Жерлес жазушымыз Жәрдем Тілеков 1911 жылы 23 қараша күні Жымпиты ауданының Аралтөбе ауылында дүниеге келген. Орал педагогикалық институтының үш курсын бiтіріп Жәрдем Тілеков Қызыл Армия қатарына әскери міндетін орындауға аттанды. Біраз жыл Орал облыстық «Екпінді құрылыс» газеті редакциясында мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған. Осы кезде өлең-жырлары газет бетінде жиі жарияланып тұрған. Бұдан кейінгі 1937-41, 1946-57 жылдары Орал, Атырау, Семей облыстары бойынша Қазақстан Жазушылар одағының жауапты хатшысы қызметін атқарды.
Жердем Тілеков Отан соғысына қатысқан жазушы, майданда әскери тілші болған.
1943 жылдан бастап 1973 жылға шейін ол «Жазушы» баспасының проза редакциясын меңгереді, «Жұлдыз» журналы редакторының орынбасары болады.
Ж.Тілеков көптеген поэмалар, повестер, романдар жазған. Солардың ішінде «Атырау толкыны» (1938), поэмасы «Қайнар» (1953) пoвeci «Жоңғар даласында» (1959) романы.
Жәрдем Тілековтың «От кешу» (1969ж.) романы, «Хинган асуынан асқанда» (1971), «Сақа солдат» (1972) повecтepi қазак халқының Ұлы Отан соғысында көрсеткен батырлығы туралы.
Жәрдем Тілеков тек жазушы болып қана қоймай, белгілі аудармашы да болған. Ол А.П.Чеховтың әңгімелерін, В.Веретенникованың, Д. Соколовтың кітаптарын қазақшаға аударған.
Қызыл Жұлдыз орденімен, үш медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Жәрдем Тілеков 1980 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер:

Тілеков Ж. Сырым батыр: поэма. – Алма-Ата: ҚМКӘБ, 1946.
Тілеков Ж. Ақсұр ат: өлеңдер. – Алма-Ата: ҚМКӘБ, 1948.
Тілеков Ж. Жаңа жүк: әңгімелер. – Алма-Ата: ҚМКӘБ,1953.
Тілеков Ж. Қайнар: повесть. – Алматы, 1953. – 227 б.
Тілеков Ж. Жоңғар даласы: роман. – Алма-Ата: ҚМКӘБ, 1959.
Тілеков Ж. Шалғай шепте: повестер мен әңгіме. – Алма-Ата: ҚМКӘБ, 1962.
Тілеков Ж. Қалам мен қару: әңгімелер. – Алма-Ата: Жазушы, 1965. – орыс тілінде
Тілеков Ж. Темір Масин: очерктер. – Алма-Ата: «Қазақстан», 1966.
Тілеков Ж. От кешу: роман және повестер. – Алма-Ата: Жазушы, 1967.
Тілеков Ж. Хинган асуынан асқандар: повесть. – Алма-Ата: «Жазушы», 1971.
Тілеков Ж. Сақа солдат. – Алма-Ата: «Жазушы», 1975.
Тілеков Ж. Екі томдық шығармалары. – Алма-Ата: «Жазушы», 1981.

*****

Тілеков Жәрдем: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2002.- Б. 497 – 498.
Тілеков Жәрдем: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 402.