Тналиева Илан Қуандыққызы 1968 жылы 6 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чинарево ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ , білімі арнаулы орта. 2009 жылы музыкалық колледжді бітірді. Құрманғазы «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша. Жалпы еңбек өтілі 15 жыл.
Илан Қуандыққызы – балалар мен жасөспірім оқырмандарымызға ақын-жазушылардың еңбектерін насихаттап, оларға библиографиялық шолулар, әдеби кештер, әдеби квесттер, туған өлкенің тарихы, мәдениеті туралы танымдық шаралар өткізеді, сонымен қатар кітапханада Таксай Ханшаим «Возрожденная из пепла», «Пробуем перо», «Сезам» қуыршақ театры, «Жас саяхатшы» туған өлкемізді насихаттау бағытында кітапханалық жобалармен жұмыстануда.
Илан Қуандыққызы – 2015 жылдан бастап «Федоровка ауылындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-нің кәсіподақ комитетінің төрағасы жұмысын да атқара отырып, қажетті талаптарды толық орындап, жұмысқа деген қабілеттілігін көрсете білді.

Илан Қуандыққызы – іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз жұмысына ынталы, адамдармен тез тіл табыса біледі. Ол өз ұжымының арасында да сыйлы және оқырмандарының зор ықыласына ие.
Кәсіби шеберлігі, жұмысқа шығармашылық көзқарасы және таңдаған мамандығына адалдығы үшін Илан Қуандыққызы БҚО мәдениет басқармасының, Ұлттық академиялық кітапхана басшысы, профессор У. Мұңалбаеваның, Нұр-Сұлтан қалалық “ANTIKOR ORTALIGI” ақпараттық-ағарту штабының жетекшісі, жазушы С. Түгелдің алғыс хаттарымен, “Үздік кітапхана онлайн жоба-2021” дипломымен және т. б. марапатталды.