Татар ақыны Ғабдолла Тоқай 1886 жылы 26 сәуірде Татарстанда дүниеге келген. Татардың жаңа бағыттағы реалистік әдебиеті мен қазіргі татар әдеби тілінің негізін салушы.
1895 жылы Орал қаласына келіп, Мутыгия медресесінде оқыды. Алғашқы шығармаларын 1902 жылдан жаза бастады. «Фикер» газетінде, «Әл-ғасрул-жадид» («Жаңа ғасыр»), «Уклар» («Оқтар») журналдарында өлеңдері, мақалалары басылды.
Ғабдолла Тоқай азаттық жыршысы болды. 1910 жылдан демократияшыл жастардың «Әл-ислах» газетіне (1905-09) қатысты.
1908 жылы Г.Камалмен бірігіп, Қазандағы тұңғыш сатиралық «Яшен» («Жасын») журналын шығарды.
1910 жылдан «Ялт-йолт» («Жалт-жұлт») журналында қызмет етті. Оның сатирасы патша өкіметіне деген өшпенділікке толы.
Гуманист-ақын Ғабдолла Тоқай әйелдерді қорғап және оларға азаттық, теңдік тілеп, бірнеше өлең жазды. Біраз лирикалық өлеңдері ғазел түрінде жазылған. Ғабдолла Тоқай балаларға арнап өлеңдер, прозалық шығармалар да жазды.
Орал қаласындағы Ғабдолла Тоқай тұрғын үйінің қабырғасына ескерткіш-тақта, мүсін орнатылған.

Әдебиеттер:

Тоқай Ғ. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1952. – 472 б.
Тоқай Ғ. Көңіл жұлдызы: өлеңдер, дастандар, ертегілер. – Алматы, 1986. – 184 б.
Тоқай Ғ. Гүлдер кімге назданады,құмыр бұлбұл болмаса // Таң-шолпан. – 2002. – №5. – Б.80-89.
Тоқай Ғ. Таңдамалы: өлеңдер. – Астана, 2007. – 320 б.
Тоқай Ғ. Туған жеріме // Әлем әдебиеті. – 2009. – №4. – Б.28-32.

*****

Ғабдолла Тоқай: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2010. – Б.219 – 220.