Ақтау ауылдық модельді кітапханасының

ТӨЛҚҰЖАТ

Мекеме  атауы Ақтау ауылдық модельді кітапханасы
Ведмостволық  құрлымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1957 ж.
Аудан орталығынан арақашықтығы 15км
Облыс орталығынан арақашықтығы 83км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 60 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын)  20  орын.
Нысан түрі Мемлекеттік мекеме
Тұрғын саны 1176
Оқырман саны 590

Кітап қоры 24998; қазақ тілінде-14887
Қызмет түрі Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны БҚО, Тасқала ауданы, Ақтау ауылы  тел:87113929509
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Елекенова Батима Әлібекқызы

Ескерту: 1-абонемент бөлімі, 1- оқу залы, Ақтау  ауылдық балалар кітапханасы                                                                                  бар

Ақтау ауылдық модельді кітапханасы.

Қазіргі Ақтау ауылдық кітапханасы алғаш 1957 жылы Карл Маркс колхозы кезінде ашылған. Кітапханашы Ажығалива Күміс Ажығалиқызы 1957 жылдан 1965 жылға дейін, яғни Красный Маяк совхозы құрылғанға дейін жұмыс істеген.
1965-1968 жылдары Сатыбалдиева Ақкенже Фазылқызы, 1968-1970 жылдары Меңдібаева Жұмабике Қасымқызы, 1970-1972 жылдары Аманғалиева Өзипа Аманғалиқызы, 1972-1990 жылдары Сепетова Мумина Мақсотқызы, 1990-1995 жылдары Карабалиева Мархаббат Елтайқызы, 1995-2017 Бақтыгереева Қарылғаш Хайдарқызы, 2017-2019 Жамолова Гүлжан Сырымқызы, 2019 жылдан бастап күні бүгінге дейін Елекенова Батима Әлібекқызы кітапханашы қызметін атқарып келеді.
2003 жылы «Ауыл жылына» байланысты Тасқала ауданында өткен облыстық семинардың жалғасы Ақтау кітапханасында жалғасын тапты. «Ауылымыздың болашағы біздің қолымызда» атты тақырыпта өткен кешке кітапхана оқырмандары, зейнеткерлер, мектеп оқушылары, мәдениет қызметкерлері қатысты.
Бүгінгі жаппай ақпараттану және технологияның өркендеу заманында ауыл кітапханалары өзінің қоғамдағы басты орнын сақтап қана қоймай, өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін қажетті мәдени орынға айналды. Яғни, кітапхана бүгінде оқырман үшін білім алудан бос уақытын өткізу, интеллектуалды және рухани қасиеттерін дамыту, ақпараттық сұранымдарын қанағаттандыратын білім ордасы.
2004 жылы мамыр айының 17-18 күндері Орал қаласында «Ауыл кітапханаларында балалармен жұмыс істеудің жаңа бағыттары» атты аймақтық республикалық кеңес өткізілді. Кеңеске Қазақстанның батыс өңірі Ақтау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының балалармен жұмыс істейтін ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты. Осы кеңеске Тасқала ауданынан М.Нупова және Қ.Бақтыгереева қатысып, көптеген жаңа әдістемелер көріп, үйреніп қайтты.
2006 жылы «Ресейдегі Абай жылына» байланысты «Ақыл-ойдың данышпаны», «Қазақстандағы Пушкин жылына» байланысты «Орыс поэзиясының алыбы», «Мәдени мұра ғасырлар куәсі» атты кітап көрмелеріне библиографиялық шолулар өткізілді.
Оқырмандарға арналып библиографиялық анықтама, әдеби шолу, ақын-жазушыларға арналған тақырыптық папкалар, өлкетану картотекалары жүргізіледі.
Аудандық Қадыр оқулары Ақтау ауылдық кітапханасында ұйымдастырылып, оған аудан көлеміндегі барлық кітапханалар атсалысты.
Өлкеміздің тарихын білу мақсатында 2003-2005 жылдардың «Ауыл жылы» деп аталуына байланысты «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» айдарымен «Ауыл энциклопедиясы» жинақталып жасалған болатын. Осы бағытта жүргізілген жұмыста Ақтау ауылдық кітапханасы энциклопедия кітабы облыста жүлделі орынға ие болып, үздік көркем мәтіні үшін мақтау қағазымен марапатталды.
Тың игерудің 55 жылдығына байланысты «Еңбек – ерлікке жетелейді», Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына «Жеңіс біздің жырымыз» атты кездесу кештері, «Ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізілді. «Ерліктің жарқын беттері» атты тақырыптық папкалар жинақталды.Кітапханашы Қ.Бақтыгереева 2009 жылы аудандық «Үздік кітапханашы» байқауына қатысып, жүлделі ІІ-орынды жеңіп алды. 2010 жылы «Бір ел-бір кітап акциясы бойынша өткізілген аудандық «Үздік Жұбантанушы» байқауында жүлделі І-орынды жеңіп алды. 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған облыс көлемінде өткен «Кәсіби эстафетада» аудан атынан кітапханашы Қ.Бақтыгереева Бөрлі ауданындағы әріптестерге кітапхана эстафетасын тапсырған болатын. 2012 жылдан бастап Ақтау ауылдық кітапханасының жанынан балалар кітапханасы ашылды. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына сәйкес оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуде жаңа мүмкіндіктер беретін үлгілі қалыпта жабдықталған «Модельді ауылдық кітапхана» статусы берілді. 2018 жылы «Рухани қазына- 2018» аудандық фестивалінен «Үздік ауылдық кітапхана» марапатына ие болды. 2021 жылы Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан Облыстық балалар жәнежасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Қайрат Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған облыстық экспресс-байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Қазіргі таңда кітапхана жасөспірімдер мен ересектерге қызмет көрсетеді. Кітапхананың аумағы 120кв.м, 24 орындық оқу залы бар. Кітапханада 25030кітап қоры, 597 оқырманы бар. Кітапхана тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру бағытында қызмет етуде. Жылдан жылға кітап қоры молайып, жаңа кітаптармен толығуда. Мәселен, «Абайтану», «Жамбыл Жабаев», «Қазіргі қазақ прозасы», «Тарих.Тұлға.Уақыт», «Софы Сматаев», «Фараби», «Бабалар сөзі», «Тәуелсіздік толғауы», «Ашаршылылық», «Мерейтойлық әдебиеттер» серияларымен көптеген жаңа әдебиеттер келуде. Кітапханада мерзімдік басылымдар да оқырмандар сұранысын қанағаттандырарлық дәрежеде. Алдағы уақытта бұданда жақсы дәрежеге жетерміз деген ойдамыз.

Ақтау ауылдық  балалар кітапханасының

ТӨЛҚҰЖАТ 

Мекеме  атауы  Ақтау ауылдық  балалар кітапханасы
Ведмостволық  құрлымы  Мәдениет министрлігі
Құрылған жылы    2012 ж.  
Аудан орталығынан арақашықтығы 15км
Облыс орталығынан арақашықтығы 83км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы   38  шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын)  8  орын.
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі  мемлекеттік
Тұрғын саны 1176
Оқырман саны 150
Кітап қоры 6469 қазақ тілінде –3529
Қызмет түрі Кітапханалық-библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, Ақтау ауылы  тел: –
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Батырғали Сағынғаным Аянқызы

Ескерту:

 

Ақтау ауылдық балалар кітапханасы.

Жас ұрпақ тәрбиелеуде, біздің алдымызда тұрған басты міндет, балаларымызды білім  тұнығына жетелеу мен оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы бағытта 2012 жылдың қазан айында  Ақтау ауыл кітапханасына қарасты балалар кітапханасының филиалы ашылды. Бүгінгі күні кітапхана сөресі 1500-ге жуық жаңа әдеби кітаптармен толықтырылды. Бұл кітапханадан 300-дей бала көркем әдебиет пен қатар мектеп бағдарламасына көмек ретінде толық мәлімет алуларына болады. Кітапхананың  аумағы 50 кв.м. 10 орындық оқу залы және абономент бөлімі жұмыс істейді.

Ауылдың бұл шағын кітапханасында әр оқырманға керекті, таңдаулы туындылар бар. Осы кітапхананың кітапханашысы Айтқалиева Бибигүл Жұмағұлқызы арнаулы кәсіптік орта білімді маман. Кітапхана жаңа әдебиеттер легімен қатар, республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі мерзімді басылымдардың ондаған түрлеріне жазылады. Енді апталық басылымдар, өз мерзімінде жеткізіліп отырылады. Балаларға арналған кітапханадағы мерзімді басылымдар «Ұлан» газеті мен журналдар «Айгөлек», «Ертегілер әлемінде», «Алақай, балақай», «Мөлдір бұлақ».    Балалар кітапханалық іс-шараларға қатысып, шығармашылықпен айналыса отыра, әртүрлі үйірмелерге қатыса алады. Балаларға көмек ретінде анықтамалар, сөздіктер және шытырман оқиғалы әдебиеттер кітап қорынан орын алды. Кітапхананың негізгі жұмысы мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларға кітапханалық қызмет көрсету болып табылады. Оқушылар күнделікті ақпараттық сұраныстарын қабылдап орындауда мерзімді басылымдардың рөлі ерекше.

Балалардың ақпараттық мәдени және білімділік сұранысын тауып, оларға қолдау көрсетуде «Сөз өнері» үйірмесі жұмыс істейді. Клуб бағдарламасында әдебиеттерге шолулар, саяхат және белгілі ақын – жазушылармен кездесулер және іс-шаралар жоспарланып отырады. Кітапханада «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты Халықаралық акциясы шеңберінде «Ең үздік иллюстратор» тақырыбындағы сурет байқауы ұйымдастырылып, «Көксерек» әңгімесінен үзінді оқытылды.

Кітапханада жасөспірімдерді ізеттілік, инабаттылық,  мейрімділікке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ауыл оқырмандарына кітапты көзімен көріп қолымен ұстап, байлығын сезінуіне мүмкіндіктер жасалуда.

 

2015 жылдың маусым айынан бастап Ақтау ауылдық балалар кітапханасында Батырғали Сағынғаным Аянқызы жұмыстанып келеді. Арнаулы кәсіптік орта білімді маман. «Кітапхана – оқырманмен  кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беріп, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – ол әрине кітапханашылар болғандықтан, кітапханаға оқырмандарды тарту, кітапты талғаммен оқуға баулу, кітап қорын насихаттау, атаулы күндерге  мәдени іс- шаралар өткізу.

Балалардың кітапханаға деген қызығушылығын ояту, ертегі кейіпкерлері мен балалық қиялдарын ұштастыру арқылы кітап оқуға, өзіміздің тарихымызды, мәдениетімізді, әдебиетімізді, өнерімізді бағалауға баулу мақсатында «Ертегілер елінде» атты үйірме жұмыстанады. Бауыржан  Момышұлы атамыз «Ертегісіз өскен бала рухани мүгедек адам» дей отыра ертегіні насихаттау барысында түрлі шаралар өткізілуде.

Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты  да тартымдылығымен ерекшеленді. Себебі күн сайын   жаңалыққа толы сәттер, яғни жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқырмандар, оқытушылар, қызметкерлер легі  толастамайды.

«2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» аудандық байқауға қатысып, 3 орынға ие болды. «ХХІ ғасыр кітапханасы жастар көзімен» жобасы аясында өткен жас кітапхана мамандарына арналған «BIBLIO IQ» облыстық шығармашылық алаңға қатысып, «Үздік жас кітапханашы» статуэткасымен марапатталды.

Қазіргі таңда кітапхана балаларға қызмет көрсетеді. Кітапханада 6470 кітап қоры, 150 оқырманы бар. Кітапхана  тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру бағытында қызмет етуде. Жылдан жылға кітап қоры молайып, жаңа кітаптармен толығуда. Алдағы уақытта бұданда жақсы дәрежеге жетерміз деген ойдамыз.

 

Амангелді ауылдық  кітапханасының

ТӨЛҚҰЖАТ 

Мекеме  атауы  Амангелді ауылдық   кітапханасы
Ведмостволық  құрлымы  Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы    1971ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 36 км
Облыс орталығынан арақашықтығы 104км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы  81,6  шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 10  орын.
 Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі  мемлекеттік
Тұрғын саны 1142
Оқырман саны 570
Кітап қоры Барлығы-16049,қазақ тілінде- 9521
Қызмет түрі  Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, Амангелді ауылы, тел: 87113923691
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Искалиева Гүлсын Салихатқызы

Ескерту:1 ғимарат, 1-абонемент бөлімі, 1 оқу залы, Амангелді ауылдық балалар кітапханасы және І-Шежін ауылдық   кітапханасы бар                                                                                             

 

 

Амангелді ауылдық кітапханасы.

Амангелді кітапханасы 1971 жылы ашылды. Кітапхананың аумағы – 72,8 шаршы метр.Кітапхананың алғашқы қоры-4824 дана болған.

Алғашқы кітапханашы болып жұмыс жасаған Сепетова Мумина  1951жылы дүниеге келген, білімі жоғары. Ол 1971-1972 жылдары кітапханашы болып жемісті еңбек атқарған. Кітапхана алғаш ашылғанда совхоздың жатаханасының екі бөлмесінде орналасқан болатын.

Кітапханадан ауыл тұрғындары мұғалім, студентер, зейнеткерлер, жастар, мектеп оқушылары кітап алып кітаппен сусындауда. Соның ішінде ең көп оқылатын әдебиеттер: Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ғабит Мүсірепов, Қадыр Мырзалиев, Жұбан Молдығалиев, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Әуезов, Сабит Мұқанов, Ақұштап Бақтыгереева, Фариза Оңғарсынова, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бауыржан Момышұлы. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, Батыс Қазақстан энциклопедиясы, Махамбет әлемі, Бөкей орда кітаптарын көп оқуда. Жылдан жылға кітап қоры молайып жаңа кітаптармен қамтамасыз етілуде. Мәселен «Мәдени мұра», «Әлемдік философиялық мұра», «Қазіргі қазақ прозасы», «Тарихи Тұлға тағлымы», «Сен білесің бе?», «Махамбет әлемі», «Бабалар сөзі», сериялармен көптеген әдебиеттер келуде. Кітапханаға  мерзімді басылымдармен оқырмандарды қамтамасыз етеді.

1972 жылдың тамыз айынан бастап Аманғалиева Узипа Құмарқызы  1984 жылдың шілде айына дейін жұмыс жасады.  1951 жылы туған, арнаулы орта білім. 1972 жылдан Амангелді ауылдық кітапханасы Ю. Гагарин көшесіндегі үйге көшірлген. Сол кездегі ауыл жастарының барлық жұмыстарын осы кітапханада өткізілді. Жастар арасында түрлі кездесулер спорттық жарыстар ауданға, облысқа барып волейбол, баскетболдан жаяу жарыстан талай жүлделі орынғы ие болды. Кітапханашылар егін,  бригадаларын аралап күнде бюллетень жұмыс тақтасын шығаратын. Сол еңбек жұмысын бағалап 1975 жылы кітапхана жұмысын абыроймен еңбек еткеніне мақтау грамотасымен марапатталды. Ол Ақтөбенің мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөлімін бітірген. Одан соң бірінші Шежін ауылының кітапханашы жұмысын атқарады. Бүгінгі күні зейнеткерлік демалыста. «Ауыл ардагерлері», «Аманкелді ауылының егін алқабы» – атты мақалалар, 1973-жылы 20-шы тамыз, 1977-ші жылы ақпан, 1978-шы жылы 10-шы наурыз, 2007 жылы 10-шы ақпан арасында  «Орал өңірі», «Екпін» газеттерінде

мақалалар жарық көрді.

1984 жылдан бастап Сугірбаева Меруерт Бақсанқызы кітапханашы болды. 1954 жылы туған, арнаулы орта білімді.  Кітапхана 2009 жылға дейін ауылдық мәдениет үйі жанында 2 бөлмеде орналасқан. 1984 жылдан бастап 2012 ж қазан айына дейін  Сүгірбаева Меруерт Бақсанқызы кітапханашы болып жұмыс атқарған. Ол 1971-1974 жылдар арасында Ақтөбенің мәдени-ағарту училищесін  бітірген. Аудандық мәдениет үйінде әдіскер болып қызмет атқарып, отбасы жағдайымен осы кітапханаға ауысқан. Сол жылдан бері кітапханада 25 жыл еңбек етуде. Осы жылдарда көптеген жұмыстар жасалды. Әртүрлі мақтау грамоталармен, алғыс хатпен марапатталды.

 

2006 жылы Ресейдің, Абай жылына байланысты «Ұлы Абай, Қазақстандағы Пушкин» жылына байланысты оқырмандармен поэзиялық кеш,  Мұқағали Мақатаевтің 75-жыл толуына орай «Мұқағали жырлайды»-атты поэзиялық сағаттар өткізілді.  Ауыл оқырмандарына арнап әдеби шолу, жаңа түскен кітаптарға библиографиялық шолулар үнемі  өткізіліп тұрды. Кітапханада: «Мәдениетті сөйлей білу», «Адамның рухани құндылықтары», «СПИД – ХХІ ғасыр дерті», «Имандылық – тазалық негізі», «Жаңа ғасырда жастар қандай болу керек» т.б.  кештер жоғарғы деңгейде өткізілді.

2012 ж дейін кітап қоры – 15960 дана. Мерзімді басылымдар – 38. Оның   ішінде газет-15, журнал – 23 дана. Кітапхана өз ғимаратында орналасқан. Кітапханада  комьютер, принтер бар, КАБИС бағдарламасына қосылған. Кітапхана жылу мен жарықпен қамтамасыз етілген.

Кітапханада «Жас кітапханашы», «Тіл әлемі» клубтары жұмыс жасауда. Онда «Экология және біз», «Жайық қаламгерлері», «Тұғыры биік тұлғалар», «Сен өз құқығынды білесің бе?» – атты мектеп жасындағы оқушылармен сайыстар, кітап көрмесі, пікір талас өткізілді.

Бүгінгі компьютер заманында ауыл кітапханасы өзінің қоғамдағы басты орынын сақтап, жас ұрпақтың қажетті орнына айналды. Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауын насихаттау барысында «Қазақстан жаңа даму қарсаңында», «Қазақстан Республикам менің»-атты кітап көрмесі, әңгімелер, шолулар өткізілді. 1991 жылы Амангелді ауылдық кітапханасына  жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі келіп оқырмандармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақын осы кітапханаға өз қолтаңбасын қалдырды.

2012 жылдың қараша айынан бастап Есқалиева Гүлсім Салихатқызы кітапханашылық қызметті атқарып келеді. 1967 жылы туылған. Білімі жоғары. Бүгінгі таңда Амангелді ауылдық кітапханасында кітап қоры -16049.

2013 жылы облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапханашылардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру және жеке-шығармашылық қабілетін дамыту» атты  семинарға қатысып тәжірибе алмасты.

Қазіргі кездегі оқырмандардың талабын  қанағаттандыруда кітапқа, ақпаратқа жан-жақты сұранысын жетілдіруде, кітап оқуға тарту  рухани байлықтарын дамытуда іске асыруда жұмыстануда.Туған өлкені, еліміздің тарихын, өлкетану жұмыстарын насихатталуда.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың, Қ.Ж.Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауларын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», « Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын кең түрде насихатталып,қоғам қайраткерлерінің қазақтың ақын – жазушыларының, өнер қайраткерлерінің мерей тойларын, еңбектерін жинақталуда.  Кітапхнада «Мәдени мұра», «Туған жер» бағдарламасы,  «Мемлекеттік тіл», «Бір ел-бір кітап»,  әр жылдарда «Оқырман отбасы» , «Нашақорлыққа қарсы күрес»   бағдарламалық  жұмыстарын жүзеге асырылуда.

 

 

 

Оқырмандар мен кітапхана арасындағы байланысты нығайтып оқырмандардың  сұранысына сай ақын-жазушылардың өмірі, шығармалары баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларын насихаттауда, кітап көрмелерін, әдеби кештерін, ауызша журнал, кездесулер, көпшілік шаралар өткізіліп келеді.

Бүгінде кітапхана  оқырмандарына  кітапхана қабырғасынан тыс жүргізіп отырған жұмыс түрлеріде ұсынылуда. Осы орайда оқырмандардың, жасөспірімдердің  сауаттылығын арттыру мақсатында оқырмандарға виртуалды кітап көрмелері, тәрбие, танымдық,тарихи,поэзия сағаттар мен ақпарат сағаты, бейнешолу, бейнедеректерге роликтер жасалып, әуенмен дыбысталып «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы  берілуде.

 

2021 ж Балалар мен жасөспірімдердер кітап оқуын қолдау  жылында  ашық аспан астында «Кітапхана кітап қоры» библиофрештер  ұйымдастырылуда.

Кітапхана жанынан әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты оқырман  жасөспірімдерді кітапханаға тартуда «Ұлы даланың дара тұлғалары» атты кітапханалық жоба, «Жасөркен» үйірмесімен жұмыстар  жасалып келеді .   «Тарихи тұлғалар» ,  танымдық сағаттарымен «Жасөркен» үйірмесімен қыздар күніне «Қыз ісімен көрікті» ,  салауатты өмір салтын насихаттау барысында  «Нашақорлық –қоғамдық  дерт» т.б  тәрбие сағаттары ұйымдастылылып келеді.

Кітапхана ақпарат сақтаушы, адамдардың біліктілігін, білімділігін арттырушы мекеме болғандықтан, оқырмандардың сапалы білім алуына, ұлттық құндылығымызбен тарихымыздың, мәдениетіміздің дамуына үлес қосуда   адамгершілікке, мәдениеттілікке, өз елінің патриоты болуына тәрбиелеуде заманауи иновациялық жұмыстарды ұйымдастыруда   , жаңа кіттаптарды насихаттау   өз жалғасын табады.

 

Кітапхана жетістіктері

Аудандық  «Махамбет оқулары» /бас жүлде/  / І-орын/  , Аудандық  «Шәки оқулары» І,ІІІ , «Мағжан оқулары»  І орын       Қалыбековтар отбасы /парасатты оқырман    отбасы номинациясы.

«Қадыр оқулары» онкүндігіне, «Жерлес ақындардың өлеңдерін оқимыз» поэтикалық марафонға, «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» облыстық онлайн байқауына қатысқан жасөспірім оқырмандары Сертификат және Алғыс хаттармен марапатталды.

«Ақжайық өңірінің оқырман отбасы-2022 ж» облыстық байқаудың  жүлделі ІІІ орын иегерлері кітапхана оқырмандары Беркімбаевтар отбасы

Кәсіби жетістіктер

Амангелді ауылдық балалар  кітапханасының

ТӨЛҚҰЖАТ 

Мекеме  атауы  Амангелді ауылдық балалар кітапханасы
Округ атауы Амангелді ауылдық округі
Ведмостволық  құрлымы  Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы    2016ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 36 км
Облыс орталығынан арақашықтығы 104км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы  30  шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 4  орын.
 Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі  мемлекеттік
Тұрғын саны 1142
Оқырман саны 170
Кітап қоры 7640; қазақ тілінде-3821
Қызмет түрі  Кітапханалық –библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, Амангелді ауылы, тел: –
Кітапханашының аты-жөні Сапенова Мирамгуль Унеровна

                                                                                             

 

                                                                     

Амангелді ауылдық балалар кітапханасының тарихы.

Кітапхананың негізгі бағыты – рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап талғамы терең, білімді ұрпақ тәрбиелеу.Осы бағытта 2016 жылы желтоқсан айында Амангелді ауылды кітапханасына қарасты балалар кітапханасының филиалы ашылды.Амангелді ауылдық балалар кітапханасы халқының мәдениетін көтеруге, ауылда кітапхана жұмысын жақсарту, әдебиет пен ғылымның жетістігін үзбей насихаттауға, кітапхана қорын толықтыруда, пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда жұмыс түрлерінің жаңа тәсілдерін пайдалана отырып жұмыстанады.Кітапхана 30 шаршы метр, 5 орындық және абономент бөлімі жұмыс істейді. Ауылдың бұл шағын кітапханасында әр оқырманға керекті, қызықты таңдаулы туындылар бар

Алғашқы болып кітапханада 2016 жылдың желтоқсан айынан 2017 жылдың желтоқсан айына дейін Нұрғазиева Тұрсынай Мұратқызы қызмет атқарды. Білімі орта арнаулы.

 

Тұрсынай Мұратқызы оқырмандармен жақсы байланыс жасап, кітапханада әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырып, оқырмандары жетістіктерге жетті.

2018 жылдан бастап Габдушева Жарқын Сакеновна Амангелді ауылдық балалар кітапханасында  1 жыл қызмет атқарды. Жарқын Сакеновна оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында  қызықты үйірмелер мен жобалар ұйымдастырды.Соның бірі  Амангелді ауылдық балалар кітапханасындағы «Жас талап» үйрмесінде «Танымы мол қара сөздері» Абай атамыздың қара сөздеріне арналған тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Қарасөз туралы теориалық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау,өзіндік ерекшеліктерін,мағынасын ашу. Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту,адамгершілікті,ізгілікті дәріптеу.

2019 жылдың наурыз айынан бастап  қазіргі кезге дейін балалар кітапханашысы болып Сапенова Мирамгуль Унеровна қызмет жасауда. Кітапхана жаңа әдебиеттер легімен қатар, республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі  мерзімді басылымдардың 10 түріне жазылады.Енді апталық басылымдар, өз мерзімінде жеткізіліп отырады.Балаларға арналған кітапханадағы мерзімді басылымдар «Ұлан», «Самал» газеттері мен «Ертегілер елінде», «Балдырған», «Балалар әлемі», «Жас ғалым», «Айгөлек», «Балапан бағы» журналдарына жазылады. Балалар кітапханалық іс-шараларға қатысып, шығармашылықпен айналыса отырып, әртүрлі үйірмелерге қатыса алады.Балаларға көмек ретінде анықтамалар, сөздіктер және шытырман оқиғалы әдебиеттер кітап қорынан орын алды.Кітапхананың негізгі жұмысы мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларға кітапханалық қызмет көрсету болып табылады.Оқушылар күнделікті ақпараттық сұраныстарын қабылдап орындауда мерзімді басылымдардың рөлі ерекше.

Биыл балалар жылы болғандықтан кітапханамызда балаларды кітапқа қызықтыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Соның бірі 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап- ғажайып әлем» тақырыбында буккроссинг өткізілді.Негізгі мақсаты кітап оқуға насихаттау, бос уақытында кітап оқуға шақыру.Шара барысында кітап көрмелері таныстырылып, викториналық сұрақ-жауап өткізілді.

Сонымен қатар ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына жаңадан түскен кітаптар таныстырылды.

Амангелді ауылдық балалар кітапханасы мен Бірінші Шежін кітапханасы және мектеп кітапханасы бірігіп балалар жылына орай «Кітаптар сиқыры» атты biblio party өткізілді.

 

Балалардың ақпараттық мәдени және білімділік сұраныстарын тауып, оларға қолдау көрсетуде «Сөз өнері» үйірмесі жұмыс істейді.Үйірме бағдарламасында әдебиеттерге шолулар, саяхат ойындар, және әртүрлі іс-шаралар жоспарланып отырады.

Кітапханамыздағы оқырмандар аудандық, облыстық марапаттарға ие болуда.

Кітапхана негізінен  ауыл тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыра отырып, өлкетану, Қазақстандық әдебиеттерді насихаттау барысында әр алуан жұмыстар істелінуде. Кітапханада балаларды ізеттілік, инабаттылық,  мейрімділікке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ауыл оқырмандарына кітапты көзімен көріп қолымен ұстап, байлығын сезінуіне мүмкіндіктер жасалуда.

 

 

Вавилин ауылдық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТ

Мекеме атауы Вавилин ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы Мәдениет министрлігі
Құрылған жылы 1973ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 31 км
Облыс орталығынан арақашықтығы 99 км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 66 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) –
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 84
Оқырман саны 50
Кітап қоры 5224; қазақ тілінде-2470
Қызмет түрі Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, Достық ауылы, Вавилин ауылы тел: –
Кітапханашының аты-жөні Шотанова Алмагуль Жумагельдиевна

Ескерту:1-абонемент бөлімі бар

Вавилин ауылдық кітапханасы.

Вавилин ауылдық кітапханасы 1969 жылы орта мектеп жанынан «Қызыл бұрыш» деген атаумен ашылған болатын. Ауыл негізінен мал шаруашылығы мен егін егу және бақша отырғызумен айналасатын. Оқушылар мен жасөспірімдер үйіндегі өз кітаптарын сол бұрышқа  тапсырып, кітап қорын толықтырған. 1962 жылдары Вавилино ауылында кітапхана болмағандықтан, Семиглавый Мар ауылдық кітапханасының кітапханашысы  Ищук Неля кітаптарды әкеліп, насихаттап, оқырманды кітаппен апта сайын қамтып отырған. Кітапханада жылжымалы кітапхана жұмыс істеген.   Кітапханада әр жылдары Меңсұлу Кенжебаева, Күнжан Карабалина, Шарипа Альменова, Майра Кенжегулова,  Қырмызы Елеукенова, Ғалымжан Ерекешов, Динара Ерекешовалар жемісті еңбек атқарып келді. Кітапхана өз ғимаратында орналасқан.                                                                                                                                                                                                              Кітапханада «Ертегілер елі» атты үйірме жұмыс жасайды. Онда мектеп жасына дейінгі балалар қатысып, ертегілер әлеміне саяхат жүргізіліп   «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты, «Мемлекеттік тіл» тақырыптарында әртүрлі шаралар ұйымдастырылып, оқырманға насихатталған. Кітапханашы Динара Ерекешова 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған іс-шараларға қатысып, «Желтоқсан жаңғырығы» атты сценарийлер байқауына қатысқан. Кітапханада әртүрлі тақырыптарға арналған папкалар жинақталып келеді. Сондай-ақ аудан көлемінде өткізіліп тұратын семинар-кеңестерге қатысып, өз білімін жетілдіріп отырды.2012-2017 жылдар аралығында Вавилин ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып Шотанова Бақтыгүл Жұмагелдіқызы қызмет атқарды. Ол 1990 жылы Орал облысы, Камен ауданында дүниеге келген.  2008 – 2010 жылдары Орал гуманитарлық колледжінің  кітапхана ісі мамандығы бойынша  білім алған. БҚМУ-ды кітапханатану және библиография  мамандығы  бойынша  аяқтап, алған білімін өзінің жұмыс тәжірибесіне қолдануда. Қазіргі уақытта Тасқала ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы. 2018 жылы Шотанова Алмагүл Жұмагелдіқызы Вавилин ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып қабылданып, декреттік демалысқа шығуына байланысты 2021 жылы 4 мамырдан бастап  Вавилин ауылдық кітапханасына Кузбакова Гульнара Фаритовна қызметке алынды. Ол Ақмола облысы Есіл ауданы Маяковский совхозында 1981 жылы 23 шілдеде дүниеге келген. 2018–2021жылдары Құрманғазы атындағы музыкалық колледжінің кітапхана ісі мамандығы бойынша  білім алған. Кітап қоры – 5224, оқырман саны – 50. Кітапханада 4 стеллаж, 2 көрме қойылатын сөрелер бар. Компьютермен жабдықталған. Кітапханаға кітаптар жиындық бөлімінен өңделіп жеткізіледі. «Алғыс айту асыл қасиет» ғажайып алаң, «Құстар біздің досымыз» ойын сағаты өткізілді.

Атамекен ауылдық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТ

Мекеме атауы Атамекен ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1940ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 45км
Облыс орталығынан арақашықтығы 113км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 60 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 10 орын.
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 1045
Оқырман саны 585
Кітап қоры 13924; қазақ тілінде-7740
Қызмет түрі Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны БҚО, Тасқала ауданы, Атамекен ауылы, тел: 87113925250
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Калмурзин Жайсан Ғарифұлы

Ескерту: 1-абонемент бөлімі, 1 оқу залы, Қалмақшабын ауылдық кітапханасы бар

Атамекен ауылдық кітапханасы.

Атамекен ауылдық кітапханасының тарихы сонау Ұлы Отан соғысына дейінгі 1940-шы жылдардан басталса керек. Атамекен ауылдық кітапханасында әр жылдары еңбек еткен қызметкерлер – Бекбаулова Ғазиза Ихсанғалиқызы /1950-1955 ж.ж./, Алмағамбетов Махмұд /1955-1958 ж.ж./, Айсағалиева Рысқаным Нұрғалиқызы /1958-1974 ж.ж./, Нұрашева Маржан Жұманайқызы /1974-1984 ж.ж./, Қаламқалиева Зұлхия Дұйсешқызы /1984-1997 ж.ж./, Кенжешева Гүлсім Әлиқызы  /1997-2000 ж.ж./, Ерниязова Тұрсынай Мұтиғоллақызы  /2000-2001 ж.ж./, 2001 жылдан осы күнге дейін Калмурзин Жайсан Ғарифұлы жұмыстанып келеді.1950-шы жылдан 1955-ке дейін кітапханашы қызметін атқарған, 7 класстық білімі бар Бекбаулова Ғазиза Ихсанғалиқызы 1928 жылы дүниеге келген. Соғыс жылдарында совхоздың шеберханасында токарлық қызметте және әртүрлі жұмыстарда жүрді. Ол кісіден кейін кітапханашы болған Алмағамбетов Махмұд. 1958-1974 жылдары  Рысқаным Нұрғалиқызы кітапханашылық қызметке 16 жыл бойы үздіксіз қызмет еткен. Әрдайым өз әріптестерінің, қызметтестерінің арасында өте сыйлы болған. Облыстық, аудандық, ауылдық семинарларға қатысып жүрген. Өз жұмысына өте жауапкершілікпен қараған.1966 жылы совхозда үлкен ғимарат, мәдениет үйі және оған қанаттас кітапхана іргетасы құйылды. Екі жылға созылған құрылыс аяқталып, 1968 жылы пайдалануға берілді.

Калмурзин Жайсан Ғарифұлы 1968 жылы Орал облысының Камен ауданы, Қазақстанның 40 жылдық атындағы совхозда дүниеге келді. 1985 жылы мектеп бітіргеннен кейін Куйбышев қаласында құрылыс техникумына түсіп, оны 1990 жылы аяқтады. 1986-1988 жылдары Отан алдында әскери борышын өтеді. 2001 жылға дейін құрылыста жұмыс жасады. 2001 жылдың наурыз айынан, осы күнге дейін Атамекен ауылдық кітапханасында жұмыс жасайды. 2005 жылы Орал қаласында Құрманғазы атындағы саз колледжіне түсіп, кітапхана ісі мамандығы бойынша 2007 жылы аяқтады.

Атамекен ауылдық кітапханасының филиалы бар. Ол  Қалмақ шабын ауылында орналасқан.

Бүгінгі күні кітапхананың кітап қоры-13949 дана. Соның ішінде қазақ тілінде – 7761 дана.

Жылда оқырмандарға сұраныстары бойынша 50 ақпараттық-анықтамалары беріледі. Сонымен қатар картотекалармен жұмыс жасалады. Жыл бойына 150-ден астам карточка толтырылады. Олар экономика, өлкетану, мәдениет, спорт, тарих, денсаулық сақтау, тән белгілерінің жиынтығы бойынша. Жаңа түскен әдебиеттерге ақпараттық бюллетень толтырылып, алфавиттік каталогтың карточкалары кесте бойынша қойылады. Жүйелі каталогтың карточкалары көшіріліп сала бойынша орналастырылған. 2007 жылы кітапханаға компьютер берілді. Бүгінгі таңда интернет желісімен қамтылған.

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Сол жылдан бастап акция талабы бойынша таңдалып алынған ақын-жазушыларға, кітапханада түрлі шаралар өткізіліп тұрды. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай – ақ жастарды отаншылыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызушылығын әрі қарай жоғарылатуына мұмкіндік туғызады.

Кітапханада «Атамекен» қызығушылық үйірмесі, «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» кітапханалық жоба және «Парасат жолы» орталығы  жұмысын жасайды. Мақсаты: Оқырмандарға Отанды сүю, патриоттық тәрбие беру.  Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамытуға. Оқырмандарға түрлі әдеби кештер, интеллектуалды сайыстар, кітап көрмелері т.с.с. іс-шаралар арқылы ерлік – патриоттық сабақтарын ұйымдастырып келеді. Кітапханашы Жайсан Калмурзин жылда аудандық, облыстық кітапханалары өткізетін семинар-тренингтеріне қатысып, жинаған тәжірибелерді пайдаланып, оқырман қауымға қызметін көрсетеді.

Кітапхана 2003 жылы наурыз айында 2003-2005 ж.ж. ауыл жылдарына арналған «Қазіргі кезде ауыл кітапханасының жаңа бейнесін қалыптастыру» атты семинар-тренингке қатысып, оны табыстай аяқтап, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының  сертификаттын алды. Жылдан-жылға кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетіп, кітаптарды насихаттау жұмыстарын өткізеді. Соның ішінде: М.Мақатаевқа «Ақын сыры», Ж.Жабаевқа «Мен жүзжылдық бәйтерекпін», Д.Қонаевқа «Өтті дәурен осылай», А.С.Пушкинге «Пушкиннің жарқын аты», А.Құнанбаевқа «Қазақ халқының ұлы ақыны», шектеулі Кеңес әскерлері Ауған елінен шығарылған күніне «Ауғаннан қалған естелік», «Жарияланбаған соғыс», әскери ұшқыш, Халық Қаһарманы Х.Доспанованың 100 жылдығына «Әуе қарлығашы», Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың 100 жылдығына «Өшпес ерлік»  т.с.с. тақырыптарда кітап көрмелері, әдеби кештер, ерлік сабақтары әңгімелер, шолулар ұйымдастырылды.

Осы бағытта еліміздің қоғамдық-саяси жағдайынан оқырмандарды тыс қалдырмау бағытында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жылдағы кезекті Жолдауына және атаулы еске алатын, мерекелік күндеріне «Желтоқсанның мұзда жанған алауы», Шектеулі Кеңес әскерлері Ауған елінен шығарылғанына, «Жарияланбаған соғыс», «Достық болсын мәңгілік», «Ұлы Жеңіс күніне мың тағзым», саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне «Арманда кеткен арыстар», «Мемлекеттік рәміздерге құрмет», жаратылыстану әдебиеттерін насихаттауға «Табиғатты аялайық»,  «Нашақорлық-ауыр індет», техника әдебиеттерін насихаттауға «Ашық аспан аясында», өлкетану әдебиеттерін насихаттауға Э.Ғаббасовқа «Жайық өңірінің айнасы», мемлекеттік тілді насихаттауға «Мемлекеттік тіл- елдіктің айнасы»,  «Қазақ тілінің келешегі- қазақ тілінде», жанұя тәрбиесіне «Жанұя сәні- сыйластық»,  «Отбасы- шағын мемлекет» т.с.с. тақырыптарға кітап көрмелері, тақырыптық сабақтар, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер өткізу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында кітапханада «Өлкем менің – мақтанамын өзіңмен» атты библиомарафон өткізілді. Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы, елімізді барша әлемге таныта отырып, табысты ел болып, болашаққа деген үмітімізді, сенімімізді біріктіре отырып, бір ту астында, жарқын болашаққа жету.

Кітапхананың негізгі бағыты-оқырманға жылдан-жылға кітап насихаттау жұмысын жақсарту. Оларға өлкетану және туған жер тарихы жөніндегі әдебиеттерді насихаттау, жасөспірімдерге патриоттық, Отан сүю сезім білдіру, мәдениет  т.с.с. әдебиеттерін қолдануда.

Қазақстанның және шет елдердің белгілі жазушыларымен басқада қоғам, өнер қайраткерлерінің мерейтойларына іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.  Кітапханада тұрғылықты халыққа ақпарат  беріп, еліміздегі саяси-қоғамдық жағдайға назарын аударуға көңіл бөлу және оларға қызмет көрсету  жұмысының сапасын көтеру жолында кітапханашылар әріқарай жұмыстанатын болады.

Достық ауылдық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы Достық ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы Мәдениет министрлігі
Құрылған жылы 1962ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 25км
Облыс орталығынан арақашықтығы 93км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 32,8 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 10 орын.
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 561
Оқырман саны 365
Кітап қоры 11280; қазақ тілінде-5560
Қызмет түрі Кітапханалық-библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, Достық ауылы, Бейбітшілік көшесі №4 тел: 87113924341
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Нашанова Гульназ Сейлбековна

Ескерту:1-абонемент бөлімі, 1 оқу залы, Крутой ауылдық кітапханасы, Вавилин ауылдық кітапханасы бар

Достық ауылдық кітапханасы.

 Семиглавый Мар кітапханасы 1962 жылы ашылған. Кітапхана ауыл клубының ғимаратының оң жақ бетіндегі бөлмесінде орналасқан. Кітапхана темір жол вокзалының қасында орналасқан. Кітапханада стеллаждар ағаштан жасалынған болатын. Сол уақытта кітапханада кітаптар орыс тілінде болған. 1965 жылы Семиглавый Мар кітапханасында Ищук Неля кітапханашы болып қызмет атқарған.  Ол кезде кітапхана клубпен бірге орналасқан. Ищук Неля 1946 жылы Зеленый ауданында туып өскен. Мектеп бітіргеннен кейін Пушкин атындағы педагогикалық институтына оқуға түскен. Бірақ 2 курстан кейін институтты бітірмей шығып кеткен. Зеленый ауданына қайтып келіп, кітапханаға жұмысқа орналасады. 1964 жылы аудандық балалар  кітапханасында қызмет атқарған. Семиглавый Мар ауыл кітапханасында кітапханашы болмағандықтан Неля Ищук осы кітапханаға ауданнан жолдамамен жіберілген. Ол кезде Семиглавый Мар Зеленый ауданына қараған. Кітапханада кітап қорында шамамен 1600 данадай кітап болған. Оқырмандар саны 300 адам болды. Кітапхананың бірінші оқырманы зейнеткер – Лесков Андрей. Ол кезде кітапханаға келушілер көп болған.  Егіс алқаптарындағы бригадаларға барып кітаптарды насихаттап, газет және журнал беттерінен қызықты мақалаларды таңдап дауыстап оқыған. Ол кітапханашы міндетті түрде сайлау кезінде хатшы болған, ауылдың санағын жүргіуге қатысқан. Вавилино ауылында кітапхана болмағандықтан, Ищук Неля кітаптарды апарып насихаттап, оқырманды кітаппен апта сайын қамтып отырған. Ищук Неля 1973 жылға дейін жұмыс жасаған. 1973 жылдан бастап Бекпасова Бақыт кітапхана ісін жалғастырған. Бекпасова Бақыт 1944 жылы Семей облысы, Оджер ауданында туып өскен. 1966 жылы мектеп бітіріп, педагогикалық училищесінде оқыған. 1973 жылы Семиглавый Мар кітапханасына жұмысқа кірген. Кітап қорының саны 5000 дана, ал оқырмандар саны 350 адам болған. Аудандық кітапханадан кітапханаға кітаптар поштамен, посылка ретінде жіберіліп тұрған. 1985 жылдан бастап кітапхана қызметін Саратаева Алия  жалғастырған. Саратаева Алия Сүндетқызы 1954 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Балқұдық совхозында туып өскен. 1972 жылы Педагогикалық училилищеге түскен, мамандығы бастауыш сынып оқытушысы. 1975 жылы училищені бітіріп Атырау қаласында жұмыс істеген.1985 жылы Семиглавый Мар кітапханасына жұмысқа орналасқан. Сол кезде кітапхана ескі клубта, элеватор жақта болған. Екі жылдан кейін кітапхананы агитпуктке көшірген, кейін кітапхана интернатта орналасқан, содан кейін контордың бір бөлмесіне көшірілген. Ол кезде кітап қоры – 7500 дана, оқырман саны – 400 адамға жеткен. Кітапханаға кітаптар библио автобуспен әкелінді. Ол уақытта әдіскерлер, библиограф бірге келетін еді. Кітапханада жылжымалы кітапхана жұмыс істеген, бригадаларға барып, ауданнан шығатын газеттен ең үздік жұмысшылар бағаланып отырған. Кітапханаға кітаптар ауданнан келіп тұрған. Кітапханада жаңадан түскен кітаптарды көрмеге қойып, насихаттау жұмыстарын жүргізілген. Көптеген кештер, кездесулер, жиындар, ауызша журналдар өткізген. 2000 жылдан бастап кітапханада Шангереева Меңсұлу қызмет атқара бастайды. Шангереева Меңсұлу Жұмағалиқызы 1947 жылы, І Шежін ауылында туып өскен. 1968 жылы  Переметныйдан «Пед. класты» бітіріп Крупская мектебінде мұғалім болған. 1970 жылы Ермольчево мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарған. 1977 жылы отбасылық жағдаймен Семиглавый Мар РСХО совхозына көшіп келіп, мектепте бастауыш сынып мұғалімі болған. 1978 жылы Семиглвый Мар совхозында «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалған. 1992 жылы балабақша жабылып, 1996 жылға дейін Семиглавый Мар интернатында тәрбиеші болып істеген. Ол кезде кітапханада кітап қоры 8000 дана, оқырмандар саны – 450 адамға жеткен. Кітапхана оқырмандармен тығыз байланыста жұмыс жүргізді. Мамбетов Болат,  Насырова Узипа сынды тың игерушілермен кездесу сағаттары  өткізілді. Осы тың игерушілерге арнап кітапша шығарылған. Кітапханада 5-6 сынып оқушыларымен «Жас эколог» атты клуб ұйымдастырылды. «Ертөстік», «Үш қыз», «Алдар Көсе» ертегілері сахналанды. «Менің өлкем» атты тақырыптық сағат өткізілді. 2003-2005 «Ауыл жылына» арналған стенд ұйымдастырылды. Оқырмандарға жылжымалы кітапхана жұмысы  ұйымдастырылып тұрды. Темір жол мен элеватор жұмысшыларына кітаптарды, газет, журналдарды жұмыс орнына апарып, қамтамасыз етіп тұрды. Кітапханада сазбен жабыстырма жұмыстарына арналған «Умелые ручки»  атты клуб жұмыс істеген. 2005 жылы Шангереева Меңсұлу Жұмағалиқызы зейнетке шыққан.

2005 жылы 8 тамыздан бастап Ешимова Айнагүл Мұратқызы кітапханашы болып жасайды.   Кітапхана ауыл мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан.   Кітап қоры 10535 дана, оқырман саны – 495. Кітапхана жүйесінің қызметі – қазақстандық, патриоттық тәрбие беру, тарихи өткенімізді қадыр тұту, халықтар арасындағы мәдени қатынастарды нығайту, ҚР Президентінің халыққа жолдауын жүзеге асыруға бағытталған. Кітапаханаға салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, жаңадан түскен әдебиеттерді насихаттау, әдебиеттерді оқу арқылы оқырман ішкі жан дүниесін, мәдени рухы, адамгершілік қасиеті, эстетикалық талғамы, өмірге деген көзқарасын, сана сезімі қалыптастыру жолында  «Әлем әдебиеті», «Мәдени мұра», «Тағдыр.Тарих. Тұлға», «Әлемдік философия», «Махамбет әлемі» «Қазіргі қазақ прозасы», «Қазіргі қазақ поэзиясы» серияларынан көптеген жаңа әдебиеттер келуде. Кітапханада көптеген шаралар өткізіледі. 2005 жылы Абай Құнанбаевтың 160 жылдық мерей тойына орай «Абай – ұлы қазынамыз», деген тақырыпта көрме ұйымдастырылып, «Абай дана, Абай дара қазақта» атты әдеби сағат өткізілді. Бұл сағатта ұлы Абайдың өлеңдері, шығармалары оқылып, өмірбаянымен таныстырылды. 2003-2005 жылдары ауыл жылы деп аталуына орай «Ауылым – Отаным» айдармен «Ауыл  энциклопедиясы» жинақталып толықтырылды.

2006 жылы Абай жылы Ресейде, Пушкин жылы Қазақстанда «Мәңгілік жұмбақ құбылыс» тақырыптық сағат өткізілді. Қазіргі уақытта кітапханада «Жасыл ел»  үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге 12 бала қатысады. Жазғы демалыс уақытында балалармен сурет салу, дауыстап оқу ұйымдастырылады. «Бір ел – бір кітап» акциясына орай жыл сайын әр түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Жыл сайын өткізілетін  «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты акцияға қатысып, соғыс туралы кітаптар насихатталуда.

Бүгінгі күні кітапхана ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. Көлемі 48 шаршы метр , 8 стеллаж бар, 3 көрме қойылатын сөрелер бар. Компьютермен жабдықталған. Кітапханаға кітаптар жиындық бөлімінен өңделіп жеткізіледі.

Оқырмандарды кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында түрлі әдеби шаралар, кітап көрмелер, әртүрлі тақырыпқа байланысты бұрыштар ұйымдастырылады. 2021 жылдың шілде айында Айнагүл Мұратқызы қоныс аударуына байланысты жұмыстан босатылды. 2021 жылдың 14 тамызынан бастап Нашанова Гульназ Сейлбековна Достық ауылдық кітапхансының меңгерушісі болып жұмысқа орналасады. Кітапхана ауыл мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. Көлемі 48 шаршы метр, 8 стеллаж бар, 3 көрме қойылатын сөрелер бар. Компьютермен жабдықталған. Кітапханаға кітаптар жиынтық бөлімінен өңделіп жеткізіледі.

Кітап қоры- 11280 дана, ал оқырман саны- 378 адам. Кітапхана жүйесінің қызметі – патриоттық тәрбие беру, халықтар арасындағы мәдени қатынастарды нығайту, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, жаңадан түскен әдебиеттерді насихаттау. Кітапханада көптеген шаралар өткізіледі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты интеллектуалды-танымдық ойын өткізілді.Бұл ойында Тәуелсіздік туралы мәлімет беріліп, оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп,сурет салып, бейнеролик көрсетіліп,мақал-мәтелдер жасырылып оқушылар белсене қатысты. Р.Бағланованың 100 жылдығына орай «Күміс көмей әнші» атты әдеби кеш өткізілді. Бұл кеште Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Р.Бағланова туралы мағлұмат беріп,әндері орындалды. Көрмеге шолу жасалды. Қазіргі уақытта кітапханада «Жасыл ел»  үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге 10 бала қатысады, көптеген шаралар өткізіліп тұрады. Жазғы демалыс уақытында балалармен сурет салу, дауыстап оқу ұйымдастырылады. «Бір ел – бір кітап» акциясына орай жыл сайын шаралар өтеді. Жыл сайын өткізілетін  «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты акцияға қатысып, соғыс туралы кітаптар насихатталып,  соғыс жайында өлеңдер жатқа оқылып отырады. Оқырмандарды кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында түрлі әдеби, поэзия кештері, кітап көрмелері, ұлттық, викториналық ойындар, тәрбие, танымдық сағаттары, әртүрлі тақырыпқа байланысты бұрыштар ұйымдастырылып отырады.

Жемшін ауылдық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы Жемшін ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1954 ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 40 км
Облыс орталығынан арақашықтығы 108 км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 105 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) – орын.
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 231
Оқырман саны 120
Кітап қоры 7081; қазақ тілінде – 5674
Қызмет түрі Кітапханалық –библиографиялық қызмет
Мекен – жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, Мерей ауылдық округі, Жемшін ауылы тел: –
Кітапхана меңгерушісінің аты – жөні Табенова Жарқынай Темірғалиқызы

Ескерту: 1- абонемент бөлімі, 1 ғимараты бар

Жемшін ауылдық кітапханасы.


«Жемшін» ауыл кітапханасы 1954 жылы ашылған. Сол кезде кітап қорында 500 дана кітап болған.Алғашқы кітапханашы болып Жанаева Зоя қызмет атқарды. Жанаева Зоя 1930 жылы Жемшін  ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Орал қаласындағы Сәкен Сейфуллин  атындағы  интернатты бітірген. 1968 жылдан бастап 1980 жылдар                                                                        аралығында кітапханашы болып  Қажгалиева Еркінсұлу қызмет атқарған.Қажгалиева Еркінсұлу 1951 жылы Жемшін ауылында дүниеге келген. Оян ауылындағы орта мектепті бітірген соң, Жемшін кітапханасына 1968 жылы кітапханашы болып  орналасып, сырттай Ақтөбе мәдени ағарту училищесіне түсіп бітірген. Кейіннен Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, бітіріп шыққан.

1978 жылы аудан бойынша үздік кітапханашы атағын алып, кітапханасындағы озық тәжірибесі                                                                         жергілікті газеттерге шықты.

Одан соң аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөліміндеде кітапханашы болған. Жемісті еңбегінің нәтижесінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры лауазымына көтерілген. Көптеген жылдар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүесінің директоры болды. Ол қызмет атқарған жылдары ауданда республикалық, облыстық семинар-кеңестер өткізілді. Сондай-ақ кітапхана тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі – 2003 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  ауданымызға іс-сапармен келіп, аудандық кітапханада болды.  Кітапхана келбетімен танысып, кітапхана оқырмандарына  тілегімен  өз қолтаңбасын қалдырған болатын. Қажгалиева Еркінсұлу Хайрушқызы 2009 жылдан бастап зейнеткер.

Жемшін ауылдық кітапханасында 1980-1990 жылдар аралығында Есқалиева Жұмағыз кітапханашы болып қызмет атқарды. Ол 1959 жылы Жемшін ауылында дүниеге келді. 1977 жылы Степной орта мектебін бітірген. Еңбек жолын «Арман» шопандар бригадасында                                                               бастаған. 1980 жылы кітапхана саласында еңбек еткен. Кітап қорын бөлім бойынша орналастырып, түрлі мәдени шаралар өткізіп, оқырмандар конференцияларын кездесулер өткізген.

1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  кітапханашы болып  Табенова  Жарқын  Темірғалиқызы қызмет  атқарып келеді. Табенова   Жарқын 1964 жылы Жемшін ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Степной орта мектебін бітірген. 2005-2007 жылдары Құрманғазы атындағы саз колледжін сырттай бітірген. Қазіргі таңда    Жемшін ауылдық кітапханасында 6000 дана кітап қоры                                                  бар. Соның ішінде 4000 қазақ тіліндегі әдебиеттер.                                                       Кітапханада түрлі шаралар өткізіліп тұрады. 2010 жылдан бастап кітапханада «Сахна әлемінде» атты қызығушылық үйірмесі жұмыс жасайды. Елбасымыздың халыққа жолдаған жолдаулары кеңінен насихатталып отырылады.

2003-2005 жылы ауыл жылдары қорытындысы бойынша оқырмандармен қызығушылық клуб жұмысын жақсы жолға қойғаны үшін кітапханашы Табенова Жарқын Темірғалиқызы алғыс хатпен марапатталды. 2009 жылы аудандық үздік кітапханашы байқауына қатысып «Ұшқыр ойлы кітапханашы»  наминациясы бойынша, 2010 жылы аудандық  «Ең үздік кітапханашы» байқауында кәсіби біліктілігі үшін  алғыс хаттармен марапатталды.

1990 жылы жерлесіміз ақын Қадыр Мырза Әли кітапханада болып, өзінің «Домбыра» атты кітабына  қолтаңбасын қалдырды. Сондай-ақ 2011 жылы жерлесіміз ақын Ақмарал Таубаева кітапханаға келіп, оқырмандармен кездесті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалмақшабын ауылдық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы Қалмақшабын ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1970 ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 52км
Облыс орталығынан арақашықтығы 120км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 41шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын саны)-
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 120
Оқырман саны 85
Кітап қоры 5389 ; қазақ тілінде-4288
Қызмет түрі Кітапханалық-библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны БҚО,Тасқала ауданы, Қазақстан ауылдық округі, Қалмақшабын ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Бисембаева Болган Пазыловна

Ескерту: Ескерту: 1- абонемент бөлімі, 1 ғимараты бар

Қалмақшабын ауылдық кітапханасы.

Қалмақшабын ауылдық кітапханасы 1970 жылы ашылған. Ең алғаш кітапханашысы Сахипова Ағылаш. Сол кезде Қалмақшабын ауылының 50 шақты тұрғыны болған.Кітапхана ғимараты ауыл шетіндегі шағын бір үйде орналасқан, онда ағаштан жасалған екі кітап сөресі болған.  Кітап қорында 200 данадай кітап болған. Ол кезде ауылда телевизор, радио болмағандықтан ауыл тұрғындары кітапхананың сүйікті оқырманы болып, кітапханаға жиі-жиі бас сұққан. Кітапханашы малшыларға, шөп шабу науқанындағы қызметкерлерге ат арбамен кітап таратып, кітап оқуға барлық мүмкіндікті жасаған.

Кітапхананың алғаш кітапханашысы Сахипова Ағылаш 1948 жылы туған. Сол кезде ауыл тұрғындары, жастар кітапханаға жиі келіп, ақпараттар мен жаңалықтармен танысатын.1974 жылы Сахипова Ағылаш,  Туралиева Туғанай, Даумова Болған, Наурзалиева Гүлсім,  Нуралиева Ақжарқындар  жемісті еңбек атқарған. 1988-1992 жылдары кітапхана ісін Макашева Сандуғаш жүргізген. Қалмақшабын кітапханасы өзінің жарты ғасырлық кезеңінде ауыл мәдениетінің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосуда.

Ауыл халқымыздың құнды салт – дәстүрлері мен ұлттық мәдениетінің рухани өмірінің қайнар көзі.  Кітапхана – ауыл адамдарының ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ететін кітапхананы дамыту – еліміздің мәдени қауымы үшін бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Ауыл мәдениетін дамытуға тұрғындардың сана сезімінің алатын орны ерекше. Жас ұрпақ тәрбиесіне, мәдениетіне, білімділігіне кітаптың, көркем әдебиеттің берері мол.  1992-1994 жылдар аралығында Калмурзина Сұлужан Кабенқызы кітапханашы қызметін атқарды. Сол кездегі кітап қоры 4800, оның ішінде 2650 қазақ тілінде болған.

1994 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  Бисенбаева Болған Фазылқызы кітапханашылық  қызмет атқарып келеді.  Ол 1962 жылы Қазақстанға 40 жыл атындағы совхозда дүниеге келген.  Кітапханада оқырманға қажетті жағдай жасалған. Кітапханаға мерзімді басылымдар уақытында жеткізіліп, ауыл тұрғындарына таратылып отырады.  Қазіргі таңда кітап қоры -,,,,, дана, оқырман саны-85. Жоспарға сәйкес қыстақтағы малшыларды, механизаторларды әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен қамтамасыз ету де жұмыстың бір бөлігі. Қалмақшабын ауылдық кітапханасы Егізқопа, Үштүлек, Аяқ, Қалке елді-мекендерін кітапханалық қызметпен қамтиды.  Кітапханада ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, дәстүрлі мерекелер: Жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні, Халықаралық әйелдер күні, Жеңіс күні, Балаларды қорғау күні т.б.  мерекелік шаралар ұйымдастырылады.  Кітапханашы Б.Бисенбаева аудандық семинарға, байқауларға қатысып үнемі біліктілігін жетілдіріп келеді.

                                   

Кітапханада оқырман тарту, олардың сұранысын қанағаттандыру, сонымен қатар қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың мерейтойларын атап өтуге көп көңіл бөлінеді. Кітапханашының негізгі  қызметінің бірі бұл – оқырмандарға уақтылы қызмет көрсету, сұранысын қанағаттандыру. Тұрғындарды ақпараттандыру мен рухани өрісін кеңейту болып табылады.

                    

Кузнецово ауылдық кітапханасының

ТӨЛҚҰЖАТЫ

 

Мекеме атауы Кузнецово ауылдық кітапханасы
 Ведомостволық құрылымы Мәдениет министрлігі
Құрылған жылы 1967ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 7 км
Облыс орталығынан арақашықтығы 75 км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 27,8 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 2 орын
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 312
Оқырман саны 168
Кітап қоры 8530   қазақ тілінде – 4039
Қызмет түрі Кітапханалық-библиографиялық қызмет
Мекен-жайы және байланыс телефоны

 

Батыс Қазақстан облысы,

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Бірлік ауылы

Кітапхана

Меңгерушісінің аты жөні

 

Шулахова Ажаргуль Нурлановна

Кузнецов ауылдық кітапханасы

Кузнецов ауылдық кітапханасы 1967 жылы құрылған. Кітапхана ауылдық  мәдениет үйі ғимаратында орналасқан. Алғашқы кітапханашылары – Лидия Миронова мен Нұрғаным Қожақовалар  1967-1985 жылдары  одан кейін,  1985-2012 жалға дайін Мансура Кунтаевалар атқарып келді. Кітапханашы – Нұрғаным Қожақова «Кітапхана жұмысының озаты» және бірнаша грамоталармен марапатталған. Егін орағы кезінде бригадаларға барып, жылжымалы кітапханалық қызмет көрсетті. «Жауынгерлік бет», «Найзағай», «Егін орағы» қабырға газеттерін шығарып, кітаптар насихатталған. Сондай-ақ еңбек озаттары, ҰОС ардагерлерімен  кездесу кештерін ұйымдастырған.1985 жылдары 5 мыңға жуық кітап қоры болса, оның қазақ тіліндегісі 1284 дана болған. 1997-2011 жылдар арасында кітапхана мектеп ғимаратында орналасқан.  Бүгінгі таңда  кітапхана мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. Оқырмандары саны – 235. Кітап қоры- 7759 дана. Кітапханадағы мерзімді басылымдар – «Егемен қазақстан», «Дала мен қала», «Орал өңірі», «Приуралье», «Ақ босаға», «Кітап жаршысы», «Ұлан», «Екпін», «Отбасы және денсаулық», «Пайдалы кеңестер», «Айгөлек», «Мөлдір  бұлақ», «Ертегілер әлемінде»  т.б.

Кузнецов ауылында тоғыз жылдық негізгі мектеп бар. Кітапхана осы мектеп оқушыларымен, мәдениет қызметкерлерімен  тығыз байланыстан жұмыс атқарып келеді. Оқырмандар қатарын  ұстаздар, мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар, жұмысшылар мен  зейнеткерлер  құрайды.

Жаңа әдебиеттермен қатар атаулы күндер, ақын-жазушылардың мерейтойларына байланысты әртүрлі іс-шаралар өткізіліп, кітап көрмелері жасақталып тұрады.

Кузнецово орта мектебінің оқушыларының қатысуымен Ұлы Отан соғысы туралы үздік шығармаларды дауыстап оқу оздырылды. Майдангер жазушы Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы, С. Сейітовтің «Самғау»,   А. Нарыковтің «Жайықтың жарық жұлдыздары» кітабы насихатталып,  «Жеңіс ерлік жемісі» кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша О. Бөкей,                     Ф. Оңғарысыновалардың шығармалары насихатталып, «Алтайдан ұшқан Ақиық», «Фариза ашылмаған сыр-қазына» атты кітап көрмелері жарық көрді.  Соңғы жылдары кітапханада өлкетану жұмыстары  бойынша  С.Жақсығұлов, Қ, Мырза Әлі, Д. Қажымов, А. Нарыков т.б. белгілі тұлғалар  туралы деректер мен мәліметтер жинақталуда. Жас оқырмандарға эстетикалық тәрбие беру жолында кітапханада 8 наурыз, 22 наурыз, 1 маусым мерекелері  дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Балалар кітаптарын насихаттау бағытында  Е.Өтетілеуов, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев, Қ.Қайсеновтың шығармалары дауыстап оқылып, талдаулар жүргізілді.

Кітапханда Елбасының Жолдауын насихаттайтын тұрақты кітап көрмелері жарық көрді. Ауылдық кітапханада  Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламсына орай еңбек адамдарын дәріптеу мақсатында кәсіпкерлермен кездесу кеші ұйымдастырылып, бағдарлама таныстырылды.

2012-2014 жылдар аралығында Кузнецов ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жұматова Шолпан Ерболатқызы. Арнаулы орта білімді. Қазіргі таңда білімін жетілдіруде. 2014 жылдан аудандық ОКЖ-де библиограф болып еңбек етуде. 2014 жылдан  кітапханашы  қызметін Шолақова Ажаргүл Нұрланқызы атқарып келеді. Білімі жоғары.   Мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Кітапханада жоспарға сай әртүрлі шаралар өткізіліп, жаңа келген әдебиеттер оқырмандарға дер кезінде таныстырылып отырылады. Кітапхананың адамдардың сана-сезімін қалыптастырудағы ролі өте жоғары. Осыған орай, ауыл тұрғындарына кітапханасыз өмір сүру қиын, оларды рухани байлықсыз қалдыруға болмайды. Әсіресе, әдебиеттер оқу арқылы балалар мен жасөспірімдердің ішкі жан дүниесі, мәдени рухы, адамгершілік қасиеті, эстетикалық талғамы, өмірге деген көзқарасы, сана-сезімі қалыптасады.

2014 жылдан  қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін  Кузнецов ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметін Шулахова Ажаргүл Нұрланқызы атқаруда.

 

Крутой ауылдық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТ

Мекеме атауы Крутой ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1951ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 28км
Облыс орталығынан арақашықтығы 96км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 37,6 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 2 орын.
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 147
Оқырман саны 90
Кітап қоры 7396; қазақ тілінде-3580
Қызмет түрі Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, Достық ауылы, Ынтымак ауылы тел: –
Кітапханашы Кушанова Гүлмира Елеусінқызы
Ескерту:1-абонемент бөлімі, 1 ғимараты бар

Крутой ауылдық кітапханасы.

Крутой ауылының тұрғындары негізінен орыс, қазақ аралас тұрады. Крутой ауылы 1952 жылдары Коментерин колхозы болып аталатын. Ауыл негізінен мал шаруашылығы мен егін егу және бақша отырғызумен айналысқан. Аудан ол уақытта Зеленый ауданы болып, ауылдық совет қазіргі Камен ауылында болды. 1951 жылдың май айында кітапхана ашылды. Кітапханашы болып Переметный ауылынан келген Қатима Біләлова қызмет атқарды.
Крутой ауылы ол кезде тұрғындары 70–80 адамнан тұратын шағын ауыл болатын. Ауылдың шетіндегі шағын үйде кітапхана ашылған, ішінде екі ғана ағаштан жасалынған кітап қоятын орыны бар. Кітап қоры 1000 данадай болған. Ол кезде ауылда телевизор, радио болмағандықтан ауылдың барлық тұрғындары кітапханадан кітап алуға тырысқан. Міне осындай жағдайда кітапханашы Қатима Біләлова ат арбамен оқырмандарға кітап тасып, оқуларына мүмкіндік жасаған. Қатима Білалова кітапханада 1951 жылдан 1955 жылға дейін қызмет атқарған. Қазір Переметный ауылының Перьмск ауылында тұратын зейнеткер. 1955 – 1956 жылдары Крутой кітапханасында Шайдуллина Жания қызмет атқарды. Шайдуллина Жания 1926 жылы Крутой ауылында дүниеге келген. Осы кезде кітапханада кітап қоры 1000 дана болған. Оның көбі орыс тілінде еді. Кітап қоры шағын, жаңа кітап кітапханаға өте сирек келетін. 1955 – 1956 жылдары елімізде тың көтеру жұмыстарын байланысты ауылға орыс, украин, мордва, удмурт ұлт өкілдері жұмысқа келді. Ол кезде кітапхана мен клуб жұмысы бірге жүргізіліп, түрлі шаралар өткен. «Тың игерушілер халық сенімін ақтайды» атты кездесулер өтті. Крутой кітапханасында 1956-1959 жылдары Нуралиева Халила қызмет атқарған. Ол Семиглавый Мар ауылында туып өскен. Халила апайда өз жұмысына тиянақты болған. Кітап қоры аз болса да, ауылдағы өтетін науқандық жұмыстарға белсене араласып, насихат жұмыстарын жүргізген. Жеңіс күніне және Ұлы Октябрьдің 40 жылдығына орай кітапханада түрлі жұмыстар өткізілді. Крутой кітапханасында 1959 -1966 жылдары Кунтаева Дамеш қызмет атқарған. Ол Шежін ауылында туып өскен. Крутой кітапханасында бұл кезде кітап қоры 2000-ға жеткен. 1966 – 1969 жылдары Каракөзова Сағима жұмыс атқарған. Ол Крутой ауылының түлегі, осы ауылда туып өскен. Осы уақытта кітапханаға кітап көбірек түсе бастайды. Кітап Тасқала аудандық кітапханасынан толықтырылып отырылды. Кітапхана мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасаған. Мектеп орыс тілінде болғандықтан ауылда орыс ұлты көп тұрған. Кітапты алушылар көбінесе орыс тіліндегі әдебиеттерге көбірек сұраныс жасап отырған. Керекті әдебиеттермен таныстырып, бюллетеньдер шығарған. 1969 – 1971 жылдары Крутой кітапханасында Шайдуллина Айжан қызмет атқарды. Бұл кезде Крутой ауылы Красный Маяк совхозына қарады. Шайдуллина Айжан Крутой ауылында 1951 жылы дүниеге келген. 10 жылдық мектепті бітіргеннен кейін осы кітапханаға жұмысқа орналасқан. Кітапханаға қоры бұл кезде 4000-ға жетті.
1971 – 1973 жылы кітапханада Малюкова Анна кітапханашы болып қызмет атқарған. А. Малюкова кітапхана жұмысын жандандыра түсті. Кітап қорын бөлім бойынша орналастырып, түрлі мәдени шаралар өткізіп, оқырмандар конференцияларын, кездесулер өткізген. Кітапханада алфавиттік, жүйелік каталог жүйесін кұрған, оқырмандармен жұмыс істеп, жақсы оқырманға өз пікіріп жазып отырған. 1973 жылы денсаулығына байланысты жұмыстан босатылған. 1973 – 1975 жылдары кітапханада Слушаш Мендыбаева қызмет жасаған. Ол Красный Маяк совхозынан келіп жұмыс істеді. Ол кезде кітап қоры 5000 мыңға жетті. Кітап қоры екі тілде орыс және қазақ тілінде болды. 1975 -1976 жылдары кітапханада Қарлығаш Мырзағалиева, 1976 жылы Әлия Уразаевалар жемісті еңбек етті. 1977 жылдан Крутой кітапханасында Мария Даужанова қызмет атқарып келді. Кітапхана қоры 5767 мың болды. 2014 жылы зейнетке шыққасын орнына Изгалиев Берік Бейсенбайұлы кітапхана жұмысын жалғастырды Білімі арнаулы орта. 2016 жылдың соңында кітапхана қоры 6635 дананы құрады. Оқырман саны-118. 2020 жылы отбасы жағдайымен Тасқалаға қоныс аударды.Ол кезде кітап қоры 7015 мыңға жетті. 2020 жылдың шілде айынан бастап Кушанова Гүлмира Елеусінқызы кітапханашы қызметін атқарып келеді. Бүгінгі күні кітапхана қоры 7396 дананы құрайды. Оқырман саны – 90. Кітапханада әр түрлі шараларды Ынтымақ шағын орталығымен бірлесе отырып өткізеді. «Тілі басқа – тілегі бір халықпыз» тәрбие сағаты, «Ерлік даңқы өшпейді» ерлік сағаты, «Отбасы – қоғамның іргетасы» тақырыптық сағаты өткізілді.

Мерей ауылдық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы Мерей ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1954ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 28 км
Облыс орталығынан арақашықтығы 96 км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 20,6 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 10 орын.
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 1092
Оқырман саны 585
Кітап қоры 18525; қазақ тілінде – 10829
Қызмет түрі Кітапханалық- библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны БҚО, Тасқала ауданы, Мерей ауылы тел: 87113929620
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Сарбалинова Айгүл Темірханқызы
Ескерту: 1-абонемент бөлімі, 1 оқу залы Родник ауылдық кітапханасы Жемшін ауылдық кітапханасы бар.

Мерей ауылдық кітапханасы.

Мерей ауыл кітапханасы бұрын, Логашкино селолық кітапханасы – деп аталды. Кітапхана 1954 жылы 25-сәуірде ашылған. Жалпы кітапхана қоры Днепродзержинска, Харьков қаласы, Украинадан келген 1000 кітаптан құралған. Алғашқы кітапханашы – Захарова Вера Александрақызы болды. Кітапхана қорының өсу деңгейі жылдан – жылға көтерілді. 1957 жылғы есеп беруде, кітапхана көрсеткіш бойынша: кітапхана қоры – 3274. Бір жыл ішінде түскен әдебиеттер саны – 184 болған. 1971 жылдан бастап, Логашкин селолық кітапханасының кітапханашысы Пидставко Наталья Алексейқызы болды. Ол 1950 жылы 7 қыркүйекте дүниеге келген. Оралдың мәдени-ағарту училищесінен 1969 – 1970 жылдарда кітапханашы мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1970 жылы Белугин ауыл кітапханасынан бастады. 1972 жылдан Логашкин селолық кітапханасында 2004 жылға дейін, 32 жыл еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Ульянов селолық Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1993 жылдары кітапхана қоры – 16833, оқырмандар саны 610-ға жеткен. Ал 1978 жылы желтоқсан айыннан бастап, кітапхана Камен ауданына, орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарап, жұмысын жалғастыра бастаған. 1980 жылдан бастап кітапхана «Үздік кітапхана жұмысы» атты мәртебеге ие болды. Кітапханада «Жас өлкетанушы» үйірмесі құрылды. Қазір кітапхана – Мерей ауылдық кітапханасы деп аталады.
Кітапханашы – Сарбалинова Айгүл Темірханқызы басқа кітапханалармен байланыса отырып, іс-тәжірибе алмасып, өз білімін жетілдіруде.Кітапханашы – Сарбалинова Айгүл Темірханқызы, 2004 жылдан бастап осы кітапханада жұмыс істейді. 1970 жылы Орал облысы, Зеленов ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000-2005 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да кітапханатану және библиография мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2000 жылы Белугин ауылдық кітапханасынан бастаған. 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мерей ауылдық кітапханасының кітапханашысы. 2007 жылы кітап қоры – 16983 болды. Әр жылдары Мерей ауылдық кітапханасында аудандық семинар-кеңестер өткізіліп тұрады.Кітапхана оқырмандары аудандық Мұқағали оқулары, Отбасылық оқу байқауларына қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. Сондай-ақ кітапханада «Жас өлкетанушылар» үйірмесінің жұмысы жақсы жолға қойылған. Үйірме мүшелері өлкелерін зерттеп, ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттап келеді. 2022 жылы кітап қоры – 18327. Соның ішінде қазақ тілінде – 10624. Кітапхана аудандық сайыс, байқауларға қатысып, дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

Мереке ауылдық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТ

Мекеме атауы Мереке ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1940ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 90км
Облыс орталығынан арақашықтығы 158км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 47,3 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 10 орын.
Нысан түрі Мемлекеттік мекеме
Тұрғын саны 868 адам
Оқырман саны 390 оқырман
Кітап қоры 20580; Қазақ тілінде -10914
Қызмет түрі Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, Мереке ауылы, Акжигитова №24, Тел: 87113950027
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Бахашев Салауат Мендешұлы

1-абонемент бөлімі, 1 оқу залы бар

Мереке ауылдық кітапханасы.

Ауыл үлкендері мен тұрғындардың берген деректері мен мәліметтері бойынша Мереке ауыл кітапханасының тарихы сонау Ұлы Отан соғысына дейінгі 1940 жылдардан басталады. Мереке ауылдық кітапханасы ауыл орталығында, әкімшілік кеңсесінің жанында орналасқан. Мереке ауылы бойынша жалғыз кітапхана. Кітапхананың 17200-ден астам кітап қоры, 500-ден астам оқырман пайдаланады. Жыл бойына 15000 астам кітап беріледі. Кітапхана қоры жылына 250-300 дей жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. 2007 жылғы сәуір айынан кітапханаға компьютер берілді. Кітапхана жанында «Дені сау тұрмыс қалпы» мүдделестер клубы жұмыс істейді. Жасөспірімдерге түрлі спорттық, тақырыптық кештер, кітап көрмелері т.с.с. іс-шаралар арқылы денсаулық пен спортты насихаттау жұмысы жүргізіледі. Мереке ауылдық кітапханашылары жылдан-жылға аудандық, облыстық кітапханалар өткізетін семинар-тренингтерге қатысу арқасында жинаған тәжірибелерді пайдаланып оқырман қауымға қызмет көрсетуде. Тасқала ОКЖ-нің №17 филиалы Мереке ауыл кітапханасының негізгі міндеті оқырмандарға кітап насихаттау жұмысын жақсарту, жаңа әдебиеттермен таныстыру. Оларға өлкетану және туған жер тарихы жөніндегі әдебиеттерді насихаттау, жасөспірімдерді мәдениет, спорт және жаратылыстану әдебиеттерін пайданлануларына көмектесу. 1940 жылдарға дейін, ол уақытта «Оқырман үйшігі» деп аталған кітапханада Абдрешева Рабиға кітапханашы болған. Оның өмірбаяны жөнінде табылған деректер, ол 1940-1946 жж. кітапханашы қызметін атқарған.
Сарқұлова Сұлуқия Жұмағұлқызы 1923 жылы 9-мамыр күні Жаңақала ауданында дүниеге келген. 7 жылдық білім алған. 1940 жылы Н.К.Крупская совхозында жұмысшы болған. 1941 жылы Переметный механизация мектебін бітірген. 1942-1945жж. Хабаровск аймағы Иман қаласы, 189-шы автокөлік полкінде 600-ші батальонында шофер болып соғыс жолын бастап, ефрейтор шенінде Таяу шығыста аяқтаған. 1946-1953 жылдары Н.К.Крупская атындағы /қазіргі Мереке/ совхозында оқырман үйшігінің меңгерушісі, яғни кітапханашы қызметін атқарған. 1953 жылдан 1978 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанша Подтяжкий селосының совет председателі қызметін атқарған.
Бисекешова Жұмағаным Бисекешқызы 1934 жылы 27 желтоқсанда БҚО Чапаев ауданы, Бітік ауылында дүниеге келген. Соғыс кезінің ауыр балалық шағын басынан өткізіп, 9-10 жасынан еңбекке араласқан. 1950 жылы 7 жылдық мектепті бітіріп жұмысшы болып совхозға кірген. 1953-1956 жж. Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін бітіріп, сол жылы И.В. Сталин атындағы (қазіргі Оян) совхозға кітапханашы болып орналасқан. 1965 жылы аудандық мәдениет бөлімі қайтадан кітапханаға шақыртып, 1966 жылға дейін кітапханашы болған, 1966 жылы жолдасының жұмыс бабымен Н.К.Крупская атындағы совхозына көшіп келіп, балабақшада тәрбиеші, кітапхана меңгерушісі қызметтерінде еңбек еткен. 1990 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан. Кеңес уақытында профсоюз(1950), комсомол(1952), партия(1962) қатарында, қазір «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Еңбек жолында комсомол және партия бюро мүшесі, облыстық, аудандық конференцияларда, аудандық партия комитетінде пленум мүшесі болып сайланған. Қазір еңбек тыл ардагері атағы бар бақытты әже.
Бохорова Лидия Васильевна 1939 жылы дүниеге келген. Ауыл үлкендерінен алынған қысқаша деректер бойынша, қазір Башқортстан Республикасының тұрғыны, ол 1960 жылы Н.К.Крупская совхозына көшіп келген. 1960-1963 жылдары кітапхана меңгерушісі қызметін атқарған.
Жұбанышева Моксина Сағитқызы 1937 жылы 7 наурызда Саратов облысы Клинцовка ауданында дүниеге келген. 1953-1954 оқу жылында Фурманов ауданы, Красный партизан совхозында мектеп бітіріп, Орал қаласындағы Лесная школа – бір жылдық училищесін бітіріп, Оңтүстік Қазақстан облысына Лениногорск қаласының Лесной техникумға жолдамамен барып 1958 жылы бітірген. Еңбек жолын Тайпақ ауданынан бастаған, 1959 жылы тұрмысқа шығуына байланысты Камен ауданына келген. 1964-1968 жылдары Н.К.Крупская совхозында кітапханашы қызметін атқарған. 1968 жылы Камен ауданына көшіп кеткен.
Турегельдиева Жұмасұлу Ғабдолқызы 1949 жылы 4 қыркүйекте Орал облысы, Тасқала ауданының, Чижа-2 ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Чижа-2 орта мектебін бітіріп, бір жыл Орал қаласында Н.К.Крупская атындағы (қазір Жұбан Молдағалиев) кітапханада оқыған.
1969 жылдың қаңтар айынан Подтяжкий (қазіргі Мереке) селосында кітапханашы қызметін атқарған. 1970-1972 жылдары Ақтөбе қаласының мәдени-ағарту училищесінде оқып, бітірген соң 1973 жылы бір жыл Подтяжкий селосында кітапханашы қызметін атқарған.
Елеушева Маржан Сапиқызы 1970-1972 жылдары Подтяжкий селосының кітапханашысы қызметін атқарған.
Сидағалиева Дамира Меңдіқанқызы 1963 жылы дүниеге келген. Білімі орташа-арнаулы. 1983 жылы Орал қаласының мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1983-1987 жылдары Н.К.Крупская атындағы совхоздың кітапханасында кітапханашы қызметін атқарған.
Жұмағұлова Нұрлы Есімғалиқызы 1962 жылы 10-тамызда дүниеге келген. Еңбек жолын Орал «Меховой комбинатынан» 1979 жылы бастаған. 1988 жылдың сәуір айынан желтоқсан айына дейін мәдениет үйінің меңгерушісі, 1990-1994 жылдар аралығында Подтяжкий селосының кітапханашысы қызметін атқарған.
Жаманқұлова Ақзия Қайдарқызы 1963 жылы БҚО-ның Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары Орал ауылшаруашылығын механизациялау техникумын бітіргеннен кейін К. Цеткин фабрикасында есеп секторының меңгерушісі қызметін атқарған. 1984 жылы БҚО, Тасқала ауданы Мереке ауылына тұрмысқа шыққаннан кейін, 1985 жылы Мереке ауыл кеңсесінде уақытша секретарь-машинист қызметін атқарған. 1992-1993 жылдары Мереке ауыл кітапханашысы қызметін атқарған.

Бахашев Салауат Мендешұлы 1969 жылы 22 қазанда БҚО-ның Камен ауданы Подтяжки селосында дүниеге келген. 1977-1987 жылдары Н.К.Крупская орта мектебін бітіргеннен кейін, 1987 жылдың күзіне дейін «Тұлпар» жастар бригадасында шөп дайындау жұмысында істеген. 1987-1989 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында әскери міндетін атқарған. 1990 жылы аудандық 10 айлық педагогикалық сыныпта оқыған, 1994 жылы Орал қаласында Облгаз мекемесінде операторлық курста оқып тәмәмдаған.2000 жылдың тамыз айына дейін Мереке ауылында құрылысшы, оператор жұмыстарында істеген. 2000 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытта Мереке ауыл кітапханасының меңгерушісі қызметін атқаруда. 2003 жылы Орал қаласының Құрманғазы атындағы музыкалық колледжіне сырттай оқуға түсіп, 2005 жылы Қаскелең мәдениет колледжін бітірген.
Кітапхана меңгерушісі С.М. Бахашев және кітапхана оқырмандары әртүрлі Республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға қатысып, әртүрлі Алғыс хат және Дипломдармен марапатталды.
Салауат Мендешұлы Бахашев 2021 жылы Қазақстанның құрметті кітапха-нашысы төсбелгісімен марапатталды.Кітапханашы С. М. Бахашев Қазақстанның және шет елдердің белгілі жазу-шылары мен басқада өнер қайраткерлерінің мерейтойларына іс-шаралар ұй-ымдастыру және өткізу жұмыстарын жүргізу, оқырмандарды еліміздегі сая-си-қоғамдық жағдайға назарын аударуға көңіл бөлу және оларға берілетін ақпараттық жұмыстың сапасын көтеру жолында еңбектеніп келеді. Бір жыл ішінде оқырмандар сұраныстары бойынша 50-ге жуық ақпараттық-анықта-малар беріледі. Оқырмандарға КББ-ді насихаттау жұмысы жүргізіледі.

Жылдан-жылға кітапхана оқырмандарға қызмет көрсету, кітаптарды насихаттау бағытында көпшілік шаралар өткізіуде. Соның ішінде «Алғыс – сөздің асылы» Қазақстан халықтарының Алғыс айту күніне, «Ұлыстың ұлы күні» Наурыз мерекесіне, «Парасат жолы – адалдық негізі» Парасат жолы орталығы, Қазақстан халықтарының ынтымақ күніне «Береке басы бірлік», Отан қорғаушылар күніне «Ер-ел қорғаны»,Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне «Ұлы Жеңіске мың тағзым», Саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу күніне «Арыстар тағдыры», «Шынайы дербестік нышандары» Мемлекет және Құқық.Заң ғылымдары кітаптарын насихаттауға, «Әке – асқар тау» Әкелер күніне тарих, салт-дәстүрлер кітаптарын насихаттауға, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне «Тәуелсіздік тұғыры» Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне «Ата заң аясында», Семей полигоны жабылуына «Семей қасіреті», Спорт күніне «Денің сау болсын десеңіз», «Абай – ұлы қазынамыз» Абай күніне, Қазақстан Республикасы халықтары тілдері күніне «Ана тілім ажарым,асыл мұрам», «Отбасы күні» мерекесіне «Отбасы-тіршіліктің тірегі», «Еңбек адамы» күніне «Еңбек ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы», «Қазақстан – достық бесігі» Рухани келісім күніне, «Әлем әдебиеті – достық көпірі» акциясына «Бауырлас халықтың шығармалары» тақырыптарға кітап көрмелері, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, әңгіме-шолулар өткізілді. Осы бағытта еліміздің саяси-қоғамдық жағдайынан оқырмандарды тыс қалдырмау бағытында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауына және еліміздің мерекелік күндеріне «Өлкем менің мақтанамын өзіңмен» т.с.с. тақырыптарға кітап көрмелері, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер, әңгіме-шолулар өткізу жұмыстары жүргізілді.

Мереке ауылдық балалар кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТ

Мекеме атауы Мереке ауылдық балалар кітапханасы
Округ атауы Мереке ауылдық округі
Ведмостволық құрлымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 2016ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 90км
Облыс орталығынан арақашықтығы 158км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 41 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 6 орын.
Нысан түрі Мемлекеттік мекеме
Тұрғын саны 868 адам
Оқырман саны 120 оқырман
Кітап қоры 8034,Қазақ тілінде -5179
Қызмет түрі Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны БҚО, Тасқала ауданы, Мереке ауылы, Акжигитов көшесі 20А
Кітапханашының аты-жөні Байтукова Гульмира Ермековна

Мереке ауылдық балалар кітапханасы

Мереке ауылдық балалар кітапханасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында 2016 жылы желтоқсан айында ашылды. Кітапхана Мереке ауылдық округі әкімі аппартында орналасқан. 8-желтоқсан күні Мереке ауылында балалар кітапханасы салтанатты түрде ашылды. Балалар кітапханасының ашылу салтанатына Тасқала ауданы әкімі С.Ж.Әлиев, Тасқала аудандық мәслихат хатшысы С.Б.Рахимов және Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы М.М.Мырзаш қатысты. Құттықтау сөзінде Тасқала ауданы әкімі С.Ж.Әлиев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалар кітапханасының ашылуы өте маңызыды іс екендігі туралы айтып өтті. Өз кезегінде Аксақалдар алқасының мүшесі С.И.Кужабергенов пен Әйелдер кеңесінің төрайымы Ж.Т.Адилова жүрек жарды лебіздерін білдірді. Кітапхананың алғашқы оқырмандары Искакова Индизар өз шығармашылығынан «Отан», Дина Жоламанова Қ.Сарин «Уа еркіндік», Дүйсенгалиева Жарқынай М.Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Егемендік елдігім, Тәуелсіздік теңдігім», «Атамекен-Ақжайық», «Туған өлкем Тасқала», «Табиғат, тал бесігіміз» атты кітап көрмелер қойылды. Кітапхана меңгерушісі Бахашев Салауат Меңдешұлы жаңа кітапханамен және жас маман кітапханашы Г.Жамоловамен таныстырды. Кітапханада «Балбұлақ» үйірмесі жұмыс жасайды.
Кітап қоры 7781 дананы құрайды. Оқырман саны – 130. Кітапханада алғаш кітапханашы болып жас маман Жамолова Гүлжан Сырымқызы еңбек жолын бастады. Ол 1997 жылы 27 наурызда Өзбекстан Республикасы, Самарқант қаласында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 2017 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Байтукова Гульмира Ермекқызы кітапханашы қызметін атқарып келеді.

Оян ауылдық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТ

Мекеме атауы Оян ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1956 ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 55км
Облыс орталығынан арақашықтығы 123км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 65,6 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 10 орын.
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 710
Оқырман саны 398
Кітап қоры 20394, қазақ тілінде-15556
Қызмет түрі Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны БҚО, Тасқала ауданы, Оян ауылы, тел: 87113929140
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Қалимоллаев Аблай Әнуарұлы

Оян ауылдық кітапханасы.

Жаңа заман талаптарына жауап бере отырып, ел өмірінің шындығын терең және жан-жақты бейнелеп көрсете алатынын, әдеби мұралардың да жаңа қырынан танылатынына дау жоқ. «Сталин» атындағы колхоз клубының бір бөлмесінде «Қызыл бұрыш» болатын. Алғашқы кітапханашылардың бірі Жұмағаным Бисекешқызы Ақтөбедегі мәдени-ағарту училищесін 1956 жылы бітіріп, кітапханашы қызметіне орналасады.
Жұмағаным Бисекешқызы осы жұмысты 1967 жылға дейін атқарған. Оян ауылында ол кісіден кейін кітапханада: Бұлхайрова Мұқсина, Бұлхайрова Клара (қазір зейнеткерлер 1967-1970жж), Мухамбетиярова Бақыт (1970-1974жж) жұмыс істеген. 1974-1978 жылдар аралығында Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін бітірген маман Хайретдинова Айгүл жұмыс істеген. 1982-1985жж. жоғары білімді мұғалім Бекешова Сақыш жұмыс атқарды. 1986-2019 жж. Дейін Зайнуллина Алмаш қызмет етіпсе, 2019 жылдан бастап күні бүгінге дейін Қалимоллаев Аблай кітапхана қызметін ілгерілетуде.
1978-2000жж. «Оян» ауылында жерлес ақын-жазушыларымыз: А.Нәріков, Қадыр Мырза Әли, Ақұштап Бақтыгереева, Ұлдай Сариева, Бақытжан Момышұлы мен зайыбы Зейнеп Ахметова, «Қазақстан әйелдері» журналының редакторы Әтина Жәкетова, өнер қайраткерлері Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, «Дос-Мұқасан» ансамблі, жерлесіміз Қанатқали Қожақов т.б. қонақта болып, өз қолтаңбаларын қалдырды. Оян ауылында жерлес ақын – жазушы Айтқали Нәріковпен кездесу кеші өтіп келеді.
Қазіргі таңдағы кітапхана ғимараты 1980ж салынған. 2012 жылдың тамыз айынан бастап осы ғимаратқа кітапхана көшірілді.
Оян ауылдық кітапханасы – ауыл оқырмандарының сүйікті орны. Кітапханада әр оқырманның сұранысы қанағаттандырылады. Оян ауылдық кітапханасының бүгінгі таңдағы кітап қоры 20325 дана. Жыл сайын 400-ден астам оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіледі. Оян ауылдық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі: оқу залы мен абонементтен тұрады.Ауылдық кітапхана оқырмандар үшін тұрақты түрде 27 атаулы мерзімді баспасөз басылымдарын алады. Оның 8-і газет, 19-ы журнал. Қазіргі заман талабына сай жаңа ақпаратты технологияны енгізу бағытында кітапхана компьютермен жабдықталған. Кітапхана өз жұмысын өрістету негізінде ауыл тұрғындарын, кітапхана ісін пайдалануына, қор әдебиеттерінің кеңінен оқылуына тарту мақсатында кітап қорын жаңа мерзімді басылымдармен және әдебиеттермен толықтырылып отырады. Оян ауылдық кітапханасы «Рухаи қазына – 2022» V облыстық фестивалінде «Үздік ауылдық кітапхана» наминациясына ие болды. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.

Родник ауылдық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы Родник ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1962ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 16 км
Облыс орталығынан арақашықтығы 84 км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 16,7 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) – орын.
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 319
Оқырман саны 170
Кітап қоры 6930; қазақ тілінде – 3620
Қызмет түрі Кітапханалық – библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, Мерей ауылдық округі, Родник ауылы тел: –
Кітапхана меңгерушісінің аты – жөні Асанова Нұржамал
Ескерту: 1-абонемент бөлімі бар

Родник ауылдық кітапханасы.

Кітапхана дәстүрі мен тарихы бай ақпараттық – мәдени орталық болып табылады. Родник ауыл кітапханасы 1962 жылы ашылған, алғашқы кітапханашы Талшын Кураева болған. 1964 жылдары ауылдағы әкімшілік ғимаратынан бір бөлме беріліп, кітап қоры сонда орналасқан. Ол жылдары кітап қоры тек қана 500 дана болып, қалғаны мерзімді басылымдармен толықтырылған. Әрбір жылдары кітапханада Ахметова К, Зайнуллина А, Сафина Т.Г, Ә.Мылтықбаевалар жұмыс атқарған. Ең ұзақ 28 жыл кітапханашы болып Л.Г. Иргалиева жұмыстанған. Уақыт, заман өзгере келе кітапханаға да көңіл бөлініп, 1978 жылы басқа ғимаратқа көшіріліп, екі бөлмелі орын берілген. Ол орын электр жылуымен жылытылған. Кітап қоры 3700 данаға, оқырмандар саны 450 дейін жетіп, оларды ересектер, жасөспірімдер, оқушылар, мектеп жасына дейінгі балалар құраған. «Природа и мы», «Хозяюшка» атты қызығушылық үйірмелер жұмыстанған.
2000 жылы Родник ауылында 9 жылдық негізгі мектебі ашылып, кітапхана мен фельдшерлік пункті ескі мектептің ғимаратына көшірілді. 2008 жылы ағымдағы жөндеу өткізіліп, жылытылды.
2008 жылы ауыл газдандырылып, кітапхана газ жүйесіне қосылды. 2009 жылы кітапхана айналасы қоршалып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ауылдық кітапхана барлық топтағы оқырмандарға қызмет көрсетуде. Кітап қорында қазақ, орыс, шетел классиктерінің шығармаларымен қоса энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер, 18 атаулы мерзімді басылымдар бар оның 4 балалар және жасөспірімдерге арналған. Кітапханада «Табиғат және біз» атты қызығушылық үйірмесі жұмыстануда. Жоспар бойынша әртүрлі іс –шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.
Кітапханада мемлекеттік мерекелерге, ақын – жазушылардың мерей тойларына арналған, актуалдық тақырыптарға арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып жинақталады. Кітапхана жетістіктері: «Бір ел – бір кітап» акциясына белсене қатысқан үшін алғыс хат, «М. Әуезовтың шығармашылығына арналған сурет байқауында ІІ орын, аудандық «Шәки оқулары» байқауында жүлделі ІІІ орындарды иемденіп, оқырмандар белсенділік танытты.
2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кітапханашы Нұржамал Асанова басқа кітапханалармен байланысып әрдайым іс-тәжірибе алмасып келеді. 2012 жылы кітапхананың жолкөрсеткіші жасалып, өз тәжірибесімен бөлісті. 2012 жылы «Шекаралас аймақтарға кітапханалық – ақпараттық кеңістікті қалыптастыру – еуразиялық аспект» атты Халықаралық – ғылыми практикалық конференциясына қатысты. Бүгінгі таңда кітапхана қорында – 5909 кітап бар. Оның қазақ тіліндегісі-2570 дананы құрайды. Оқырмандар сұранысы қанағаттандырылып, жаңа әдебиеттер насихатталуда. Тұрғындарды ақпараттандыру жолында кітапхана қызметі өз ісін әр қарай жетілдіре түседі.

Тасқала ауылдық  кітапханасының

                               ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы

 

Тасқала ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы

 

Мәдениет және спорт министрлігі
Кітапхананың құрылған

жылы

 

2005 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы

 

Облыс орталығынан арақашықтығы

 

68км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген)

 

бейімделген
Аумағы 62,2кв/м
Орын саны (оқу залындағы орын)-8орын
Заңды статусы

 

Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі

 

Мемлекеттік мекеме
Тұрғын саны

 

7916
Оқырман саны

 

595
Кітап қоры Барлығы –  11796

Қазақша – 7771

 

Қызмет түрі

 

Кітапханалық-библиографиялық қызмет

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны

 

Батыс Қазақстан облысы,

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Мәметова көшесі,  52 үй

8-702-766-18-76

Кітапхана

Меңгерушісінің аты жөні

 

Есбул Бибигүл Кушенқызы

 

Тасқала ауылдық кітапханасы

Тасқала ауылдық кітапханасы 2005 жылы ашылды. Кітапхана ауыл әкімдігінің ғимаратында орналасқан. Жарықпен жылумен қамтамасыз етілген. Кітапханада алғаш кітап қоры- 3740 болса, оның қазақ тіліндегісі – 1767 құраған.  Алғашқы кітапханашысы – Мауленова Слушаш Нубаракқызы. Ол 1955 жылы РФ, Саратов облысы, Озинки ауылында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 1985-1987 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөлімінде білім алған. 1985 жылдан бастап ОИЕФ, жиынтық  бөлімдерінде қызмет атқарған. 2013 жылдың мамыр айынан бастап зейнеткер.

Кітапхана Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі және №20 кәсіптік колледж ұжымымен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді. Кітапханада «Жас техник» үйірмесі жұмыс жасайды.  Осы үйірменің мүшесі Ертай Меламанов республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері. Кітапханада атаулы күндер мен ақын-жазушылардың шығармашылығына әртүрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Атап айтсақ «Бір ел-бір кітап», «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты акциялары ұйымдастырылып тұрады.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары Г.Тұрдықұлова, Г.Жамолова, Г.Мақановалар аудандық, облыстық  Жұбан, Махамбет, Бөкей оқуларына қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. Тәуелсіздіктің  20  жылдығына арналған, «Бір ел-          бір кітап» акцияларына арналған  Оn-line конференцияларына қатысып, белсенділік танытты. 2011 жылы заман талабына сай кітапханаға жаңа  компьютер берілді.

2013 жылдың  шілде  айынан бастап кітапхана ісін  Желаева  Наталья  Ивановна жалғастырды. Ол 1961 жылы БҚО, Камен ауданында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 1980-1982 жылдары Қарағанды  мәдени-ағарту училищесінің     кітапхана ісі бөлімінде білім алған. Еңбек жолын 1982 жылы Ленин атындағы ауылдық кітапханадан бастаған. 1986 жылдан бастап 2013 жылға дейін әдістемелік бөлімде библиограф қызметін атқарып келді. 2013 жылдан Тасқала ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып қызмет етеді. Қазіргі таңда кітапхана қоры -5310 кітапты құрайды. Оқырман саны -729. Тасқала а/ к «Зар заман ақыны» атты жыр кеші өткізіліп, «Дулат – азаттық ақыны»  атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

                             

2021 жылдың  тамыз  айынан бастап  кітапхана ісін  Есбул Бибигүл Кушенқызы   жалғастырды. 1966 жылы  п. Оян ауылында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта . 1983 – 1985  жылдары Орал  мәдени –ағарту  училищесінің  кітапхана  ісі бөлімінде  білім алған. Еңбек жолын  1985  жылы Тасқала аудандық кітапханасының  жиынтық  бөлімінде кітапханашы, 2000 -2021  жылдарда  аудандық  балалар кітапханасында,  аудандық кітапханда  жұмыс істеді. 2021 жылдан  Тасқала ауылдық  кітапханасының  меңгерушісі  болып  қызмет етеді. Казіргі  таңда кітапхана қоры  12195 кітапты құрайды. Оқырмандар  саны 598. Кітапхана  Ы.Алтынсарин орта мектебі және  № 20  кәсіптік  колледж  студенттерімен  тығыз байланыста  жұмыс атқарып келеді. Кітапханада  әр түрлі іс шаралар өткізіліп келеді. «Бір ел – бір кітап» акция, 2022 – Балалар жылына  т.б  көптеген іс шаралар өтті.

Биылғы жылды мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев  өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айтып, 2022 жылды «Балалар жылы»  деп жариялады. Осыған орай  Тасқала ауылдық кітапханасы  «Балдырған» бөбекжайының «Балдәурен» ересек тобы бүлдіршіндері арасында кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерді насихаттау арқылы кітап оқуға баулу мақсатында «Балалар кітап әлемінде»  атты  жылжымалы кітап  көрмесін  ұйымдастырып  викториналық ойындар ойналды.

Тасқала ауылдық кітапханасы  жазғы демалыс «Шұғыла» лагерінің  демалушыларымен  «Бір ел – бір кітап»  республикалық  акция аясында  Ахмет Байтұрсыновтың  ғылыми және  әдеби  шығармашылығына  арналған  «Көркем  сөздің зергері»  атты   әдеби кеш өтті. Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.  Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Шара барысында   кітапханашылар  «Көркем  сөздің зергері»  атты әдеби кеш өткізді. Кеште  ақынның өмір мен шығармашылығы,  аудармаларынан   мағұлмат берді.Оқушылар  «Ахмет Байтұрсынов» туралы  видеоролик тамашлап,  өлеңдерін  оқыды. Ахмет Байтұрсыновтың  өмірі мен шығармашылығы  туралы  сұрақтарға  жауап берді. Шара соңында «Алты Алаштың ақылманы» атты кітап көрмеге   шолу жасалды.

Тасқала аудандық кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТ

Мекеме атауы Тасқала аудандық кітапханасы
Ведмостволық құрлымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1933ж
Аудан орталығынан арақашықтығы –
Облыс орталығынан арақашықтығы 68 км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 190 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 20 орын.
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 7916
Оқырман саны 2283
Кітап қоры 31471; қазақ тілінде -17274
Қызмет түрі Кітапханалық – библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, тел: 87113921746
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Киреева Светлана Дуйсековна

Ескерту:1-абонемент бөлімі, 1 оқу залы

Аудандық кітапхана.
Аудан кітапханаларының тарихы «Қызыл отау» деген атауға ие болған шағын мәдени-қамту мекемелері жиырмасыншы жылдардың аяғы, отызыншы жылдардың бас кезінде өмірге келді. Ол тұңғыш Екінші Шежінде ашылса, 1936 жылы Каменкада ұйымдастырылып, сәл кейінірек оның саны 11-ге жетіп, 12900 дана кітап қоры, 1140 тұрақты оқырманы болды.
Аудандық балалар кітапханасы 1964 жылдың 2 наурызында ашылды. Ал Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 1978 жылы құрылған болатын. Аудандық кітапхананың алғашқы меңгерушісі Любовь Григорьевна Иванова еді. Ол осы салада басшылық қызметте табан аудармастан 40 жылдан астам еңбек етті. Сондай-ақ кітапханашылар болып Мария Алексеевна Перевалова, Б.Абдулқасымова және басқалары жемісті жұмыс атқарды.
2003 жылы–ауыл жылында біздің кітапхана облыстық кітапханамен «Кітапхана туралы рухани деректеме және тарихи ескерткіш» атты облыстық семинар өткізілді. Осы семинарға РФ, Саратов облысы Озинки ауданының кітапханашылары шақырылды. Сондай-ақ 2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы, Россиядағы Абай жылында Озинки ауданында іс-сапармен барып, кітапханашылар тәжірибе алмасты. 2005 жылы Абайдың 150 жылдығына арналған облыстағы шығармашылық сайысқа қатынасып жеңімпаздар қатарынан көріне білдік.
Аудандық кітапханада 1984 жылы «Кітап қорымен жұмыс», 1992 жылы «Өлкетану» тақырыптарында облыстық семинарлар өткізілсе, 1993 жылы «Ұлттық салт-дәстүр» тақырыбында республикалық семинар-кеңестер өткізілген болатын.
Кітапхана тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі-2003 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ауданымызға іс-сапармен келіп, аудандық кітапханада болды. Кітапхана келбетімен танысып, кітапхана оқырмандарына тілегімен өз қолтаңбасын қалдырған болатын. Сонымен қатар атақты ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері – Жұбан Молдағалиев, Ілияс Есенберлин, Қадыр Мырза Әлі, Николай Федорович Корсунов, Күлаш Ахметова, Бақытжан Момышұлы, Зейнеп Ахметова, Энгельс Габбасов, Ақұштап Бақтыгереева, Айтқали Нарыков, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Ескендір Хасанғалиева т.б. кітапханада болып, өз қолтаңбаларын қалдырды.

Кітапхана саласы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын кеңінен атап өтті. Барлық кітапханаларда осы атаулы күнге орай іс-шаралар жүргізіліп, кітап көрмелері насихатталды. Аудандық кітапханада «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты кітап көрмесі шығарылып, оған шолулар жүргізілді. «Тәуелсіз Қазақстан- жаңа ғасыр тарихында» атты оқырмандар конференциясында «Тарих қойнауындағы Қазақстан», «Тәуелсіз жылдарындағы қазақ әдебиеті», «Кітапхана ісі Тәуелсіздік белесінде» атты баяндамалар оқылып, жылдың үздік оқырмандары марапатталды. Осы мерекеге орай кітапханашылардың шығармашылық жұмысы бойынша «Үздік сценарйилер» байқауы оздырылды. Бұл байқауға барлық кітапханашылар өздерінің
дайындаған сценарилерін ұсынды.
Отбасы оқуларын қолдау және жаңғырту бағытындағы жыл сайынғы облыстық «Орал өңірінің оқырман отбасы-2013» байқауы жас ұрпақты оқу мәдениетіне тәрбиелеу және балалар оқуы мәселесін шешуге ата-аналарды тарту мақсатында өткізіліп келеді.
Биылғы жылы аудандық байқаудың жеңімпаздары Арыстановтар отбасы облыстық байқауға қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Олар байқау барысында қолөнерден ұйымдастырылған көрмелерін таныстырып, көріністер қойды. Әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің белсенділіктерін танытты.
Кеш барысында аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы подполковник А.М.Габдуллин, «Намыс» ЖҚБ-нің төраға орынбасары А.Д.Абилов, аудандық ішкі істер бөлімінің ардагері Б.Б.Өтегеновтар жасөспірімдерге Азамат болу – ел қамын ойлау, Отанымыздың тарихи даму жолындағы қилы күресті басынан кешірген бабалар мен әжелердің жанқиярлық еңбегі мен күресінің өтеуі.
Солар қорғап қалған Отанды қорғау, жер планетасының тыныштығын сақтау – Қазақстан Қарулы күштерінің азаматтық борышы екендігін баяндаса, аудандық шекара коммендатурасының қызметкерлері Шекарашы үшін білек күшінен бөлек, тактикалық соғыс тәжірибелерін меңгеру де маңыздылығын баян етті. Бұл орайда, арнайы мамандар жиынға қатысушылар үшін дәріс өткізіп, оқу-жаттығулар мен шекара жұмысына саяхат жүргізді.

Аудан орталығындағы Абай алаңында Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған іс-шара өткізілді. Шара қазақ халқының ұлы перзенті, жаңа әдеби тілдің негізін салушы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Сөз алушылар – аудан әкімінің орынбасары Л.Ә.Жұбанышқалиева, тіл маманы М.А.Нұрмақова, ауыл әкімі Г.Тұрғаналиевтар қазақтың ұлттық әдеби тілінің даму тарихында Абайдың алатын орны да еңбегі де зор екендігін баяндады. Сондай-ақ Абай өлеңдері оқылып, «Абай әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді.
Аудандық кітапханада Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғымына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын насихаттау барысында №20 кәсіптік колледж студенттерімен кәсіпкерлердің кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында кәсіпкерлер мен студенттер пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Кәсіпкерлер өз істерінің даму барысымен таныстырып, болашақ маман иелерін еңбекке шақырды. Сондай-ақ, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғымына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын баяндайтын бейне үзіктер көрсетіліп, еңбек адамдары дәріптелді. «Шағын және орта бизнес-ауылда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған шолу жүргізілді.

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен 2007 жылдан бері «Бір ел-бір кітап» акциясы ұйымдастырылып келеді. Осы жылдар ішінде Абайдың «Қара сөздері», М.Әуезовтың «Қилы заманы», М.Жұмабаевтың «Махаббат лирикасы», Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» шығармалары насихатталып келді. Осы акция аясында кітапханаларда іс-шаралар мен поэзия сағаттары, әдеби кештер үнемі өткізіліп келеді.
Биылғы жылы ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты өлеңдер жинағын насихаттау қолға алынған болатын. Аудан көлемінде «Бір ел-бір кітап» акциясының ашылу салтанаты өтті. Шара барысында акцияның міндеті мен мақсаты түсіндіріліп, әдебиеттер тізімі таратылды. Сондай-ақ, деректі фильм көрсетіліп, кітап көрмелеріне шолу жүргізілді. Бұл шара мектеп кітапханашыларымен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Осы акциясы аясында барлық кітапханаларда «Жүрекке тұңған жырлар» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Оқырмандар Ф.Оңғарсынованың шығармашылығымен танысып, поэзиясын оқуда.

Аудандық кітапхананың оқу залында «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты кітабын насихаттауға арналған кеш өткізілді. Кеш барысында «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» кітабына шолу жүргізіліп, «Қазақ халқының күй өнері» – /баяндамашы: Сарсенов.С.Х./, «Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүрі» – /баяндамашы: Мурзекеева Г.Қ./ баяндамалары тыңдалып, «Күй – киелі ғұмыр» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді. Мәдениет қызметкерлерінің орындауында домбыра, қобыз аспаптарымен күйлер орындалды. Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен бөлім меңгерушісі Ш.Мажитов өз ойларын ортаға салды. Кешке мәдениет қызметкерлері, саз мектебінің мұғалімдері мен орта білім беру мектептерінің пән мұғалімдері қатысты.

Қазақстанда өткен қысқы Азияда ойындары барлық кітапханаларда насихатталып, әртүрлі шаралар өткізілді. Азияда елшілері мен өнер жұлдыздары аудандық кітапханада болып, жасөспірімдермен кездесіп пікір алмасты. Сондай-ақ, кітапханадағы кітап көрмелерімен танысты. Аудандық кітапханада «Қазақстан спортының тарихы» атты көрме жарық көріп, сонымен бірге «Азияда алаугері» атты спортшылармен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Елбасы жолдауында көрсетілгендей мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасап, олардың қоғамға етене араласуына қолдау көрсету-баршамыздың міндетіміз. Мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-оқу әдістемелік, анықтамалық ақпараттар және көркем әдебиетті насихаттау жолында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жоспар құрылып бірнеше жұмыстар атқарылуда. Аудандық кітапханада «Сөйлейтін кітап» атты бөлім ашылып, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстануда. Оларға арналған жаңа кітаптар тоқсанына 1 рет түсіп, кітапханашылар арқылы таратылады.
Аудандық кітапхана қызметкерлері емханада «Медицина қызметкерлеріне кітапхананың көмегі» атты ақпараттық күнін өткізді. Шарада дәрігер мамандар үшін «Жаңа медициналық әдебиеттер», «Салауатты өмір салты», «Өзіңе өзің көмектес», «Ас адамның арқауы», «Отбасы және денсаулық» тақырыптары бойынша шолулар жүргізіліп, мерзімді басылымдар таныстырылды. Сонымен қатар, аудандық кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерге шолу жүргізілді. Оның ішінде «Әлем әдебиеті кітапханасы», «Қазақтың 100 романы», «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы», «Библиотека казахской литературы», «Алтын қалам», «Русская и зарубежная классика» серияларымен шығарылған әдебиеттер бар. Бұл шараға 42 медицина қызметкерлері қатысып, оларға 104 дана мәліметтер көрсетілді.
Тасқала аудандық орталықтандырыллған кітапханалар жүйесінде кітапханашы мамандарға арналған семинар-тренингтер үнемі өткізіліп отырады. Атап айтсақ «Ауыл кітапханаларындағы қызмет көрсету сапасын арттыру», «Жасөспірімдерге ақпараттық кеңістікті игерту жолдары» атты семинар-тренингтер кітапханашы мамандарға бағыт-бағдар беру мен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген болатын. Мұнда «Кітапханадағы кітапты насихаттау мен оқуға басшылық жасау үлгілері» атты бейне-слайд көрсетіліп, кітапханашыларға арналған тренингтер өткізілді. Семинар-тренингті қорытындылау үшін «Сіздің түйген ойыңыз» атты карточкалар үйлестіріліп, кітапханашылардың ойлары ортаға салынды. Кітапханашылар жасөспірімдермен жұмыстың жаңа бағыттары мен түрлерімен танысып, қазіргі кездегі кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру жолдарын талқылады. Аудан бойынша жасөспірім оқырмандардың даму деңгейі көрсетіліп, кітапханашылар тәжірибе алмасты.

Қазіргі таңда оқырмандардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше. Аудандық кітапханада «Фристайл» үйірмесінің мүшелерімен «Иманға жүгін ей пенде» атты шара өткізілді. Шараға аудандық мешіттің имамы А.Ибрашев қатысып, жастарға имандылыққа шақырды. Бұл шаралардың мақсаты-күнделікті айналамыздағы болып жатқан әртүрлі келеңсіз көріністерді сыни көзбен қарай отырып, жақсы мен жаман әдетті бір-бірінен айыра білуге үйрету. Адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынас ережелерінің нормаларын білуге бейімдеу болды.

Қ.Сәтбаев ЖББО мектебінің 10 сынып оқушыларымен қарттар үйінің оқырмандары арасында, «Бір ел – бір кітап» акция аясында биыл таңдалып отырған Бауыржан Момышұлының шығармаларын насихатау барысында «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты танымдылық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды шебер жазушы, даңқты қолбасшы, батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік істерін, таныстыру; Оқушыларға оның өмірін насихаттай отырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту; Шығармашылығы жайында ақпарат беру.
Шара барысында кітапханашылар аты аңызға айналған, баһадүр батыр Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, «Бауыржан Момышұлы – жетік стратег, асқан тактик және мықты психолог» атты бейнеролигі көрсетілді. Әрі қарай қаламгердің нақыл сөздері тыңдалып, оқырмандар арасында талқыланды. Шара барысында Мұқағали Мақатаевтың «Бауыржан Момышұлына», Қасым Аманжоловтың «Бауыржан» атты арнау өлеңдерін Мерешова Жанар мен Биалиева Нұргүл мәнерлеп оқыды. Оқырмандар экранға назар аударып «Бауыржан Момышұлының өз дауысы» атты бейнежазбаны тамашалады. «Халықтың қаһарман перзенті» атты кітап көрмесіне шолуымен танымдылық сағатымыз қорытындыланды. Сонымен қатар «Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы» атты картотекасы жасақталды.

Тасқала колледжінің кітапханасында 1 курс студенттерінің қатысуымен 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне орай «Қазақстан – татулық пен бірлік мекені!» атты медиа-сағаты өткізілді.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазақстан – бірлік пен ынтымақтың, бостандық пен бақыттың, еркіндік пен ерліктің қасиетті жері. Қазақстан – тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір отандастар тебіреніспен, ерекше екпінді леппен, шынайы салтанат сезіммен айтады. Осы татулықты ту еткен, достықты жыр еткен Халықтар бірлігі күніне орай түсірілген «1 мамыр – халықтар бірлігі күні!» атты бейнероликпен шара басталып, достық туралы өлеңдер оқылып, “Ынтымақ – достық кепілі” атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Студентерге “Сіз танитын ұлттар!” атты сұрақ-жауап сайысы да өткізілді. Сайыста әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері, ұлттық тағамдары және танымал әртістері мен әлемге танымал тұлғаларының бейнелері экраннан көрсетіліп, студенттер жауап берді.
Аудандық кітапхананың оқу залында Қ.Сәтбаев ЖББО мектебінің 10 сынып оқушылары және қарттар үйінің оқырмандары арасында, «Бір ел – бір кітап» акция аясында биыл таңдалып отырған Бауыржан Момышұлының шығармаларын насихатау барысында «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты танымдылық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды шебер жазушы, даңқты қолбасшы, батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік істерін, таныстыру; Оқушыларға оның өмірін насихаттай отырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту; Шығармашылығы жайында ақпарат беру.
Шара барысында кітапханашылар аты аңызға айналған, баһадүр батыр Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, «Бауыржан Момышұлы – жетік стратег, асқан тактик және мықты психолог» атты бейнеролигі көрсетілді. Әрі қарай қаламгердің нақыл сөздері тыңдалып, оқырмандар арасында талқыланды. Шара барысында Мұқағали Мақатаевтың «Бауыржан Момышұлына», Қасым Аманжоловтың «Бауыржан» атты арнау өлеңдерін Мерешова Жанар мен Биалиева Нұргүл мәнерлеп оқыды. Оқырмандар экранға назар аударып «Бауыржан Момышұлының өз дауысы» атты бейнежазбаны тамашалады. «Халықтың қаһарман перзенті» атты кітап көрмесіне шолуымен танымдылық сағатымыз қорытындыланды.
Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Озинки ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәдени жайлау» мәдени қызмет көрсету жобасы ұйымдастырылды. Жоба екі ел арасындағы мәдени, рухани достықты нығайту, қазақтың ұлттық дәстүрлерін көрші елдегі қандастарға насихаттау мақсатында Тасқала аудандық кітапханасының меңгерушісі С.Киреева мен кітапханашы Р.Сабирова ұлттық құндылықтарымызды паш ететін «Мәдени мұра-ұлттық құндылық» атты жылжымалы кітап көрмесі мен «Ақ Орда» атты инсталляциясын ұйымдастырған болатын. Жылжымалы кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрды. Әр бөлімге шолу жасалып, қойылған кітаптармен оқырманды таныстырды. Бірінші бөлімінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптары таныстырылса, екінші бөлімде әсем қаламыз Астанамыздың 20 жылда жеткен жетістіктері мен көркем ғимараттары, таңғажайып табиғаты бейнеленген, Елордамыздың тарихы жазылған кітаптар қойылса, үшінші бөлімінде «Мәңгілік елдің ұлттық мұрасы» атты халқымыздың мәдени мұрасын айқындайтын кітаптар қалың жұртшылыққа таныстырылды. Кітап көрмесінің төртінші бөлімінде екі ел достығын баяндайтын, достық көпірін паш еткен кітаптар көрсетілді. Көрші ел оқырмандары жылжымалы кітап көрмесіне қойылған кітаптармен танысып, өз ризашылықтарын білдірді.
Ашық аспан астында қазақтың данышпан ақыны, ойшылы, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы – Абай Құнанбайұлының 173 жылдығына арналған арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты әдеби шара өткізілді.
Абай өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру; Оқырмандарға көркем сөздің асылы – поэзиядағы Абайдың жаңа үлгілерін таныту; Абай өлеңдерін, поэзияны сүюге, оны түсіне білуге тәрбиелеу болып табылады шарамыздың мақсаты.
Шара барысында арнайы ұйымдастырылған «Абай мұрасы – халқы қазынасы» атты кітап көрмесімен таныстырылып, әрі қарай оқырмандар «Біз Абайды білеміз бе?» атты сұрақ-жауапқа қатысты. Берілген сұраққа нақты әрі көп жауап берген оқырмандар ынталандыру сыйлықтарына ие болды. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарында оқырмандар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Тасқала аудандық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» бағыты бойынша «Ерлік – ұрпаққа ұран» атты жоба қолға алынған болатын.
Жобаның мақсаты: Жасөспірім оқырмандар арасында кітаптың құндылығын насихаттау; Кітапхананы олардың ең сүйікті орнына айналдыру; Ауданымыздан шыққан ҰОС-ның батыры С.Ш.Жақсығұловтың өмірі мен еңбегі туралы мәлімет беру; Соғыста көрсеткен ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау; Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Аталмыш жоба аясында аудандық кітапханада «Туған жер» бағыты бойынша «Ерлік – ұрпаққа ұран» атты жоба аясында Тасқала ауданының құрметті азаматы, Кеңес Одағының батыры С.Ш.Жақсығұловқа арналған «Ерлік – ұрпақ ұраны» атты танымдылық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Батырдың өмірі мен ерлігін таныстыру. Елін сүюге, отансүйгіштікке, тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашылар С.Д.Киреева мен Б.Ж.Шотанова Тасқала ауданының құрметті азаматы, Кеңес Одағының батыры, Отан от кешкен, қан майданда ел үшін жан беріп, жан алысқан жерлес батырымыздың өмірі мен ерліктері туралы ақпараттар беріп, батырымыздың өмір тарихи туралы «Ұрпаққа ұран болған ұлы есім!» және де «Тасқала» атты бейнероликтері көрсетілді. А.Бақтыгерееваның сөзіне жазылған «Батырмен жүздесу» әнін аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Тұрсынай Мұратқызы нақышына келтіре шырқаумен жалғасын тауып, жерлес ақынымыз Ш.Қайырғалиевтің «Батыр аға» өлеңін Ы.Алтынсарин мектебінің 8-сынып оқушысы А.Елемесова мәнерлеп оқыды.
«Есімі елдің есінде» атты ашық кітап көрмесіне оқу залының кітапханашысы С.Т.Орақова шолу жасап, «Әр жүректе сақталған есім» атты батыр өмірінен сыр шертер естелік суреттері бар буклетті де оқырман қауымға таныстырды.
Және де «Жайықтың жарық жұлдызы» атты кітапша мен «Ел намысын биік ұстаған батыр» атты фотоальбомы жасақталды.
«Ешкім де, ештеңе де, ешқашан ұмытылмайды» – бұл халық даналығы. Алайда ұрпақ жалғастығы алға жылжып ардагерлер қатары сиреуде. Осылардың барлығына қарамай халықтың есінде айбынды батырлық, соғыс жаңғырығы мәңгілік сақталады!
Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен, етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан, Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батыр Садық Шәкелұлы Жақсығұловтың қаһармандық ісі еш уақытта ұмытылмайды. Мәңгі есте сақталады.
Өскелең ұрпақты, келешек елін сүйер, елі сүйер азамат пен азаматшаларды тәрбиелеу, олардың бойына туған жерге, туған елдің батыр тұлғаларын насихаттап, таныстыру мақсатында өткізілген бұл жоба оқырман қауымға мол әсер қалдырды. Аталмыш жобамыз келешекте де өз жалғасын табады.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, Қазақстан мен Ресей елдері арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту, қазақтың ұлттық дәстүрлерін көршілес елдегі қандастарамызға таныстыру мақсатында Тасқала аудандық мәдени – демалыс орталығының ұйымдастыруымен РФ Саратов облысы, Дарғаш аудан орталығында еліміздің рухани құндылықтарын насихаттайтын «Мәдени жайлау» фестивалі оздырылды. Жоба екі ел арасындағы мәдени, рухани достықты нығайту, қазақтың ұлттық дәстүрлерін көрші елдегі қандастарға насихаттау мақсатында Тасқала аудандық кітапханасының меңгерушісі С.Д.Киреева мен кітапханашы Б.Ж.Шотанова ұлттық құндылықтарымызды паш ететін «Мәдени мұра – тарих дастаны» атты жылжымалы кітап көрмесі мен «Рухани жаңғыру» атты инсталляциясын ұйымдастырған болатын. Жылжымалы кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрды. Әр бөлімге шолу жасалып, қойылған кітаптармен оқырмандарды таныстырды.
Бірінші бөлімінде Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы таныстырылса, екінші бөлімде «Мәдени мұра – тарих дастаны» атты халқымыздың мәдени мұрасын айқындайтын кітаптар қалың жұртшылыққа таныстырылды.
Кітап көрмесінің үшінші бөлімінде екі ел достығын баяндайтын, достық көпірін паш еткен кітаптар көрсетілді. Көрші ел оқырмандары жылжымалы кітап көрмесіне қойылған кітаптармен танысып, өз ризашылықтарын білдірді.

Аудандық кітапхананың оқу залында оқырмандарға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлау туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, сондай-ақ «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету мақсатында Тасқала колледжінің 1 курс студенттерінің қатысыуымен «Нұрландырған елімді – Нұрлы Наурыз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараны Мәдениет қызметкерлері А.Маханов, М.Аманғалиев «Балалық шақ» атты күйін тартып бастады. Кітапханашылар жиналаған қауымды ұлттық мерекемен құтықтады. Сонымен қатар «Наурыз тарихы» атты бейнеролик көрсетіліп, наурыздың негізігі тарихы мен жөн-жосығы айтылып, ұлттық салт-дәстүрлер туралы түсіндірілді. Қатысушы оқырмандар слайд арқылы «Сыйқырлы қоржын» сұрақтарына жауап беріп, белсене қатысты. Одан әрі мереке көркі қыза түсті. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – «Сақина салу» ойнатылды. Ол жастардың өз ұлтының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды. Оқырмандарға әз наурыздың қадірі мен қасиетін дәріптейтін басылымдардан құралған «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі жасақталып таныстырылды. Кітап бетіндегі мағлұматтар өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әрбір оқырманға пайдасы мол.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ЖОББ мектебінде 9-11 сыныптарының қатысуымен ұлы филосов, ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығына орай «Қаныш – ұлы тұлға» атты интелектуалды сайысы өткізілді. Осы шараға байланысты аудандық кітапхана «Қ.И.Сәтбаев – адамзат ғұламасы» атты кітап көрмесін жасақтап, шолу жүргізді.
Мақсаты: Академик Қ.Сәтбаевтың өмірі, еңбектерімен таныстырып, оқырмандардың бойына туған еліне, жеріне және халқына деген патриоттық сезім қалыптастару.
Көрме барысында абонемент бөлімінің кітапханашысы оқырмандарға ғалымның өмір жолымен ғылыми еңбектерін және ол туралы жазылған ғұламалардың кітаптарын, мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларымен таныстырды.
Жас ұрпақ үшін көрнекті ғұлама ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі үнемі үлгі болып қала береді деген сенімдеміз.

9 мамыр – Жеңістің 75 жылдығына «Жырлаймыз Ұлы Жеңісті» атты челлендж онлайн турінде жарияланды. Аудандық кітапхана оқырманы Н.Киреева өз атасына арнап жазған «Жеңіс хаты» атты эссе және де кейінгі ұрпақтарды Отанға деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәр-биелеу. Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» кітап көрмесі инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланды.
3 шілде күні Тасқала аудандық кітапханасы еуразия жүрегінде орналасқан Астана қаласының жаңа тарихы – бұл тәуел-сіздік тарихы, бұл мемлекеттілік тарихы, бұл ұлттық та-рих. Ал Астана қаласының құрылысы – төл тарихымыздың жаңа беттерін құрайды.Тасқала аудандық кітапханасы, астана күніне орай «Сарыарқа төрінде ғасырлармен үндес-кен Нұр-Сұлтан» атты саяхат сабағын ұйымдастырды. «Нұр-сұлтан – ұлтымыздың рухани ордасы» кітап көрме-сіне шолу жасады.
Мақсаты: Оқырмандардың Нұр-сұлтан қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу
26 тамыз күні Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптастыру тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өрке-ниеттік заңдық ережелерді жастардың бойына сіңіру және Ата заңымызды құрмет-теуге, сыйлауға тәрбиелеу мақсатында 30 тамыз – Қазақстан Республика-сының Конституциясына 25 жыл толуына орай «Ұлық тұтар – Ұлы заң» атты бейнешолуы жасалды.
Шара барысында кітапханашылар Ата Заңның тарихы мен құрылымы туралы ақпарат беріп, «30 тамыз – ҚР Конституция күні» атты бейнеролигі көрсетілді. Көпшілік оқырман қауымына «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» тақырыбында кітап көрмесі насихатталды.
Кітапханашылар қазақ ауыз әдебиетінде орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі – мақал мен жұмбақтар туралы айтып өтті. Сайыс барысында екі топқа бөлініп бірі «Сұңқар» мен «Тұлпар» болып жарысқа қатысып белсенділік танытты.
Сайыс ережесі: І тур. “Білгенге маржан”мақал-мәтелдің жалғасын табу.
ІІ тур. “Тапқыр болсаң, тауып көр” жұмбақ шешу. ІІІ-тур. «Кім жүйрік?» турында екі топ бір-бірлеріне жұмбақ жасырып қан-шалықты тапқыр екендерін көрсетті. Оларға арналған «қара жәшікте» жасы-рылған танымал тұлғалардың, әртүрлі заттардың фото су-реттерін топ басшылары алып, өз топтарына қимылмен түсіндірді. Сайыс соныңда қатысушылар«флешмоб» биін биледі. Сайыс қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқа-сының бағалауымен бірінші орынға ие болған «Тұлпар» және екінші орын алған «Сұнқар» топтарына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Тасқала аудандық және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, Тасқала колледжінің 1 курс студенттерінің арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына, Алғыс айту және «Нұр-Отан» партиясының құрылған күніне арналған «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атты этнографиялық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу; Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достықты, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Аудандық және балалар кітапханасының меңгерушілері елімізде мекен ететін 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың тату, ынтымақта өмір сүріп жатқандығы туралы айтып өтті.
Шараға өзге ұлт өкілдері – Скотникова Р.Ф, Воронцовтар отбасы, «Надежда» халықтық ансамбілі шақырылды.Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенова А.С құттықтау сөзінде халықтар достығы, бірлік туралы айтып, Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруге және өзге ұлт өкілдерін,құрметтеуге шақырды.
Сондай-ақ «Нұр-Отан» партия мүшелеріне партиялық билеттер табыс етілді. Оқырмандарға «Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты бейнеролигі көрсетіліп, шақырылған конақтарға сөз берілді. Олар өз ұлттарының тұрмысы, салт-дәстүрлері туралы әңгіме-леді. «Надежда» халықтық ансамбілі орыс әнін, мәде-ниет үйінің қызметкері А.Кахов «Зорька алая» әнін орындаса «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Шара соңында қонақтарға сыйлықтар табыс етіліп, Е Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.

Аудан әкімі Алдияр Халелов бастаған Тасқалалықтар Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тұңғыш Президент жолымен» атты халық экспедициясының эстафетасын табыстау үшін көршілес Бәйтерек ауданына барды. Осы орайда Тасқала орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де тыс қалмай өлкетану әдебиеттерін насихаттау мақсатында «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды.
Тасқала өңірінің біртуар перзенті, танымал айтыскер ақыны Шәки Қайырғалиевтың 70 жылдығына орай «Туған жерді жыр-лаған – Шәки ақын» атты поэтикалық марафоны өткізілді. Мақсаты: Отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру; өлкетану әдебиеттерін насихаттау.
Поэтикалық марафонды Тасқала ауылдық кітапхана-сынан қабылданып, Тасқала аудандық балалар кітапханасы-на жолданды.
Кітапхана оқырмандары Шукеев Л. «Басына Ешкітаудың шығам өрлеп», Киреева Н. «Адамның өзі қонақ бұл өмірде», Гайнуллиева Д. «Ақжайықтың ұнатамын көктемін», Ибрашева Н. «Тасқала» атты өлеңдерін оқыды.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты бір күндік оқу марафоны өткізілді.
Мақсаты: Абай өлеңдерін рухани асыл-мұраларын насихат-тап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Оқу марафонына қатысқан Қ.Сәтпаев атындағы ЖОББМ-нің 9 сынып оқушылары Гайнуллиева Д. «Өлең сөздің патшасы», Джалкатова А. «Ғылым таппай мақтанба», Набиуллин Б.«Қалын елім қазағым», Нуралиева М.«Күз» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Абай – әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Биылғы жылы қазақ елінің рухани қазынасы, дана, дара кемеңгері Абай Құнан-байұлының туғанына 175 жыл толуда.
Ауданымызда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай шара-лардың ресми салтанатты түрде ашылуында «Абай мұрасы – мәңгілік қазына» тақырыбындағы ашық кітап көрмесі аудан тұрғындары мен оқырмандар назарына ұсынылып, оқу залының кітапханашысы таныстырды.
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми
кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітаппен бірге – Тәуелсіз елде» атты оқу марафоны бойынша 2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында 14 желтоқсан күні тасқала аудандандық кітапханасында «Қарымды қаламгерлердің көркем туындылары» атты әдеби сағат өткізілді.
Акцияның мақсаты – халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу, қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге баулу, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
Шара барысында акцияның поэзия жанры бойынша таңдалған үздік туындылардың бірі – Бақытжан Қанапияновтың «Достояние души» және көркем аударма жанры бойынша таңдалған Джоан Роулинтің «Харри Поттер мен жасырын бөлме» атты шығармалары насихатталды.
Кітапханашылар аталған шығармалар мен авторлары туралы ақпарат беріп, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кітапхананың тұрақты оқырмандары Б.Хабидашева Бақытжан Қана-пияновтың «Достояние души» атты өлеңін оқыса, М.Бектенов кемеңгер қаламгердің туындысын оқып, өз пікірімен бөлісті. Аудандық балалар кітапханасы-ның тұрақты оқырманы Тугаева Алинаны Ж.К. Роу-лингтің «Харри Поттер мен жасырын бөлме» атты кітабының қысқаша мазмұнын бейне слайд арқылы таныстырды.
Шара соңында оқырмандар «Ғажайып алаң» атты ойынға қатысып, ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.

Тасқала аудық кітапханасы Қ.Сәтпаев орта мектбінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Ойын ойға жетелейді» жобасы аясында «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» атты тақырыптық сағаты өткізілді. Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылығын арттыру мақсатында оқырмандарға асық ойынының шығу тарихы мен ойын түрлері баяндалды.
Шара барысында оқырмандар асықпен ойнап, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Сонымен қатар «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалынып, шарамыз қорытындыланды.
Қазақстан халқының күніне орай «Қазақстан – достық мекені» атты кітап көрмесін назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасы-ның халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлы-ғын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген дана халқымыз. Берекені көзде-ген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстаған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкіл-дері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр.
1-мамыр – Қазақстандағы 30 жылда құрған негізгі мереке. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, құрметті оқырмандар! 1 мамыр құтты болсын!
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ой-өрісін дамыту. Ұлы Отан соғысында ата-бабаларымыздың ерлік істерін қасатерлеу мақсатында Тасқала аудандық кітапханасы «Ұрпақтар ұмытпайтын – ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесін әлеуметтік желіде насихаттады.
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңіс туының желбірегеніне 76 жыл.
Жеңіс күні – тарихи естеліктер жаңғырып, болашақ ұрпаққа бейбіт күннің қадір-қасиетін өсиет ретінде жеткізген күн. Бұл мейрам еліміздің ертеңі үшін жанын пида еткен қаһарман аға-апаларымыздың ерліктерін еске түсіреді. Аталарымз бен әкелеріміздің озық дәстүрін жадымызда сақтау, кейінгі ұрпаққа оларды үлгі ету – біздің қасиетті борышымыз. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі.
Тасқала аудандық кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында «Парасат жолы адалдықтан басталады» тақырыбында ”Руханият” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог маманы Тыным Қуанғали Қуанышұлымен сұхбат жүргізілді.
Жалпы қоғамда парасаттылық құңдылықтарын кеңінен насихаттау; адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаларын қалыптастыру; сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құңдылықтарын қоғамда ілгерілету жобамыздың басты мақсаты болып табылады. Ұйымдастырылған шараға кітапханашылар онлайн Zoom платформасы арқылы байланысқа шығып, пікір алмасты. Шара барысында кітапханашы «Парасат жолы» жобасына тоқталып, сұрақтармен тұжырымдады. Қуанғали Қуанышұлы өз сөзінде рухани құңдылықтың маңыздылығын айтып, өскелең ұрпақты адалдыққа, әділдікке тәрбие беретін Б.Момышұлының, З.Ахметованың кітаптарын оқуға кеңес берді. Сонымен қатар Рамазан айының қасиетіне тоқталып, «ұлт келешегінің кепілі – жастарға рухани кедейшіліктен, ертеңімізге немқұрайлы қараудан аулақ болайық, соңымызда көл-көсір байлық қалғанша, үлгі боларлық өнегелі іс қалсын» – деп, сөзін аяқтады.
«Өмірде ең бастысы – адамдық, парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық» – деп Елбасымыздың сөзімен сұхбатымызды қортындылап, оқырмандарды кітапханға кітап оқуға шақырамыз!

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бабаларым аңсаған – Тәуелсіздік» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру. Қазақстанды өркендетуге білімді ұрпақ керек екенін ұғындыру, бүгінгі Тәуелсіздікке қалай қол жеткенін түсіндіру.
Конференцияға Zoom платформасы арқылы Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі Ахметов Самат Бақтығалиұлы мен Қ.Сәтпаев атындағы ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі Ғабдуллина Балауса Баймбетқызы және тұрақты оқырмандарымыз қосылып, белсене қатысты. «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты баяндама мен «Тәуелсіздік аңсаған батырлар» атты слайдын дайындап, таныстырды. Әріптесіміз Қалимолаев А. «Тәуелсіздік» өлеңін оқып, оқырмандар өз ойларымен бөлісті.
Екі дүние жақсылығы үшін, дін исламның кемелдегі үшін жаһандану заманындағы қазақ жастарына қандай ұран тастар едіңіз немесе қандай бағыт көрсетер едіңіз? деген оқырмандардың сұрақтарына жауап берілді: Азаттық – қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашанда мойымады, күресе білді деп, «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» атты кітап көрмесіне шолу жасалынып, шарамыз қортындыланды.
Тасқала аудандық кітапханасы 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар естелігі» атты еске алу сағаты ұсынылды.
Мақсаты: Азаттық жолында және ашаршылық қасіреретінен құрбан болған бабаларымызды еске алу. Жас ұрпақты тарихты сыйлауға, елін, жерін құрметтеуге шақыру, патриоттыққа баулу.
Шара барысында Тәуелсіз мемлекетімізде 1993 жылдың 14 сәуірінде қабылданған «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы және 1997 жылы 31 мамырды «Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп жарияланған Елбасының Жарлығы туралы айтылып, одан әрі қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш қайраткерлері туралы және де зобалаң жылдарды бастан кешкен жазықсыз жандарды өлімге байлаған сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтандақтарымен және де Тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектері туралы айтылды. Бұл қасірет Кеңес Одағының құрамындағы бір елді де айналып өтпеді. Саяси қуғын-сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі болып қала бермек. Біздің ендігі жерде борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы,оларды мәңгі еске сақтау. Осыған орай «Тарихта қалған тағдырлар» атты кітап көрмесіне шолуымен еске алу сағатымыз қорытыланды.
6 шілде – біздің еліміздегі елеулі күндердің бірі. Бұл әсем Астананың туған күні. Астана мерейтойы – еліміздің маңызды жалпыұлттық мейрамы.
Астана – біздің ғасырлар бойы аңсап келіп қолымыз жеткен тәуелсіздігімізді баянды ету, қазақ елін біріктіру, жетістігімізді әлемге паш ету мақсатында 3 шілде күні Тасқала аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» атты поэзия калейдоскопын ұсынды.
Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің ұрпағы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек.
Шара барысында Астананың тарихы туралы айтылып, кітапхана оқырмандары Орахова И.Ұ.Тұржанның «Жаңа Астана», Бахсих Г. Ғ.Қайырбековтың «Астана таңы», Неғметуллина Г. Қ.Саринның «Астана» атты өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар «Нұр-Сұлтан – ұлтымыздың рухани ордасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, «Нұр-Сұлтан» инсталяциясы ұсынылды.
Семей полигоны жабылғанына 30 жыл болуына орай «Қарусыз әлем кірпішін қалаған Қазақстан» атты кітап көрмесі өткізілді.
Мақсаты: Семей полигонының тарихына тоқталу; ядролық полигонының қасіретін жеткізу; радиация апатының қоғамға, табиғатқа тиген зардабына тоқталу.
Семей полигоны – КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі. Елімізде алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылы 29 тамыз күні болды. Семей аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жасалды. 1989 жылы «Невада – Семей» қозғалысы басталып, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов жетекшілік етті. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО үкіметі ядролық қаруды сынауға тиым салды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 28 тамызда Семей полигонының жабу туралы жарлыққа қол қойды. Жалпы Семей полигонының тарихы мен жабылуы туралы мәліметтер Н.Назарбавтың «Бейбітшілік кіндігі», Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы, М.Сәрсекенің «Семей қасіреті», Е.Байғабылұлының «Ядролық зұлмат» атты кітаптарда берілген.Семей полигоны арқау болған С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» кітабы, Б.Тілегеновтың «Қара жел» атты романы жарық көрді. Көрме полигон кезіндегі фотосуреттер мен «Ядролық қарусыз болашақ» атты папкасымен толықтырылды.
Жасөспірімдерге арналған Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Ойын ойға жетелейді» жобасы аясында «Ұлттық ойындар – халық мұрасы» атты жадынама жасалынды. Жадынамада ұлттық ойындар тарихы мен ойнату барысы енгізілген.
Тасқала аудандық кітапханасында «Ойын ойға жетелейді» жобасы аясында «Сәулет» мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Таңғажайып – Тоғызқұмалақ» атты таңымдылық сағаты өткізілді.
Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Ұлттық ойындарының бірі – тоғызқұмалақ. Шара барысында кітапханашы тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихын айтып, Тасқала аудандық БЖСМ тоғызқұмалақтан жаттықтырушысы Ислямгалиев А.Мұратұлы тоғызқұмалақ ойын ережелері мен ойын барысын түсіндірді. Келген оқушылар тоғызқұмалақ ойнап, өзара бақ сынасты. Тақырыпты пысықтау мақсатында векториналық сұрақ-жауап өткізіліп, «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесіне шолуымен қортындыланды.
Тасқала аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Сәулет мектеп-лицей оқушыларының арасында «Оқитын жастар – ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: кейінгі ұрпаққа өз елінің патриоты болуға, Отанын, жерін, елін сүюге тәрбиелеу, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін түсіндіру.
Шара барысында «Білімді жастар – Мәңгілік елдің болашағы» атты бейнеролигі көрсетілді. Сондай-ақ А.Бақтыгерееваның «Мен жаспын», М.Дулатовтың «Жас қазақтар қайдасың», С.Торайғыровтың «Оқып жүрген жастарға», А.Құнанбаевтың «Интернатта оқып жүр» өлеңдерін Ж.Тілекқабылқызы, Е.Алиева, С.Ибатова, Н.Аяпбергенұлы дауыстап оқыды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы – жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені белгілі. Ата-бабаларымыз қазақ жерін,елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көзінің қарашығындай сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын болсын деп шарамыз аяқталды.
«Сәулет» мектеп-лицейінің интернат оқушыларының қатысуымен 1-желтоқсан ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев күніне арналған «Елбасы – ел тірегі, ел намысы» атты танымдылық сағаты өткізілді. Болашақ ұрпаққа Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру; Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру; Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу; Білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу сағатымыздың негізгі мақсаты болып табылады.
Шара барысында елбасымыздың балалық шағы мен қызметі туралы «Елбасының өміржолы», «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні» атты бейнероликтері көрсетілді. Сонымен қатар А.Қайырхан «Елбасы» өлеңін нақышына келтіріп оқып, «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.
Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жинағына түсінік беріліп, шараны қортындылау барысында сұрақтар қойылып, оқушылар белсенді жауап берді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудандық кітапхананың оқу залында Ы.Алтынсарин, С.Жақсығұлов ЖОББ мектебінің 9 «А», «Б» сынып оқушыларының арасында Тәуелсіздік – мәңгі болсын тұғырың» атты әдеби – сазды кеш өткізілді.
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау; Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау; Өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу; Жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін арттыру.
Шараға Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.С.Дүйсенова, Тасқала аудандық мәдени – демалыс орталығының директоры М.Ескалиев және қаһарман аға-апаларымыз Қ.Мұхамбетжанов, Б.Мусина қатысты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік шара Қазақстан Республикасының гимнімен басталды.
Шара барысында А.С.Дүйсенова мен шеруге қатысқан аға – апаларымыз өз сөздерінде Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен Тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи рөлін көрсетіп, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен, сол ерлігіне құрметпен қарау керек деп тоқталды. Мәдени демалыс орталығының қызметкері Мирас Бектенов «Сыпыра жырау» термесін, «Ел айрылған» атты халық күйін орындаса, кітапхананың тұрақты оқырмандары сан ғасырлар күресіп, армандап жеткен тәуелсіздік туралы Шәки Бекарыс «Тәуелсіздік», Ғайни Гүлнұр «Қазақстаным, айбыным», Орынбай Ақбота «Желтоқсан алаңындағы жыр», Мамай Ерасыл «Қуан, күн туды қуанатын» атты өз өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар «Тәуелсіздік құтты болсын» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Шарамыз А.Каховтың орындауында «Атамекен» әнімен қорытыланды.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!

Орасан күш иесі, қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, жауырыны жер иіскемеген алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Ол әлемнің 28 мемлекетінде күресіп, 56 медаль иеленген екен.
Бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұлан-ғайыр жері мен намысшыл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш етіп танытқан, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажымұқан бабамыз – баршамыз үлгі тұтарлықтай ұлы тұлға екенін кейінгі өскелең ұрпақтың бойына сіңдіру; Өткен ата-бабамыздың мұрасын жаңғырту негізінде жастарды тәрбиелеу мақсатында 2 сәуір күні Тасқала аудандық кітапхананасы Қазақтың атақты палуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толуына орай «Қажымұқан – қазақ даласының батыры» атты ақпараттық сағатын әлеуметтік желіде ұсынды. Шара барысында балуанның өмірбаяны туралы ақпарат беріліп, кітапхана қорындағы әдебиеттерге шолу жасалынды.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 21 маусым – медицина қызметкерлері күніне орай «Медицина кәсібі – адамгершілік асылы» атты библиофреші ұйымдас-тырылды. «Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақ-тайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандар-дың мерекесі».
«Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы». Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды «ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы» деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді құрметтеу – әр пенденің аза-маттық борышы. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. Ақ халатты абзал жандар ретінде әр науқастың жанына желеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып қана қоймай, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқарған істері, әрқашанда халықтың көңілінен шығады. Ойланып қарасаң, күллі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Сол себептен, басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ем іздеп, бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Олардың әр еңбегін бағалап отыру, оларға деген құрметімізді көрсетеді. Ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Ақ халатты абзал жандар да аянбай тер төгіп, әр адамның өмірі үшін қолдан келгенін аянар емес.

Егізінің сыңарынан айырылған – дей келе Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Тасқала аудандық кітапханасында 16 ақпан күні «Сәулет» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Өткенге мұрағат – өркенге ұлағат» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты: Жастарға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
Кездесуге Бәйтерек және Тасқала ауданының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы майор Мателиев Қуат Досымбекұлы, ардагер ағаларымыз Пятин Валерий Леонидович, Дабаев Мақсот Құмарұлы қатысты.
Шара барысында ауған соғысының тарихы туралы әңгімеленді және «Жан жарасына айналған Ауғанстан» атты бейнеролигі көрсетілді. Ауған соғысы ардагерлері сөз сөйлеп, соғыста басынан кешкен қиын оқиғаларды, жеңіске қалай жеткендігі туралы айтты.
Мамай Ерген Бақытбек Смағұлдың «Ауғанда болған ардагер» өлеңін оқыса, Тасқала мәдениет үйінің өнерпаздары Шуманов Жангелді «Жаным қазақ», Кахов Айбек «Монолог пилота черного тюльпана» әндерін орындады. Сондай-ақ «Өткенге мұрағат – өркенге ұлағат» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Елім деген ерлерімді,
Еске алу бізге – аманат.
Жерім деген ағаларды,
Құрмет тұту – бізге аманат. – дегендей ардагерлерді құрметтеу біздің борышымыз.
14 наурыз – Көрісу күні. Көрісу – қазақ халқында сақталған ежелгі дәстүр. Бұл күн – жан дүниенің жаңаратын, жасампаз жақсылықтың күні. Ұлтымыздың ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырған рухани қазынасының бірі ретіндегі мерей өсірер ұлы мейрамы. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады.
Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Міне осы көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету мақсатында Тасқала аудандық кітапханасында 14 наурыз күні «Көрісу – жүрек нұрымен бөлісу» атты салт-дәстүр сағаты өткізілді.
«Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып…» деп хакім Абай жазғандай қыс бойы бір-бірімен қатынаса алмай қалған ағайын жер аяғы кеңіп, қатынас жол ашылған соң бір-бірін іздеуі, амандық-саулық сұрасуы – көңілге қонымды жайт – дей отыра ақжау-лықты әжелерімізге өздерінің бата, көрісу туралы әңгіме өрбітті. Оқырмандарымыз наурызға арналған өлеңдер оқып, ән шырқалды. Сондай-ақ «Көрісу – ынтымақ пен берекенің бастауы» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы әдебиеттер қойылып, шараға келген кітапхананың тұрақты оқырмандары бір-бірімен көрісіп, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипаттарын білдірді.
17 наурыз күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 22-наурыз мейрамына орай Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Атамұра» зейнеткерлер вокалдық тобының мүшелері, Тасқала ресурс орталығының жастарының қатысуымен «Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел» атты салт-дәстүр сағаты өткізілді.
Мақсаты: Наурыз мейрамының Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Кейінгі ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету.
Шара барысында наурыздың негізгі тарихы мен жөн-жосығы айтылып, Қыдыр атамыз ақбата-сын беріп, ұлттық салт-дәстүрлер тақырыбында сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Атамұра» зейнеткерлер вокалдық тобының ата-әжелері Наурыз мейрамы туралы әңгімелеп, өздерінің өнерлерін ортаға салды.
Әз наурыздың қадірі мен қасиетін дәріптейтін басылымдардан құралған «Көрікті көктем – Нау-рыз!» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, «Наурыз- думан» әнімен мерекелік шарамыз аяқталды.
20 сәуір күні аудандық кітапханада 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітапхана – киелі орда» атты кітапхананың түнгі әлемі атты шарасы өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, оқырман қауымды кітапханаға тарту. Кітап сүйер оқырмандармен бірге жұмыс жасау және жастардың патриоттық сезімін оятып, кітап оқуға деген, сапалы кітап оқып оны өз өміріне, біліміне жүзеге асыруға септігімізді тигізу. «Кітап – қымбат қазына». Бұл аталы сөздің астарын ұғынып, мағынасын жете түсініп жүрген жастар жоқтың қасы. Шараның көздегені – көкірегі ояу, көзі ашық азаматтарды кітапқа еліту. Расында көпшіліктің қызығушылығын арттыра түсті. Кітап сүйер қауымның көңілін сергітті.
Шараны Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айгүл Серікбайқызы құттықтау сөзімен бастап, аудандық кітапхананың меңгерушісі Светлана Дүйсекқызы оқырман қауымға акцияның мақсатымен, кітапханамыздың тарихы мен кітап қорымен таныстырылды. Кітапханамыздағы тұрақты кітап көрмелерге шолу жасалды. Кітапханамызда әрбір сала мамандарына кәсіби бағдар беруге арналған кітаптармен таныстырылды. Бұл аталмыш алаңда оқырман қауымға 8 тақырып бойынша көркем әдебиеттерімен, мерзімді басылымдарымен таныстырылды. Аудандық кітапханаға өз қолтаңбаларын қалдырған белгілі ақын-жазушылардың кітаптарымен таныстырылып, «Қолтаңбалы кітаптар коллекциясы», «Мәдени мұра – ғасырлар үні», «Маржан сөздің зергері», «Жырлай берші жыр ғұмыр», «Шытырман оқиғалар ізімен», «Мәдениет қызметкерлеріне арналған әдебиеттер», «Спорт саласы қызметкерлеріне арналған әдебиеттер» және де «Аспаздық және шебер қолдар» атты тақырыптар бойынша жаңадан түскен басылымдармен таныстырылды. Оқырмандар арасында «Жазушыны таны да сыйлығыңды ал!» атты библиовернисаж ойнатылды. Бұл ойын 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – ақын-жазушыларымыздың портреттері қойылып, екінші бөлімде – өмірбаяндары және үшінші бөлімде шығармалардан үзінді келтірілді. Қай ақын-жазушылардың портреттері, өмірбаяндары мен шығармалары екенін анықтау керек болды. Кітап сүйер қауым әдеби ойынға қатысып, үздік деп танылғандарға сыйлықтар табыс етілді.
«Ашық микрофон» атты айдары ұйымдастырылды. Бұл айдарда «Жүрегін жыр кернеген ақын» атты Сағынтай Бисенғалиевтің 65 жасына арналған поэзия сағаты өткізілді және лирикалық өлең-жырдан поэзияға ғашық оқырмандар ортаға шығып өзі сүйіп оқитын ақындарының жырларын оқып, көрермен көңілін бір тербетіп тастады. Оқырман қауымда бұл айдарға белсенді қатысты. Атап өтсек И. Хамзина, Абдрахманова Л., және Жумагулова Ж. т.б.
«Библиошар» ойыны да ойнатылды. Бұл ойында оқырмандар үшін шардың ішіне сұрақтар салынып, сол шарды жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап берілді.
«BibIio спорт» кезегіне келсек: Шараға қатысушы оқырмандарымыз, үстел үстіне жайғасып, шахмат, шашка, тоғыз құмалақ ойындары ойнатылды.
Шара соңы «Рақмет саған, кітапхана» атты оқырман қауымға арнайы дайындалған тілек ағашына өз тілектерін жазып қалдырды. Кітапхана түнінен алған әсерлерін ортаға салып, кітапханашыларға алғыстарын айтты және де арнайы дайындалған «Сэлфи-тайм» атты бұрышқа естелік суреттерге түсіп, кереметтей көңіл-күймен шараны тәмәмдадық.
Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Отбасының ең басты құндылығы – күнделікті өмірінен білініп жүрген патриоттық сезімі, үлкен-дерді құрметтеумен байланысты және бала тәрбиесінде, оқуда, еңбекте көр-сетілген рухани – өнеге негіз-дерін ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыруы. «Отбасы» құндылығы туралы түсінік-терді, отбасы туралы ұғым-дарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету мақсатында 13 мамыр күні Тасқала аудандық кітапханасында тұрақты оқырманымыз Муталиевтер отбасы Тасқала аудандық жастар ресурстық орталығының жастары, Сәулет мектеп-лицейінің интернат тәрбиеленушілері және кітапхана оқырмандары-ның қатысуымен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасым – бақыт мекенім» атты кездесу кеші өткізілді. Шараға арнайы шақырылған отбасы өздерін таныстырып, дайындап әкелген фотосуреттеріне шолу жасады.Шара әрі қарай «Шынын айтсам» атты тренинг ойынымен жалғасты, онда оқырмандар отбасы туралы сұрақтарға жауап беріп, ойларын айтты. Ал «Сиқырлы қорап» ойынында оқырмандар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мазмұнын ашып жеткізді. Отбасылар өз өнерлерін ортаға салып, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқады. Шара соңында «Отбасы – ұлт тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысқан Муталиевтер отбасына алғыс хат пен сыйлық табыс етілді.

Кітапхана жетістіктері

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі: Киреева С.Д.


Тасқала аудандық балалар кітапханасының
ТӨЛҚҰЖАТ

Мекеме атауы Тасқала аудандық балалар кітапханасы
Ведмостволық құрлымы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы 1964 ж.
Аудан орталығынан арақашықтығы –
Облыс орталығынан арақашықтығы 68км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 180 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 20 орын.
Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі мемлекеттік
Тұрғын саны 7916
Оқырман саны 1405
Кітап қоры 20085; қазақ тілінде-9671
Қызмет түрі Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, С.Жақсұғұлов көшесі № 5А үй тел: 87113921815
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Мусина Елена Валенитиновна
Ескерту:1 ғимарат, 1-абонемент бөлімі, 1- оқу залы, ауылдық балалар кітапханасы бар

Тасқала аудандық балалар кітапханасы.

«Ауыл кітапханасының шежіресі»

Тасқала 2012

Камен аудандық балалар кітапханасы 1964 жылы 2 наурызда ашылды. Ашылған уақытта аудандық балалар кітапханасының негізгі қоры Карл
Маркс пен Камен орта мектебін қамтамасыз етті.
Аудандық балалар кітапханасының ғимараты Ленин және Калинин атындағы көшенің қиылысында орналасқан, жартысы тұрғындар үйі болды

Алғашқы кітапханашы Абдуқасымова 1964 жылдың мамыр айында Алматыға көшіп кетуіне байланысты кітапхана меңгерушісі Игнатенко.Т.Ф болды.

Ол алғашқы жұмысты инвентарлық кітаппен білім салалары бойынша орналастырды. Башенятова В.В, екінші кітапханашы болып жұмыс істеді. Кітапхана ғимартының көлемі небәрі 48 кв.м (екі шағын бөлме, тағы біронша үлкен емес бөлме және өтетін жол, от жағатын пеш, қасында беріл ген кітаптар,жарды айнала шағын көрме,кітап салынған жәшіктер тұрды. Бұл кезде жұмыс істеуге жағдай қиындау болатын. Оқырмандар саны- 1200-ге жетті.

1975 жылы мына ғимарат жөндеуден өткізіліп типография мен балалар кітапханасы осында ауысты. Бұл ғимарат Чкалов (қазіргі Жақсығұлов) атындағы көшенің бойында орналасқан.

Ғимарат іші кең , әдебиеттер жас мөлшеріне қарай топтарға бөлініп қойылды. Сонан соң қор оқырмандар залы болып бөлініп, оған да бір кітапханашы Маштакова З.У. жұмысқа алынды.
Игнатенко Т.Ф. мамандығы бойынша 1976 жылға дейін балалар кітапхана сының меңгеруші қызыметін атқарды.Осы уақыт ішінде ол өз ісіне адал
дығымен, балаларды сүйетіндігімен көзге түсті.
1976 жылдан 1981 жылдар аралығында кітапхана меңгеруші жұмысын Якупова С.А. атқарды.
Балалар кітапханасы басқаларға қарағанда ауданымыздағы алдыңғы қатарлы кітапханалардың бірі болды. Кітапхана балалармен жиі-жиі көпшілік шараларды өткізуде мектеппен тығыз байланыс жасады. Барлық кітапхана ұжымы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмыстарына қатынасып отырды. Олар жиі совхоздарға барып,ескіріп тозығы жеткен яғни қолдануға жарамсыз кітаптарды кітап қорынан тазартып үлкен
жұмыстар атқарды.

1981 жылдан 1983 жылға дейін балалар кітапханасының меңгерушісі болып Маштакова Б.У. жұмыс істеді. Ол ауданымыздың деңгейін көтеру мақсатында балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптардан апталық өткізіп, оған біздің орал жазушылары Корсунов Н, Ғаббасов Э. шақырылды.

Жұмысты әрқашанда «Пионерлер үйі», «Мир» кинотеатрмен ынтымақтатығыз байланыста жүргізді.Алғаш рет балалар кітапханасының базасы облыстық семинар өткізді.
1984-1987 жылдары Бермуханова Г. Б Куибышев мәдени институтын сырттай оқып жүріп балалар кітапханасының меңгерушілік қызметін атқарды.

1987 жылдан бастап аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып Нупова М.Г. қызмет атқарады. Ол Шымкет педагогикалық мәдени- институтын бітірген. Мектеп бағдарламасын игеруде көбірек көңіл бөліп көмек көрсетіп отырды.

1988 жылдар мен 1991 жылдары Камен орта мектебі (қазіргі Жақсығұлов)
8 сынып оқушыларымен «Атақты капитан» клубының ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. Бұл клубтың жұмысы географияны оқып білу, үйренуде көмек көрсетіп жарыққа шығарды.
Клуб «Интересные и загадочные явления в жизни» атты географиялық кеш, географиялық викториналар, ойындар, жас географтар күнін өткізуде біршама табыстарға жетті.
1988 жылы «Рыцари одиночных плаваный» атты есте қаларлық пресс-
конференция болды.Осы жылдары кітапханашы Қалауова А.И. жетекшілік
еткен Камен орта мектебінің 1-2 сынып оқуцшыларының қатысуымен
«Почемучка», «Друзья книги» клубтары белсенді жұмыстар атқарды.
Жақсығұлов орта мектебінің орта жастағы балаларының қатысуымен
«Литературное кружок» жұмысын 1991 жылдан Нупова М. ұйымдастырып басшылық етіп және осы уақытқа шейін жұмысын жалғастырып келеді.
2002 жылы 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Парламент литературных героев» атты шоу-ойыны өте есте қаларлықтай өткізілді.
Бұл шараға белсене қатысқан Шкирман А, Потякина В, мұғалім-
Ефремова В.В.

1993 жылдан бері Қаныш Сатпаев атындағы орта мектебінің төменгі сынып оқушыларымен «Балауса» үйірмесі жұмыс істеп келеді.
Үйірмеге алғаш рет кітапханашы Дюсенғалиева Д. жетекшілік етті.
Ол 1987-2006 жылдарға дейін балалар кітапханасының абонемент бөлімінде кітапханашы қызметін атқарды. Қазір ол зейнет демалысында.

Ұлы жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжешев
Әли ағаймен кездесу өткізді.

1994 жылы аудандық балалар кітапханасы үлкен отбасылық мейрам өткізді. Бұл шара «Домашний музей», «Очевидное невероятное» сияқты
әр түрлі сайыстар өткізіп педогогикалық жағдайларды ойнап көрсетті.

Біздің кітапхана облыстық сайысқа қатысып сыйлықтай орынға ие болды.
1999 жылы экологияға байланысты «Жер шарын қорғаймыз» атты безендірілген кітап көрмесінен 2-ші орынға ие болды.

1999-2000 жылдары өмірде денсаулықты насихаттау жөнінде «Барс балалары мықты болу керек» атты облыстық сайысқа қатысты.
2000 жылы «Материнское чтение» атты облыстық сайыста 3-ші орынға ие болды. Кітапханада отбасылық клуб жұмысы өз белгісін қалдырды.

Осы жылдары ауданымызда жергілікті телевидение белсенді жұмыстар
атқарып сол арқылы өткен көпшілік жұмыстар көрсетіліп отырылды.
2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толуы атап
өтілді.
Аудандық балалар кітапханасы аудандық орталық кітапханамен бірлесе
отырып «Жұлдызды апталық» өткізді.

1)Селолық акимат қызметкерлері, еңбек ардагерлері және 9-10 сынып
оқушыларының қатысуымен 90-жылдардағы-хроникалық кеш.
2) 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Десять лет мира и согласия»
атты әдеби поэтикалық композиция.

3) 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Мы – ровесники
независимости» атты хабарлама әңгіме.
4) Утепкалиева К.-кәсіпкермен кездесу.
(4 сынып оқушыларының қатысуымен)

2003 жылы балалар кітапханасы оқу залының кітапханашысы болып Абдулова Ж.С жұмыс істеп келеді. Ол біздің оқырмандардың ата-аналарымен бірге көпшілік жұмыстар жүргізеді.

2003 жылы –ауыл жылында біздің кітапхана Гайдар атындағы облыстық кітапханамен «Кітапхана туралы рухани деректеме және тарихи ескерткіш» атты облыстық семинар өткізілді. Осы семинарға Озинкиден кітапханашылар шақырылды.
2005 жылы Абайдың 150 жылдығына арналған облыстағы творчестволық
сайысқа қатынасты.
Сайыста Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы-
Киясов . 3-ші орынды иеленді.
2005 жылдың қаңтар айында балалар кітапханасы«Телеком» ғимаратының
3-ші қабатына көшірілді. Ғимарат іші кең әрі жарық.

2006 жылдың қаңтар айында компьютер беріліп 2007 жылдың мамыр айында интернетке қосылды.
Біздің аудандық балалар кітапханасы орталықтағы 4 мектепті яғни
Сәтпаев атындағы орта мектеп, Алтынсарин атындағы орта мектеп,
Жақсығұлов атындағы орта мектеп және «Сәулет» гимназиясын, «Ақбөпе» бала бақшасын қамтамасыз етеді.
Жазғы каникул кезінде «Шұғыла» лагерьімен жұмыстар жүргізеді.

Кітапхананың кітап қоры 17000 дана кітаптан тұрады.
Балалар кітапханасы жылына 1500-дей оқырмандарды (ата-аналар,мұғалім
дер, тәрбиешілер) қамтиды.
Сондай-ақ кітапхана мектеп бағдарламасына қажетті материалдарды бала
лар мен балалар оқырмандарының жетекшілеріне көмек беріп, уақтылы
ұсыныстарын орындап отырады.
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы Россиядағы Абай жылында Озинкиге сапармен барып қайтты.

2006 жылы 1- маусым Балаларды-қорғау күніне арналған көпшілік
шара өтті.

2006 жылдың қаңтар айынан бастап абонемент бөлімінде кітапханашы Иманғазиева Б. жұмыс жасайды.

Ол төменгі және орта жастағы мектеп оқушыларының қатысумен қазақ тілінде қызықты көпшілік шаралар өткізіп және «Балауса» үйірмесінің жұмысын жалғастырып келеді.
Кітапхана 2006 жылы Ш. Бөкеевтің 160 жылдығына орай «Шәңгерейдің шұғылалы жырлары» атты сайысқа қатысып поэтикалық репортаж жасауда мақтау қағазымен марапатталды.
Балалар кітапханасы оқырмандарды қамтамасыз ету нысандары мен әдістерін үнемі қалтқысыз орындайды.
Біздің кітапхана балалар мен жасөспірімдерді қамтуда ауылдық кітапханалар үшін ақпараттық әдіскер орталығы.

2011жылдан бастап аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып Мусина Е.В. қызмет атқарады.
Мусина Елена Валентиновна 1969 жылы Орал облысы, Камен ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1987-1989 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесінде, 1999-2001 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да кітапханатану және библиография мамандығы бойынша білім алған. Аудандық кітапханада абонемент, оқу залдарының кітапханашысы қызметтерін атқарған. 2011 жылдан бастап аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі.

Кітапханада «Әдебиет»және «Балауса» үйірмелері жұмыс жасайды. Кітапханаға оқырмандардың келушілер саны-15600. Кітап берілімі 27000, соның ішінде қазақшасы 12990.
2012 жылға мерзімді басылымдар барлығы 69, соның ішінде қазақша басылым саны 26. Газет 28, қазақшасы 11. Журнал 41, қазақшасы 24. Аудандық балалар кітапханасындағы компьютерлер «Қазақ-Софт» құрастырған «Кабис» бағдарламасына қосылған. «Кабис» бағдарламасы бойынша бүгінгі таңға 300 карточка тіркелген.

Тасқала аудандық балалар кітапханасы қазіргі заман талабына сай қайта түлеп, ұлттық негізге сүйеніп,жастарды ұлтжандылық пен имандылыққа тәрбиелеуде көптеген бағдарламалар аясында жұмыстануда.

2002 жылы алғаш рет аудандық балалар кітапханасында балалармен жұмыс атқару әдіскері –ашылды.Бұл қызметті –Кабиева Жібек Рашқызы атқарды.

Мурзекеева Гүлнар Құттығалиқызы 1970 жылы БҚО, Камен ауданы, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1987-1989 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесінде,2005-2008 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да кітапханатану және библиография мамандығы бойынша білім алған. 1989 жылдан бастап ауыл кітапханасында, ОИЕФ бөлімдерінде кітапханашылық қызметтер атқарған. 2010 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер жұмысының әдіскері.

Абдулова Ақжібек Сәлімғалиқызы 1970 жылы Орал облысы, Камен ауданында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 2000-2004 жылдарда Орал педогогикалық колледжінің «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. 2002 жылдан бастап жиынтық бөлімінде жұмыс атқарған. 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық балалар кітапханасының оқу залында кітапханашы.

Оқу залы ақпараттық және білім орталығы ретінде қызмет етуде. Оқырман сұранысын қанағаттандыру барысында түрлі әдістер пайдаланады. Оқу залы барлық топтағы оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Балалар, жасөспірімдер және балалар оқуының жетекшілеріне арналған 69 атаулы мерзімді басылымдар бар. Оқу залында мерейтойлы күндерге байланысты мәдени шаралар өткізіліп тұрады.

Иманғазиева Биғайша Қалекешқызы 1969 жылы Орал облысы, Тайпақ ауданы, Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 1993-1995 жылдары Атырау мәдени-ағарту училищесінде кітапхана ісі мамандығы бойынша білім алған. 2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық балалар кітапханасында абонемент бөлімінің кітапханашысы болып қызмет атқарады.

Абонемент бөлімі барлық топтардағы балаларға, ата-аналарға, мұғалім, тәрбиешілерге қызмет көрсетеді. Білімнің барлық саласынан әдебиеттер жинақталған. Классикалық және шетел әдебиеттерімен де кітап қоры бай. Абонемент бөлімінде тақырыптық мерекелерге байланысты кітап көрмелер, жаңа кітаптарға ұсыныстық тізімдер, түрлі жарнамалар арқылы көпшілік шаралар өткізіледі.

«БАЛАУСА» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ

Ұраны: Жақсы әдеттерге үйір бол: адал болу, білімді болу, көп оқу, оқыған білімді адамға еліктеу, еңбексүйгіш болу, істеген іске мақтанбау, кішіпейіл болу.
Осы бағытта көптеген тақырыптық шаралар қолға алынуда. Мыс: «Ана – өмірдің шуағы» 8 наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

КІТАПХАНАДА ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР

Ашық есік күндері

Ескен Елубайдың 70 жылдығы

«Бір ел-бір кітап» акциясы

2-6 сәуір аралығындағы кітап апталығы

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Қазақ балалар-әдебиеті-ұлт ертеңі» атты бейне интернет On-line конференциясы өткізілді. Оған Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірім кітапханасының қызметкерлері, Тасқала аудандық ОКЖ кітапханашылары және аудандық балалар кітапханасының белсенді оқырмандары қатысты.

2012 жылы 1-маусым «Балаларды қорғау күніне»орай Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде аудандық балалар кітапханасында электрондық ресурстар залының салтанатты ашылуы қолға алынған болатын.

8 маусымында Тасқала аудандық балалар кітапханасында Жәнібек ауданымен кітапхана оқырмандары тікелей Оn-Iine конференциясын ұйымдастырды. Конференцияда «Бір ел-бір кітап» акциясы шеңберіндегі О.Бөкейдің «Айпара-ана» әңгімесі екі аудан аралығында талқыланды. Көрермен ретінде С.Ш.Жақсығұлов атындағы 8 сынып оқушылары қатысты. Ал, Оn-Iine конференциясы балалар кітапханасының белсенді оқырмандары мен балалар әдіскерінің жүргізілуімен өтті.

17 мамыр аудандық балалар кітапханасында «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акциясы шеңберінде «Ең үздік иллюстратор» тақырыбында байқаудың қорытындысы өткізілді.

2012 жылы Жақсығұлов орта мектебінде 9 сынып оқушыларының ата-аналарымен ата-аналар жиналысы болды. Жиналыста мамандық таңдау жөнінде балалар кітапханасы бірлесе отырып ат салысты.

21 қаңтар 2013ж
Аудандық балалар кітапханасында Қауіпсіз Интернет апталығы шеңберінде Балалар, компьютер және ғаламтор: кітап оқу мен ақпараттық сауаттылық мәселелері» атты Оп -Ііпе конференциясы өткізілді.

1 ақпанда балалар кітапханасы аудандық кітапханамен бірлесе отырып Сталинград шайқасына 70 жыл толуына байланысты «Ұлы ерлікке тағызым» атты еске алу кешін өткізді.

Астананың 15 жылдық мерейтой қарсаңында аудандық балалар кітапханасы «Шұғыла» жазғы демалыс лагерьінде «Астана-асқақ абыройымыздың айғағы» атты тарихи сағат өткізді.

Бүгінгі кітапхана– ақысыз пікір алмасу мен кездесу орталығы. Рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы– кітапхана. Кітап оқу- өнер. Уақыт талабына сай кітапсыз, жаңалықсыз ешкімнің де алға баса алмасын көзімізбен көріп отырмыз.
ХХІ ғасыр руханият мәдениет ақпарат ғасыры екені қазір әлемдегі адамзатқа белгілі. Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор. Республика және туған өлке, халқымыздың әдебиеті, мәдениеті тарихы салт-дєстүріне байланысты баспасөз беттерінде жарық көрген шығармалар туралы мағлұматтарды дер кезінде оқырманға жеткізу кітапхананың, ақпараттық қызметінің басты міндеттерінің бірі.

Имангалиева Сагида Хабидуллақызы, 1964жылы туылған. Білімі – жоғары, Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін кітапхана ісі мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Тасқала ОКЖ ОЙЕФ бөліміне кітапханашы ретінде қызметке қабылданды. 2011 жылы жиынтық бөлімге кітапханашы болып ауысты. 2017 жылдан бастап аудандық балалар кітапханасында жұмыс атқаруда.

Жамолова Гүлжан Сырымқызы, 1997 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2013 – 2016 жж БҚИТУ «Кітапхана ісі мамандығын» тәмамадады. 2016 жылы Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 6 ай жастар практикасы бойынша жұмыс істеп, Мереке ауылдық балалар кітапханасында кітапханашы қызметін атқарды. 2017 – 2020 жж аралығында Ақтау ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2020 жылдан Тасқала аудандық балалар кітапханасының абономент бөлімінің кітапханашысы қызметін атқаруда.

Тұяқбаева Жанна Қайроллақызы 1989 жылы туған. Білімі – жоғары. ІІ санатты. 2006-2008 жж Орал гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі», 2008 – 2011 жж М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығын бітірген. 2009 – 2012 жж. М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасында қызмет атқарды. 2012-2017 жж Тасқала ауылдық балалар кітапханасында, 2017- 2021 жж Тасқала орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жиынтық бөлімінде кітапханашы, 2021 жылдан бастап Тасқала аудандық балалар кітапханасында жұмыс атқаруда.

«Әрбір адамның ең жақын досы – өмірлік досы – кітап болуы тиіс» деп қазақ әдебиетінің классик жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов айтып өткендей кітап оқу – рухани жан дүниеге демеу беріп адамның адами қасиетін арттыра түседі. Ал шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені кітапхана.
Жас бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, кітап оқытып, рухани дамуына үлесін қосып жүрген Тасқала аудандық балалар кітапханасының іргетасы 1964 жылы қаланды. Бүгінгі таңда кітапхананың 1400 оқырманы 26605 кітап берілімі, 20 мыңға жуық кітап қоры бар.
Тасқала аудандық балалар кітапханасы кітап оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жас буынды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу жолында нәтижелі жұмыстар атқаруда.
2017 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланды. Бұл жолдауды іске асыру мақсатында елімізде көптеген көлемді жұмыстар атқарылды. Әсіресе ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетіміз, тіліміз бен дініміз қайта жаңғырды. Кітапхана қорлары рухани жаңғыру бағытында жарыққа шыққан жаңа кітаптармен толықты. Аталмыш басылымдарды насихаттау, салт-дәстүр мен туған жер құндылықтарын дәріптеу бағытында, оқырмандарды патриоттыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында кітапханамызда түрлі заманауи іс-шаралар өткізіліп, тұрақты кітап көрмелері жасақталды.
Атап айтсақ көршілес Ресеймен арадағы мәдени-рухани байланысты нығайту,кітапхана жұмысын жандандыру, оқырмандармен қарым-қатынастың жаңа түрлерін қалыптастыру бағытында 1-мамыр Халықтар достығы мерекесі мен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кітапханада онлайн телекөпір ұйымдастырылды.

Кітапхана балалар оқу орталықтарымен оның ішінде мектеп, интернат және балабақша тәрбиеленушілері арасында кітап оқуды насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар кітапханамызда көп жылдан бері жазғы каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Жаз.Кітап. Балалар» бағдарламасы аясында жазғы оқу шарлары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

2021 жылы «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында» кітап оқыту арқылы кітапхана оқырмандарының ой – өрісін, тіл мәдениетін арттыру, жан – жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу бағытында әр түрлі мәдени шараларымыз өз жалғасын тапты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз жас буынның білімі мен тәрбиесіне баса мән беріледі деген сөз.
Тасқала аудандық кітапханасының оқу залында балаларға арналған кітап көрмелерін безендіріп, жас оқырмандарға балалар әдебиеттерін насихаттаудың түрлі жолдарын ұсынуда.
Балалар жылына орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағлымды шығармаларымен таныстыру және балалар әдебиеттерін насихаттау мақсатында тұрақты және виртуалды кітап көрмелері жасақталды.
Тасқала аудандық кітапханасында өңірлік кітапханалардың кітап қорын толықтыру мақсатында балалардың рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға ерекше көңіл бөлініп, балаларға базарлық ретінде «Демеушілерден кітап» атты челленджін ұйымдастырды. Бұл шараға барлық аудан кәсіпкерлері белсене қатысып, балаларға кітап сыйлауға ізгі ниеттерін білдірді. Демеушілер тарапынан 150 мыңға жуық қаржы бөлініп, кітапхана оқырмандарына қажетті әрі қызықты заманауи кітаптар сатып алынды. Бұл челлендждің басты ерекшелігі балалар кітап қорын бюджеттен тыс қаражат қоры арқылы толықтыру болып табылады.

«Халықаралық кітап сыйлау» күніне орай балалар кітапханасында «Балаға кітап сыйла» акциясы өткізілді. Балалар кітап қорын толықтыру мақсатында ұйымдастырылған бұл акцияға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, кітапхана оқырмандары белсене атсалысты.

Аудандық балалар кітапханасы кітап қорын насихаттау, балалардың кітап оқуына ықпал ету мақсатында әр түрлі кітапханалық жобалармен және үйірмелермен жұмыстанып келеді. Оқырмандардың танымдылық қабілеттерін арттыру бағытында жұмыстанатын «Балауса», «Почемучка» үйірмелері бар. Өлкетану бағытында «Атамекен», ертегілерді насихаттау, кітап оқуды ілгерілету бойынша «Әжемнің ертегілері», «Кітапхана. Оқу. Балалар», Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ерлікпен жеткен жеңіс» жобалары бойынша көлемді әрі нәтижелі іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Атамекен» жобасы аясында өлке ақындарын насихаттау барысында Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Қазақтың Қадыры» онкүндігіне белсене қатысқаны үшін Ұлттық кітапхананың алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқырмандар кітапханада ұйымдастырылатын Республикалық, облыстық, аудандық байқаулар мен акцияларға белсене қатысып, жүлделі орындардарға ие болып келеді.
Тасқала аудандық балалар кітапханасының кітапханашы мамандары өз оқырмандарын киелі шаңырақ, рухани қазына ордасы кітапханада асыға күтеді.

            Тасқала ауылдық балалар кітапханасының

                               ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы

 

Тасқала ауылдық балалар кітапханасы
Ведмостволық құрлымы

 

Мәдениет министрлігі
Кітапхананың құрылған

жылы

 

2010 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы

 

Облыс орталығынан арақашықтығы

 

68км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген)

 

бейімделген
Аумағы 23,2 кв/м
Орын саны (оқу залындағы орын)-8орын
Заңды статусы

 

Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі

 

мемлекеттік
Тұрғын саны

 

7916
Оқырман саны

 

150
Кітап қоры Барлығы – 5181

Қазақша – 3013

Орысша – 2168

Қызмет түрі

 

Кітапханалық-библиографиялық қызмет

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны

 

Батыс Қазақстан облысы,

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Мәметова көшесі,  52 үй

8-702-766-18-76

Кітапхана

Меңгерушісінің аты жөні

 

Джулкатова Анар Нұрланқызы

 

Тасқала ауылдық балалар кітапханасы

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Тасқала ауыл балалар кітапханасының филиалы ашылды. Кітапханадағы алғашқы кітап қоры 1200 дананы құраса, 200 оқырманға кітапханалық қызмет көрсетті. Алғашқы кітапханашысы Киреева Светлана Дүйсекқызы 1965 жылы БҚО, Камен аудан Черная Падина ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Светлана Керееваның аудандық кітапханаға ауысуына байланысты, осы жылы кітапхана ісін Жакенова Сауле Аманжолқызы жалғастырған болатын. Жакенова Сауле Аманжолқызы 1969 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Жоғарғы білімді. 2011 жылдың 6 желтоқсанынан бастап Тасқала ауыл балалар кітапханасы филиалының кітапханашысы болып жұмыс істеді. С. Аманжолқызы жұмыс істеген уақытында «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты ашық есік күні, «Сенің ұлы көмекшілерің» атты іс- шараларды ұйымдастырды.
2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кітапхана ісін Байдушева Жанна Қайроллақызы жалғастырып келді. Ол 1989 жылы Орал облысы, Камен ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006-2008 жылдары Орал гуманитарлық колледжі, 2009-2011 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да кітапханатану және библиография мамандығы бойынша білім алған. 2009 жылдан бастап Горький атындағы Орал қалалық кітапханасында кітапханашылық қызмет атқарған. Кітапханалық жаңа іс-шаралардың басынан көрініп жүрген жас маман. Тасқала ауылдық балалар кітапханасы өздерінің іс-тәжірибелеріне аудандар бойынша бірінші болып жұмыстың жаңа бағыттағы түрлерін негізге ала жұмыстанды. Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірім кітапханасының оқырмандары мен Тасқала аудандық балалар кітапханасының оқырмандары Интернет желісімен бір мезгілде бір-бірімен қашықтан байланысу түрінде қауіпсіз Интернет апталығы шеңберінде өткізілген «Балалар, компьютер және ғаламтор: кітап оқу мен ақпараттық сауаттылық мәселелері» атты Оn-line конференциясын өткізді. Осы кітапханада «Балаларға соғыс туралы кітап оқимыз» акциясы, мектепке дейінгі балалармен жұмыстар жақсы жолға қойылған. Кітапханада «Балбөбек» үйірмесі жұмыс жасайды. 2013 жылы Шежін ауылдық кітапханасында өткізілген «Шәки оқулары» байқауына осы кітапхананың оқырманы Н.Киреева бас жүлдеге ие болды. Қазіргі уақытта жиынтық бөлімінде кітапханашы. Қазіргі таңда кітап қоры -3937 дана, оқырман саны – 200.2017- 2022 жылдары аралығында Кенжешова Гүлсім Алиевна қызмет атқарған.
2022 жылдан бастап осы күнге дейін кітапхана ісін Джулкатова Анар Нұрланқызы жалғастырып келеді. Ол 1993 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жаңақала ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009-2012 жылдары Құрманғазы атындағы саз колледжі, 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алған. 2012 жылдан бастап Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітапханашылық қызмет атқарды. 2019 жылы Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне ауысып, қазіргі таңда Тасқала ауылдық балалар кітапханасында қызмет атқарып келеді.

І-Шежін ауылдық  кітапханасының

ТӨЛҚҰЖАТ 

Мекеме  атауы  І-Шежін ауылдық   кітапханасы
Ведмостволық  құрлымы  Мәдениет министрлігі
Құрылған жылы    1980 ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 36км
Облыс орталығынан арақашықтығы 104км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы  20,6 шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) – орын.
 Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі  мемлекеттік
Тұрғын саны 176
Оқырман саны 91
Кітап қоры Барлығы-4442 . қазақ тілінде-3069
Қызмет түрі  Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны Тасқала ауданы, Амангелді ауылы,І-Шежін ауылы           тел: –
Кітапхана кітапханашысының аты-жөні Муханбеталиева Арайлым Сериккалиевна

Ескерту:1-абонемент бөлімі                                                                                                                        

 

І-Шежін ауылдық кітапханасы.

      І-Шежін ауылдық кітапханасы 1980 жылы ашылған. клубпен бірге орналасқан.  Кітапхананың алғашқы кітап қоры-1300. Алғашқы кітапханашы Гимединова Замира Сибағатқызы.  1959жылы туған, орта білімді. 1980 жылдан 1983 жылдың тамыз айына дейін жұмыс жасаған.

 

1980-1988 жылдар аралығында І Шежін ауыл кітапханасы  тұрғылықты халыққа және оқырмандарына аудан, облыс көлемінде болып жатырған жаңалықтарды насихаттауда жылжымалы  жұмыстар жүргізді. Сол жылдарда жылдың төрт мезгілінде шопандар қыстағын аралап, алдыңғы шопандар туралы ауыл конторасына жар газеттерін шығарып, оларды қажетті газет-журналдар, кітаппен қамтамасыз етіп отырды. Жазғы шөп  шабу, егін жинау, қой қырқу науқандарында түрлі шаралар  ұйымдастырып, бос уақыттарын тиімді өткізуде ақпараттық –насихат жұмыстарын жүргізді. «Қайнар» жас шопандар бригадасының жастарымен демалыс кештерін өткізуде, түрлі кештер, диспуттар ұйымдастырылып отырды.

1983 жылдан 1988жылға дейін Айткалиева Шарипа Қайратқызы кітапханашы болып жұмыс жасаған. 1961жылы туған, орта білімді.

 

 

 

1988жылдан 2009 жылға дейін Амангалиева Узипа   Құмарқызы кітапханашы жұмысын атқарған. 1951жылғы туған, арнаулы орта білімді.

 

 

2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Аубакова Рысханым Шарапеденқызы кітапханашы қызметін атқарып келеді. Кітапхана ақпараттық сақтаушы, адамдардың біліктілігін, білімділігін арттырушы мекеме болып табылады. Бүгінгі таңда кітапханашылар ақпараттандырылған қоғам тәрбиелеуде үлкен рөл атқаруда. Бүгінгі таңда кітапхананың кітап қорында-3847 дана кітап бар, оның 2419 қазақ тіліндегі әдебиеттер. Оқырмандар саны -135. Кітапхана жұмысында ақпараттық қорды, мерзімді басылымдардан алынатын мәліметтерді оқырмандарға ұсынып келеміз. Мерзімді басылымдар саны-16. оның 6 балаларға арналған басылымдар. Әр жыл сайын кітапхана қоры әдеби кітаптармен, энциклопедиялармен толықтырылуда. Әсіресе балаларға арналған кітаптар бай  безендірілуімен, сәнімен, үлкен форматымен оқуға жеңіл әріптерімен   толықтырылып балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда.  Кітапхана ақпарат сақтаушы, адамдардың біліктілігін, білімділігін арттырушы  мекеме болып табылады.  Ауыл кітапханасы  оқушыларға, ұстаздарға, студенттерге мекеме қызметкерлеріне, шаруа қожалықтарының қызметшілеріне  қажетті мәліметтер ұсынып отырады. Кітапханада күні бүгінге дейін «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша кітап көрмелері жасақталып, шолулар өткізіліп келеді. Еліміз егемендік алған жылдардан кейінгі ұлттық болмысымызды тану жолында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған айтулы істің бірі – «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптарды оқырманға насихаттау жұмыстары алдағы күндерде өз жалғасын таба береді.

Өлкетану тақырыбы, өлке тарихы, өлкенің экономикалық – әлеуметтік дамуы жайындағы құжаттар сұраныс арқылы пайдалануда. «Ауыл тарихы» атты папка жинақталып, толықтырылып келеді. Сонымен қатар, ұстаз, зейнеткерлер, мамандарға арналып «Мамандар күні», «Ақпарат күндерін» жиі ұйымдастырып тұрамыз. Кітапхана  үй – үйге барып та қызмет көрсетіп келеді. Өздігімен жүріп- тұра алмайтын оқырмандарды мәліметтермен толықтырып, ақпараттандырып келеді.

 

Кітапханада «Алтын мұра» атты үйірме жұмысы жүргізіліп келеді. Кітапхана мектеп ұжымымен және ауыл оқырмандарымен тығыз байланыста. Кітапхана жұмысына тоқтала өтсек Абайдың 165 жылдығына байланысты «Абай әлемі-асыл мұрамыз» атты тақырыптық кеш, Қадыр Мырза Әлінің-75 жасқа толуына орай ұйымдастырлған «Күміс қоңырау» атты поэзия кеші, «Халық бар жерде, дәстүр жалғастығы бар» кештері оқырман көңілінен шыға білді. Бастауыш сынып оқушыларымен бірге «Табиғат аясында», «Қазақтың ұлттық ою өрнектері»,  ертеңгіліктер дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Кітапхана жұмысын дамытуда біліктілікті арттыру басты назарда. Аудандық әдістемелік бөлімдері ұйымдастыратын семинарларға қатынасып, кітапханашылар білімдерін жетілдіруде. Аудандық және ауылдық орталық кітапханаларда өткен ІІ Шежін ауылында өткен «Кітапхана және отбасылық оқу», Аудандық балалар кітапханасында «Балалар оқуының қазіргі деңгейі  және болашағы» атты семинар кеңесте «Балалар оқуын жетілдірудің негізгі бағыттары» атты слайд бағдарламасын дайындап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Аудандық кітапханада «Ауыл кітапханаларына қызмет көрсету сапасын арттыру» семинар тренингіне қатынасты. Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған аудандық «ІІ Қадыр оқулары» атты байқауға кітапхана оқырмандары қатынасып, ІІІ орынға ие болды. Бүгігі күні І Шежін ауылдық кітапханасының мақтан тұтар оқырмандарымен кездесулер, әңгімелер өткізіліп келеді. Кітапхананың 2005-2013 жыл аралағында жеткен жетістіктері: Аудандық «Обьективте Мен және Кітап» атты фотобайқаудың «Сенің ең жақын досың-кітап» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Аудандық «Ең үздік ауыл кітапханасы» байқауында кітапхана тарихымен өткізілген шаралар туралы альбом жинақтап, жүлделі І-орнынға ие болды. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған ауданда өткен «Кәсіби эстафетада» алғыс хатпен марапатталды.

2019 жылдан бастап қазіргі кезге  дейін Муханбеталиева Арайлым Сериккалиевна  Бірінші Шежін  ауылдық  кітапханасының кітапханашысы қызметін атқарып келеді. Кітапхана-ақпарат орталығы.Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі- кітапхана болып табылады.Бүгінгі таңда кітапхананың кітап қорында – 4442 дана кітап бар, оның 3069 қазақ тіліндегі әдебиеттер. Оқырмандар саны – 97. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында түрлі әдеби  шаралар, кітап көрмесі, әртүрлі тақырыпқа байланысты бұрыштар ұйымдастырылды. Халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдеп – ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға  кітап арқылы насихаттап келемін.Кітапханада төмендегідей тұрақты кітап көрмелері құрылды: «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры» , «Жолдау-ел ертеңінің бағдары», «Мәдени мұра-халық игілігі», «Бір ел –бір кітап акциясы».

Кітапханамызда Ахмет Байтұрсыновтың туындыларын оқу және насихаттау,қоғамның отандық әдебиетке ,оның ішінде классикаға ,қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызатын  «Бір ел –бір кітап » акциясы аясында кітапханада шаралар өткізіліп келеді. Кітапханада «Ертегілер елінде » атты үйірме жұмысы жүргізіліп келеді. Кітапхана мектеп ұжымымен және ауыл оқырмандарымен тығыз байланыста. Кітапхана жұмысына тоқтала өтсек Бірінші Шежін ауылдық кітапханасында Халықаралық балалар кітіабы күніне орай «Кітап әлемі- ақылдың кені » атты кітап көрмесі, қазақ халқының ұлы ақыны,қара сөздің хас  шебері,философ,қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевқа арналған «Абайды оқы,таңырқа!» атты кітап көрмесі, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Жеңістің рухы биік,даңқы мәңгі»  атты тәрбие сағаты өткізіліп келеді. Сонымен қатар, мектеп  ұстаздарына, ауыл зейнеткерлеріне, мамандарға арналып «Мамандар күні», «Ақпарат күндерін» жиі ұйымдастырып тұрамыз.Аудандық әдістемелік бөлімдері ұйымдастыратын семинарларға қатынасып, кітапханашылар білімдерін жетілдіруде. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Алаш өнер орталығы» ұйымдастыруымен ХI Халықаралық «ALASHSTAR» өнер байқауында «көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлде, «Кел,балалар,оқылық» республикалық байқауында «көркем шығарма» бойынша І орын, «Ұлттық онлайн олимпиадалар орталығы» ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының құрметіне өткен «Абай мұрагері» атты Халықаралық өнер байқауына белсенді қатысқаны үшін ,Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , Қазақстанның «Халық жазушысы», балалар ақыны Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі облыстық «Қадыр оқулары» онкүндігіне, «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» облыстық акциясына,Қ.Р Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай ұйымдастырылған «Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан» атты аудандық онлайн сурет байқауына кітапхана оқырмандары қатынасып жүлделі орындарға ие болып келеді.

      ІІ-Шежін ауылдық кітапханасының

ТӨЛҚҰЖАТ 

Мекеме  атауы   ІІ-Шежін ауылдық   кітапханасы
Ведмостволық  құрлымы  Мәдениет министрлігі
Құрылған жылы    1933ж
Аудан орталығынан арақашықтығы 55км
Облыс орталығынан арақашықтығы 123км
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы 60  шаршы метр
Орын саны (оқу залындағы орын) 20 орын.
 Заңды статусы Мемлекеттік мекеме
Нысан түрі  мемлекеттік
Тұрғын саны 1094
Оқырман саны 575
Кітап қоры 15644; қазақ тілінде-10906
Қызмет түрі  Кітапханалық -библиографиялық қызмет
Мекен- жайы және байланыс телефоны БҚО, Тасқала ауданы, ІІ-Шежін ауылы, тел: 87113923570
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні Жумашева Миргүл Максимқызы

 

Ескерту:1-абонемент бөлімі, 1 оқу залы                                                                                                                                            Шежін ауылдық балалар кітапханасы бар

 

 

ІІ-Шежін ауылдық модельді  кітапханасы.

Шежін ауылдық кітапханасы 1933 жылы ашылған. 1985 жылдары кітапхана 7-8 мың кітап қорын құраған. Кітапханада Нигметова Бақыт, Дакишева Ханшайым, Жусупова Күләш жемісті еңбек етті. 1990 жылдары кітапханаға ақын Зейнеп Ахметова келіп, оқырмандармен кездесу өткізіп, өз қолтаңбасын қалдырған. Сол жылдары жылжымалы кітапхана жұмысы жолға қойылып, үгіт бригадаларымен бірге шопандарға, егін орағы науқанындағы жұмысшыларға, шөп шабу кезіндегі еңбеккерлерге кітап, газет-журналдар жеткізіліп, «Найзағай», «Шұғыла» атты қабырға газеттері шығарылды. 1997 жылдан бері Шежін ауылдық кітапханасында Жұмашева Мейіргүл Максимқызы кітапхана меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Кітапхана мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан. Газбен, жарықпен қамтылған. Қазіргі күнде кітапханада 15644 қоры бар, оның ішінде қазақ тілінде -10906. Кітапханада 575 оқырман тіркелген. Кітапхананың қарауында Шежін ауылдық балалар кітапханасы бар. Мерзімдік басылымдар – барлығы – 24/22, газет – 13/11, журнал – 11/11.Кітапханада компьютермен жұмыс жүргізіледі.Интернет жүйесі орнатылған.  Өлкетану картотекасы мерзімдік басылымдар арқылы толтырып отырады. Кітапханада өлкетану картотекасы, мерзімдік басылымдар картотекасы, тақырыптық картотекалар (ақын-жазушылардың мерейтойларына арналған), «Бір ел – бір кітап» акциясына арналған картотекалар жасақталып келеді. Кітапханада аудандық деңгейде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романын насихаттау барысында семинар, «Отбасымен оқимыз» атты семинар, «Шәки оқулары» байқауы дәстүрлі  түрде өткізілді.  «Бір ел – бір кітап» акциясын насихаттау барысында оқырмандармен «Мен – қазақпын!» деп өткен қазақ атты Ж. Молдағалиевтың шығармашылығына арналған ауызша журнал өткізілді. «Ел жадынан өшпейді – Жұбан ақын» атты облыстық әдістемелік құралдар байқауына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Аудандық «Үздік Жұбантанушы» байқауында жүлделі ІІ орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталды. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты «Ауылым – құтты мекенім» атты әдістемелік құралды даярлап «Үздік сценарийлер» байқауына қатысып, тақырыпты мазмұнды ашқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. «Бір ел – бір кітап» акциясына белсене қатысып, Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқырмандарға насихаттаған еңбегі үшін аудандық алғыс хатпен марапатталды.

Облыстық «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» байқауына қатысып «Үздік өлкетанушы – кітапханашы» номинациясы бойынша ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық «Тасқала ауданының оқырман отбасы – 2013» байқауына қатысып, Айткалиевтер отбасы ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды. «Оқырман отбасы -2022» аудандық байқауына қатысып, ІІІ орынға ие болған Шынтасовтар отбасы. Кітапханада Шәки Қайырғалиұлы атындағы «Жас қалам» жас ақындар клубы жұмыс жасап келеді. Клубтың мақсаты: жастарды сөз өнерінің патшасы өлең сөздерді ұғып, мағынасын түсінуге тәрбиелеу; жас ақындар мен жазушылар шығармашылығын, жастарға насихаттау; жастарды сөйлеу өнеріне баулу; жастарды көркемсөз, поэзия жанрына баулу; бос уақыттарын пайдалы және қызықты өткізуге ықпал ету; жастарға ақындық талабына сай суырып салмалық және жазба өлеңдеріне қарай дұрыс бағыт беру; жастар арасында қазақ халқына тән ақындар айтысын жандандыру; жастарды поэзия және проза арқылы тіліміз бен ұлттық тәрбиемізді, дінімізді дамытуға талпындыру. Клуб жетекшісі: Шежін орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі -Жұмабаева Айнагүл Утегалиевна.Үйірме мүшелерімен түрлі сайыстар, экскурсиялар, зерттеулер т.б. шаралар өткізіліп отырады. Жыл сайын балаларға «Соғыс туралы кітап оқимыз» атты акция бойынша оқушыларға соғыс туралы әңгіме оқылады. Кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жүргізіледі. Оларға аудандық кітапханадан аудио, видео таспаларын алып, айына бір рет қызмет көрсетемін. Өз кәсібімді жетілдіру мақсатында аудандық семинарларға үнемі қатысып, білімімді жетілдіріп отырады.

ІІ-Шежін ауылдық кітапханасында «Қызыл жар» шекара қызметкерлері және әскер қатарына шақырушылар мен «Ерлер–жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты патриоттық кеш ұйымдастырылды. Кеште жас жеткіншектерге Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратынын, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін түсіндірілді. Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігін, Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болу керектігін аталып өтті.

Ауыл –халқымыздың құнды салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетінің, рухани өмірінің қайнар көзі. Ауыл адамдарының ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ететін кітапхананы дамыту- еліміздің мәдени қауымы үшін бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Ауыл кітапханасы бүгінгі ұрпақ үшін тегін қызмет көрсететін жалғыз әлеуметтік мекеме. Біздер ауыл кітапханасына қолдау көрсету арқылы, ауыл дәстүрін сақтап қалуға мұрындық  боламыз. Ауылда өсіп келе жатқан бала ертеңгі зиялы қауым. Олар қазақи тәрбие алып, ұлттық салт-дәстүр негізінде бесігінен тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақтың едәуір бөлігін құрайды. Сондықтан, кітапханашының заман талабына сай ұйымдастырылған мәдени-ақпараттық шаралары, ауыл мәдениетінің болашағына өз ықпалын тигізері сөзсіз.

ХХІ ғасыр –білім, ғылымның ғасыры. Еліміздің Еуразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өркендетудің 2030 жылға дейнгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл- ойының ұйтқысы болатыны көрсетілген.

Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуде  кітапхана ауыл ішіндегі орта мектеппен, мектеп кітапханасы, мәдениет қызметкерлерімен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс ұйымдастырады. Шәки Қайырғалиұлы атындағы «Жас қалам» жас ақындар клубының жұмысын нығайту, жұмыстың жаңа түрлерін енгізу бағытында жұмыстың жаңа түрлері қолданылуда.

Кітапханаларға қойылатын жаңа талаптар жаңа шараларды туғызуда. Кітапханалық шаралар үнемі өсіп, өзгеріп, жетіліп отырады. Кітапханада өткізілетін библиографиялық шолулар, әртүрлі кештер, кездесулер, кітап талдаулары, дебаттармен қатар жеке мақсаттық бағдарламалар –оқырмандарды кітапханаға келуге деген қызығушылығын арттырады.

I am text block. Click edit button to change this text. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

I am text block. Click edit button to change this text. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.