Алексей Михайлович Святынин 1932 жылы Теректі ауданында туған. Көп жылдар бойы “Зенит” машина жасау зауытында еңбек етті. Өзінің алғашқы туындылары журнал беттерінде жарық көріп баспаханалардан кітаптары шыға бастаса да, ол өз еңбек ұжымынан қол үзген жоқ.
1979 жылы оның ірі шығармасы “Завод” атты романы жарық көрді. Бұл кітап өзімен бірге қызмет етіп жүрген жолдастары мен әріптестеріне арналған, олардың өміріндегі мәселелерімен қиыншылықтары, қуаныштары бейнеленген шығарма болды.
A.M. Святыниннің алғашқы әңгімелері Жайық өңірінің жас прозаиктері мен ақындарының “За днем грядущим” атты жинағында, “Простор” журналы мен республикалық басылымдарда жарық көрді.
Алексей Святынин 1986 жылдан Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі. Оның “Пробивной камень” (1984), “Лично ответственен” атты еңбектері жарық көрген. «Простор» журналында 1990 жылы «Перекати поле», 1994 жылы «Три барака» атты повестері жарияланды. Сондай-ақ 2001 жылы «Святая простата», 2007 жылы «Эх, люди, люди…», 2009 жылы Казачьи затесы через смех м слезы» кітаптары шықты.

Әдебиеттер:

Святынин А. Пробный камень: повести и рассказы. – Алма-Ата: Жазушы, 1984. – 160 с.
Святынин А.Святая простота: повести и рассказы. – Алматы: Өлке, 2001. – 336 с. – (Батыс Қазақстан қаламгерлері)
Святынин А. Эх, люди, люди..: Шелковая грива коня: роман. Три барака: повесть. – Уральск: Полиграфсервис, 2007. – 400 с.
Святынин А. «Литература объединяет» // Приуралье. – 2008. – 19 июня.
Святынин А. Казачьи затесы через смех и слезы. – Уральск: Агартушы, 2009. – 348 с. – (Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы)
Святынин А. Дикий Кузьма: рассказ // Аманат. – 2014. – №1. – С. 46 – 53.

*****

Святынин Алексей: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2002. – Б.464.
Святынин Алексей: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ. Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б.351.
Ғұбайдуллин Б. Қазақты сағынатын казак еді…: жазушы Алексей Святынин туралы // Орал өңірі. – 2015. – 12 ақпан. – Б. 14.
Ғұбайдуллин Б. Қазақты сағынатын казак еді: Оралдық жазушы, парасатты азамат, қаламгер Святынин Алексей Михайлович туралы // Айқын. – 2015. – 11 маусым. – Б. 12.