1908 жылы 22 қыркүйекте (жаңа стиль бойынша 5 қазанда) Орал облысы Жәнібек ауданы Орда ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген.
Орыс-қазақ ауыл бастауыш мектебінде, кейін Орынбор қазақ халық ағарту институтында оқыған.
1932 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітірді, сол жылдан бастап Жароков — Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Казгослитиздат редакторы, “Қазақ әдебиеті”газеті редакторының орынбасары.
1938-1942 жылдары-халық ақыны Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
1965 жылы 11 наурызда Алматыда қайтыс болды.Алматы қаласының орталық зиратында жерленген.

Еңбек Қызыл Ту (1959) және “Құрмет Белгісі” — 1939 ордендерімен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.