованың «Алғыс хатпен» марапатталды.
2001 жылы «Ананың әлдиі» атты сайысқа қатысқаны үшін А.Гайдар атындағы облыстық жасөспірімдер мен балалар кітапханасының директоры З.Б Өтешованың «Алғыс хатымен» марапатталды.
2004 жылы ауыл кітапханаларының арасында экологиялық жоба сайысына «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» жұмысымен қатысқаны үшін бағалы кітаптарымен марапатталды.
2018 жылы кітапхана мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда тың идеялар мен креативті жобалар ұсынып, белсене қатысқаны үшін Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасы Алғыс хатпен марапатталып үздіктер қатарынан көрінді.
2020 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Апа оқып берші» онлайн байқауына белсене қатысып, өзінің шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білгені үшін Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Кушмагамбетова София және ұлдары Мақсот Әлихан мен Аян Дипломмен марапатталды. 2021 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты ұлттық мәдениетті құрметтеу рухында тәрбиелеу, халық дәстүрлерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырған «Сыңғыр шолпы, шаш бауың, жарасады таққаның» атты облыстық онлайн – фотосурет байқауында Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Аяжан Машиғұлова Алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылы Жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиұлының туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қанатты сөз, қарымды қалам иесі» тақырыбындағы облыстық жыр мүшәйрасына Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасының оқырмандары Алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылы Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Алма сөресі» кітап эстафетасына қатысып, ерекше балалар арасында кітап пен оқуды насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Машгулова Алғыс хатпен марапатталды.