Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасының абонемент бөлімі, жыл сайын кітапхана пайдаланушылары үшін, жаңа жұмыс түрлерін енгізіп келеді. Кітапхана қызметін цифрландыруға байланысты, біз танымал телеграмм мессенджерін пайдалануды жөн көрдік.

Абонемент бөлімі сіздер үшін 2022 жылдан бастап телеграмм – канал ашты.Біздің бөлімнің қызметкерлері жаңа кітаптардың түскені туралы хабардар етеді. Кітапханамыздың қорындағы ұмытылған әдебиеттерді еске сала отырып, сондай-ақ бейне хабарламалар мен оқырмандардың пікірлерін ұсынады.

Мұнда оқырмандарымыздың сұраныстарын қанағаттандыру үшін,                             сауалнамалар жүргіземіз. Сонымен қатар жаңа кітаптарды талқылаймыз. Облысымыздағы жас ақын-жазушылардың шығармашылығымен таныстыру алаңын ұсынамыз. Бүгінгі күнде бізде бірнеше қызықты жобалар бар: оның ішінде ҚОШ:қызықты оқуға шақырамыз, отбасылық оқу, ақын жазушылардың  мерейтойларына арналған кітап көрмелері және басқа да іс шаралар.

  1. Мақсаты: Танымал «telegram» мессенджері арқылы жаңадан келіп түскен

қызықты кітаптар туралы ақпарат беру.

 

  1. Тапсырмалар:
  • Танымал телеграмм каналын дамыту;
  • жаңа әдебиеттермен таныстыру;
  • кітапхананың кітап қорын жарнамалау;
  • әртүрлі санаттағы оқырмандарды кітап оқуға тарту;
  • жас жазушылар мен ақындардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектесу;
  • кітапхананың беделін арттыру;
  • буктрейлерді жариялау.
  • телеграмм арнасының жазылушылары арасында сауалнамалар мен байқаулар өткізу.

 

  1. Жоба кезеңдері;

3.1. Алдымен билайн нөмірі сатып алынды. 87052182575

3.2. Заманауи смартфонға «Абонемент және тіркеу» секторы

оқырмандарының телефон нөмірлері енгізілді.

3.3. Смартфонға «telegram» қосымшасы жүктеліп, телеграмм каналы

ашылды.

3.4. Телеграмм арнасының құрылу мақсаты туралы оқырмандарға қазақ

және орыс тілінде жарияланды.

3.5. Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту

мақсатында,телеграмм арнасына түрлі тақырыптағы басылымдар

жарияланып отырады. Бізде бірнеше қызықты жобалар бар: оның

ішінде ҚОШ:қызықты оқуға шақырамыз,отбасылық оқу, ақын

жазушылардың мерейтойларына арналған кітап көрмелері және басқа

да іс шараларыда жарияланып отырады.

3.6. Өлкетану бөлімі жанынан құрылған «Әдеби шаңырақ» жобасы аясында

жас ақындар өздерінің шығармаларын жариялайды.

3.7. Телеграмм арнасы кітапхана қорын жарнамалап, оқырмандардың

кітапханаға деген қызығушылықтарын оятып, кітапхана беделін

арттырып, келушілер санын арттырады.

 

  1. Жоба географиясы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

 

  1. Мақсатты топтар:

Барлық санаттағы оқырмандар

 

  1. Жабдық: смартфон, телеграмм қосымшасы.

    Жоба авторы: Темірғалиева Н.К.,

 

  1. Жобадан күтілетін нәтиже:

 

Оқырмандар санын арттыру.

Кітапхана қорын насихаттау.