Темірғалиева Нағима Кәрімқызы 1971 жылы 2 қазанда Орынбор облысы, Первомай ауданы,Уральский ауылында дүниеге келген. 1987 жылы мектепті бітірген соң, Бузулук педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алып шығады. Кейін Теплов ауылдық 8 жылдық мектебіне жұмысқа орналасқан.
1992-1996 жылдары Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан мәдениет институтының «Мәдени – демалыс шараларын ұйымдастырушы» мамандығы бойынша бітірген соң, 1996-2005 жылдары облыстық телеарнаға жұмысқа орналасады.
2004 жылы «Қазақстан» телеарнасынан кәсіби біліктілікті көтеру курсынан өткен.
2006 жылы «Панорама» туристік фирмасында менеджер болып қызмет жасаған.
2007 жылдың мамыр айында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының “Кітапхана ісін дамыту” бөліміне жұмысқа орналасады. 2007 жылы кітапхананың «Өлкетану әдебиеттері» бөлімінде, 2009 жылы «Кітапхана қорын толықтыру» бөлімінде, 2018 жылы «Ақпараттық-библиогафиялық» бөлімдерінде жұмыс істеп, қазіргі таңда «Абонемент және тіркеу секторында» қызмет атқарады.

Нағима Кәрімқызы – кітапхана саласына сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуде ерекше қабілетімен танылған маман. Украин халқының салт-дәстүрі туралы «Истоки культуры» әдістемелік құралын және Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбесін құрастырып шығарған. «Россия» электронды базасын редакциялауда және жүргізуде жауапты қызмет атқарды және БАҚ ақпараттық шолулар жасап отырды. Кітапханада ұйымдастырылған «Мамандар күнін» және «Ақпарат күнін» өткізуде белсене қатысады. Қазіргі кезеңдегі библиографтың жұмысы үнемі білімді жоғарылатуды және оның жұмысына инновациялық формаларды еңгізуді талап етеді. Оқу семинарында алған білімдерін «Облыстық кітапхананың имиджін қалыптастырудағы жарнамалық тәсілдер» жобасында бейнелеген.

Нағима Кәрімқызы –білікті, эрудициялы маман. Әлеуметтік желілерде кітап оқуды танымал ету жобаларында белсенді жұмыс атқарды. Ирбис, Рабис базасымен жұмыс жасайды. Кітапхана қорын электрондық базаға еңгізу жұмысымен айналысады.
Кітапхана саласындағы кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін облыстық, республикалық алғыс хаттармен және ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен (2021) марапатталған.